10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Вирус шарықтау шегінен өтті

Алатау баурайындағы миллиондар тұратын мегаполисте дендеген дерттің шарықтау шегі өтті, дейді мамандар. Алайда, кестеге көз жүгіртсек, Алматы әлі де көштің басын берер емес.

Подробнее...

Дубайда Қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды

Дубайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды. Жергілікті полиция отандасымыздың өз-өзіне қол жұмсағанын айтуда. Алайда марқұмның туыстары мұнымен келіспейді. Умида Сабырова мектепті үздік тамамдаған. Оның үстіне жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан екен. Ағылшын тілін үйреніп, өткен жылдың тамыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуге кеткен. Әпкесі Манзура Сабырованың сөзінше, Умида ол жақта оқуына ақша жинап, жақындарына да …

Подробнее...

Төсекке жатудан бас тартқаны үшін соққыға жыққан

Қостанайда келіншекке интимді ұсыныс жасап, оған қол жүгіртпек болған ер адамның ісі қоғамды дүр сілкінтті. Өз дегеніне қол жеткізбеген жігіт нәзік жанды ұрып, басына зақым келтірген. Оқыс жайт 10 мамырда болыпты. Жеңіс күнін тойламақ болған бір топ еркек коттедж жалдап, қонаққа таныс қыздарын шақырған. Түнгі 3-те көңілді отырысқа қосылған үш бұрымдының бірін төсекке тартпақ болған жігіт келіншек дегеніне көнбеген соң, …

Подробнее...

Мақтааралда үйлердің құрылысы басталып кетті

Тосыннан келген апатқа Мақтааралдағы 5 бірдей елдімекеннің төтеп бере алмағандығы белгілі. Бүгінде баспанасыз қалғандар үшін салынатын 500-ден астам үйдің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Десек те ауылын тасқын су басқан тұрғындардың кейбірінің үйлерінің құжаттары түгел болмай шыққан. Тіптен, тағы бірнешеуінде мүлдем жоқ екен. Олардың жағдайы қалай болмақ?

Подробнее...

Блок-бекеттер әлі алынбайды

Төтенше жағдай аяқталғанымен карантин жалғасады. Алайда Алматы облысының түрғындары таңертең қалаға жаппай енбек болған. Бірақ карантин әлі алынбағандықтан көпшілігінің кері қайтуына тура келген. Тақырыпты бекеттерді аралап қайтқан тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин сақталады

Төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ бұл да босаңсуға болады дегенді білдірмейді. Жер-жердегі карантин тәртібі әлі сақталады. Бірқатар нысандар есігін ашты. Режим өзгерген соң біршама талап та алынады деген сөз. Ірі қалалар айналасындағы блокпост не болады? Дәрігерлерге берілген үстемеақы осымен тоқтай ма? Сұрақ көп.

Подробнее...

Ұшаққа міну үшін тест тапсырудың қажеті жоқ

Енді ұшаққа отыру үшін вирусты анықтайтын тест тапсырудың қажеті жоқ. Жауаптылар көп ойланып осындай шешімге келді. Көліктегі санитарлық дәрігердің сөзінше 1 мамырдан бастап ұшақтардың қызметін еліміз бойынша 5 мың 200 адам пайдаланыпты. Тест тапсырған жолаушылардан коронавирустың белгілері анықталмаған. Ал, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы алдағы уақытта 7 қаланың әуе кеңістігі ашылатынын мәлімдеді. Бұл қай қалалар? Ұшаққа отыру үшін қандай …

Подробнее...

Жедел жәрдемдегілер: ақшамыз қайда?

«Біздің ақшамыз қайда?». Павлодарда вируспен күрестің алғы шебінде жүргендер бас көтерді. Жедел жәрдем қызметкерлері үш айдан бері заңды үстемақысын ала алмай келеді екен. Қалтқысыз қызметтің қайтырымы ретінде оларға 425 мыңның орнына небәрі 60 мың теңге түсіпті. Сонда қалған ақша қайда?

Подробнее...

Балабақшалар қашан ашылады?

Бүгіннен бастап бірқатар жұмыс орындары ашылып, азаматтар еңбек етуге кірісті. Десе де, отбасылы тұрғындар үшін бұл тағы бір мәселенің бетін ашып берді. Кешелі бері осы топтың өкілдері балаларын қайда қалдырарын білмей абдырап қалған екен. Елеңдемей еңбек ету үшін қам жасалса жарасады. Ал, балабақшалар балдырғандарды қабылдауға дайын ба? Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің хал-ахуалы қандай?

Подробнее...

Леңгір қаласын су шайып кете жаздады

Түркістан облысында тағы бір шаһар су астында қала жаздады. Толассыз жауған жауын Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласын шайып кетуге сәл-ақ қалды. Табиғаттың тосын құбылысы түс қайта басталған. Тау басынан құлай аққан ағын суға нөсер жауын қосылып, Леңгір өзені арнасынан тасыды. Салдарынан Көкжиек, Өркен және Сәкен Сейфуллин көшелеріндегі 31 үйдің ауласы мен қора-жайларды су басты. Осындағы газ құбыры зақымдалып, 83 …

Подробнее...
X