18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Балалар желім, улы газ иіскеуге әуес

Ата-аналардың назарына! Байқаңыздар, балалар қазір есірткі- ішімдікке емес, психотропты заттарға әуес болып кеткен. Таксикологтар сұмдық жайттардың бетін ашып отыр. Соңғы жылдары елімізде жанармай, желім мен түрлі улы иістерге тәуелді жастардың қатары күрт артқан екен. Кішісі небәрі 10 жаста ғана. Жүйке-жүйесінің бұзылуы, ішкі-ағзалардың құртылуы, соңы өлімге алып келетін таксикоманияның құрбандары да көбейіп барады.

Подробнее...

Елордалықтар: байланыс телефондары көтермейді

1414, 109 бірыңғай байланыс телефондары көтермейді. Жергілікті басшылар мәселемізді тыңдамайды. Елордалықтар осылай деп біздің арнаға мұңын шақты. Қалаға кіре алмай жүрген ел-жұрттың жанайқайын Артур Мағзомов тыңдап қайтты.

Подробнее...

22 жастағы ару әкімнің кеңесшісі атанды

Ақмола облысының әкімі жемқорлықпен күресудің амал тәсілін енді 22 жастағы штаттан тыс кеңесшісінен сұрайтын болады. Ермек Маржықпаевқа парақорларды құрықтап, аяқтарын бір етікке тығуға Самира Тайтенова көмектеседі.

Подробнее...

Азық-түлік бағасы шарықтады

Азық-түлік бағасы шарықтап барады. Әсіресе, жеміс-жидек пен көкөніс айтарлықтай қымбаттаған. Елімізде тауар бағасы соңғы үш жылда бұлай көтерілмеген екен. Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев сандарды сөйлетті.

Подробнее...

Карантинге жабылған ауыл тұрғындары аш отыр!

Қоршауда қалған ауыл тұрғындары аш отыр! Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Қодаманов ауылының халқы елде төтенше жағдай аяқталса да неге қамалып отырғандарын түсінбейді. Жұмыс тоқтаған, табыс жоқ, яғни, азық жоқ, ал үйде алты-жеті аш бала. Осындай отбасылар да бар. Қазақ десең өзіңе тиеді, бірақ ауылдың оқшауланғанын қалтасын қалыңдатуға пайдаланған дүкен иелері азық-түлік бағасын аспандатып қойып, бедірейіп отыр. «Өлмесең өмірем қап» …

Подробнее...

Көбірек тапсаң, салықты көбірек төлейсің: жұртшылық қалай қарайды?

Прогрессивті табыс салығын енгізу керектігін Президент меңзеген соң ел ішінде қызу пікірталас қазірден-ақ өрби бастады. Оны қос қолдап қолдағандармен бірге әзірге уақыты келген жоқ деп жүргендер де бар. Әркім шама-шарқы жеткенше, алып жүрген ақысы мен төлеуі мүмкін салығын есептеумен бас қатырып жатқаны байқалады. Тәжірибелі экономистер мен жалақы төлеп отырған кәсіпкерлердің пікірін Олжас Сайлаубекұлы тыңдап топтастырды. Зер салыңыз.

Подробнее...

Мақтаарал: алаяқтар қайырымдылыққа деп елден ақша жинауда

Қайырымдылық көрсетемін деп алаяқтарға алданып қалмаңыз! Мақтааралдағы қиын-қыстау кезеңді кейбір пысықайлар қарақан басының қамы үшін пайдаланып жатқанға ұқсайды. Апатты аймақта ерен еңбек көрсетіп жүрген ерікті азаматтар осылай дейді. Олардың айтуынша, Мақтааралға тіптен, табаны тимеген адамдар да қаржы жинап жатыр екен. Ал, су алған 5 бірдей елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны алдағы 2 ай уақытын эвакуациялық пункттерде өткізетін болды.

Подробнее...

42 500 теңгеге енді өтінім қабылданбайды

Бүгіннен бастап 42500 теңгеге өтінімдер қабылданбайды. Ал 11 мамырға дейін өтініш беріп үлгергендердің құжаттары қаралып, талаптарға сай болса, тиісті ақшасын алады. Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов осылай дейді. Сонымен, халықтың күндіз күлкісін, түнде ұйқысын қашырған 42500 теңгенің дастаны аяқталуға жақын. Айналдырған екі айда талабы 4 мәрте өзгерген жәрдемақының жыры тілшіміздің бейнематериалында.

Подробнее...

Мейірбикелерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Науқастың тән жарасын хирург емдесе, жан жарасын мейірімді жүзімен мейірбике емдейді. Ауруханадағы ауыр жұмыстың басым бөлігін атқаратын ақ халатты ақ жеңгелердің мейрамы екен бүгін. Бірақ биылғы мейрам бұрынғыдан өзгерек. Өйткені босаңсуға бұ жолы болмайды. Дерт дендеп бара жатқанда, той да жоқ, тойлау тіпті ойда жоқ! Дәрігерлер секілді жақсы жалақысы болмаса да, көңілі толмаса да кәсіпке деген адалдық ақ жолынан тайдырған …

Подробнее...

Жұмыс бар, адам жоқ!

Жұмыс бар, жұмыс істейтін адам жоқ! Кәсіпкері бар, шендісі бар жабылып жүріп «екі қолға бір күрек» іздегендерді шақырсақ та, ешкім келмей жатыр деп дабыл қағуда. Карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып, бала-шағаны асырай алмаған жұрт неге ол жұмысқа баруға асықпайды? Әлде, жалақысын жарытып бермей ме?

Подробнее...
X