Енді елімізде екпе «міндетті» және «ерікті» деп екі түрге бөлінетін болады. Мәжіліс депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасына енгізілген осындай түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Жобаға жауапты болған депутат Зәуреш Аманжолова вакцина төңірегіндегі норма түзетулері қызу талқыға түскенін айтты. Жалпы құжатқа 700-ден астам өзгеріс енгізіліпті.
Подробнее...Новости
Құмар ойынға әуес адамдар өз өзіне арыз жаза алады
Казино, букмекерлік кеңселерден шықпайтын қазақстандықтарды бұл жаман әдетінен туыстары құтқара алады. Мәжіліс депутаттары бүгін ойын бизнесі туралы заң жобасымен де танысты. Құжатты төменгі палатадағыларға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.
Подробнее...6 жыл бұрын жоғалған адам сүйектері қапқа салынған күйі табылды
Қостанай облысында ішінде адам сүйегі бар қап табылды. Мәйіт қалдықтарын Белоглинка ауылының тұрғыны жуырда сатып алған үйінен анықтап, полицияға шұғыл хабарласқан. Алдын ала болжам бойынша, табылған дене қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі. Ол осыдан алты жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Подробнее...Ажырасқан күйеуі бұрынғы әйелін алып қашып, ұрып-соққан
Нұр-Сұлтанда азаматтық некедегі күйеуі әйелін 2 жылдан астам уақыт бойы ұрып-соғып, одан қалды балаларын тартып алатынын айтып, қорқытып келген. Полицияға шағымданудан еш нәтиже шықпайтынын айтқан еркек, нәзік жанға білгенін істепті. Күйеуінен теперіш көрген келіншек сәуір айында анасының үйіне көшіп кеткен. Бұған ашуланған ер адам 6 мамыр күні 27 жастағы жарын машинасына салып, ұрлап әкеткен. Жол бойы оған тағы да жұдырық …
Подробнее...«5-10-20»: Қандай артықшылығы бар?
Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынатын «5-10-20» бағдарламасының мазмұны бұған дейін қолданыста болған, «7-20-25»-ке ұқсайды. Мұнда бір айта кетерлігі, бірінші жарна 10%-ке дейін төмендетілген. Ол үшін бюджеттен 390 млрд теңге бөлінеді. Жыл соңына дейін 150 мың пәтер салынады. Инфляция деңгейінен де төмен процентпен берілетін ипотека баспанаға қол жеткізе алмай жүрген халықтың сұранысын қанағаттандыра ала ма? Кімдер үйден үмітті?
Подробнее...Қоқыстың иісінен тұншықтық!
Біздің аурудың түрі коронавирустан да жаман! Теріскейдегі екі бірдей ауыл тұрғындары мәселелеріне назар аударуды сұрап, дабыл қағып отыр. Өйткені, 5 жылдан бері қалдықтардың иісіне тұншығып, кең тыныстай алмай әуреге түскен. Ауыл жұртының жанайқайына әкімдіктегілер не дейді?
Подробнее...Елімізде вирус жұқтырғандар саны артуда
Вирус жұқтырғандар саны әлі де артуда. Бүгін бұл көрсеткіш 5 400 адамнан асып түсті. Әсіресе еліміздің батысында науқастанғандар күрт көбейді. Ондағы мамандар сырқаттанғандармен байланыста болған азаматтарды анықтау үстінде. Отандық дәрігерлер болса, тәжірибе алмасу үшін көрші Қытайға сапар шегуді жоспаллап отыр екен.
Подробнее...Әуе компаниясы ұшпаған ұшақ билетінің ақысын қайтармай отыр
Шымкентте бір топ жолаушы әуе компаниясымен дауласып жүр. Алыс жолға шығуға алдын ала билет сатып алған жұрт төтенше жағдай кезінде ұшаққа отырмаса да, тиісті қаражаттарын қайтарып ала алмай, әлекке түсіп жатыр екен. Амалы таусылған жұрт біздің арнадан көмек сұрауға мәжбүр. Сонда не істемек керек? Жол жүру билетіне жұмсалған жолаушылардың ақшасын кім және қалай өтейді?
Подробнее...Негізсіз айыппұл: жүргізушілер камераларға сенбейді
Талдықорғанда жол ережесін бақылайтын камераларға қатысты дау шықты. Айналасы бір айдың ішінде бірнеше айыппұл арқалаған жүргізушілер өздеріне келген ұйғарымдармен келіспей отыр. Олардың айтуынша, жылдамдықты өлшегіш құрылғыларда ақау болуы мүмкін. Өйткені, кейбір көшелерде сағатына 90-100 шақырым жылдамдықпен жүру тұрмақ, рұқсат етілген 60-пен өтудің өзі қиындау, — дейді. Ал, полицейлер камералардың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын алға тартуда.
Подробнее...10 жыл күттірген үй: үлескер жүрек талмасынан қайтыс болды
«10 жыл күтіп, ақырында жүрек талмасынан көз жұмды». Елордадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінен пәтер алмақ болған үлескерлер елден көмек сұрап, жанайқайын жеткізді. Олардың айтуынша, өткен он жылдықтың басында ақшасын төлеп қойса да, жеке шаршы метрдің рахатын әлі де көрмеген. Мұндай тағдыр тәлкегіне шыдамғандар дүниеден де өтіп жатқан көрінеді.
Подробнее...






