Мемлекет дағдарысқа қарсы бөлген 6 триллион теңге қайда жұмсалды? Әлеуметтік желіде осының есебін талап етушілер көбейді.Осыған орай, Қаржы министрлігі қомақты қаржының қандай мақсаттарға бағытталатынын жариялады. 6 трлиллионның 3,4 триллионы қазынадан, 2,5 триллионы бюджеттен тыс көздерден алынады. Шамамен 14 млрд доллар болатын бұл қаражат халықты жұмыспен қамтуға, табысынан айрылғандарға арналған ай сайынғы көмекке, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын-үй құрылысына, салық табысының шығындарын өтеуге …
Подробнее...Новости
42 500 теңге қайда?
Жәрдемақы жыры! 42 500 теңгені күтіп әуреге түскен жұрт тағы да даурықты. Бұл жолы тегін ақшаны екінші мәрте алудың шарттары сәл өзгерді. Мұны естіген кейбір қазақстандықтар әлеуметтік желілерде наразылықтарын білдіруде. Олар осы мақсатқа деп бөлінген миллиардтаған сома қайда деп сұрап жатыр.
Подробнее...Саунада демалған шенділерге қатысты жаңа дерек
Саунада сайран құрған судья мен прокурордың ісіне қатысты жаңа дерек. Жоғарғы соттың шешімімен оқиғаның жай-жапсары анықталғанша Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхаммед Сейітовтың өкілеттігілігі тоқтатылды. Кешелі-бері жұрттың қызу талқысына түскен видеоны түсірген адам да байланысқа шығып, не болып, не қойғанын түсіндіруге тырысты. Оның сөзінше бейнежазба карантинге дейін түсірілген екен. Оқиғаның жай-жапсарын, әріптесім тарқатып айтып берсін.
Подробнее...9 қабатты үйдің лифтісін салуды ұмытып кеткен
Көпқабатты үйге лифт салуды ұмытып кеткен құрылыс компаниясы күлкіге қалды. Құрылысшылар жеделсатыдан бөлек, өрт кезінде түсетін сатыны да естен шығарған. Олқылықты енді байқаған олар лифтті нысанның сыртына орналастырып жатыр. Ал тұрғындар мұның қыста қауіпті екенін айтып, даурығуда. Пайдалануға берілмеген үйге қоныстануға қорқатындар да бар. Өрескел қателікке кім жауапты?
Подробнее...Тасқын судан зардап шеккендерге 1000-нан астам үй салынады
100 мың теңге. Мақтаарал ауданында табиғи апаттан зардап шеккендердің бас-басына осынша көлемде өтемақы беріледі. Су тасқыны шығындарын есептеп жатқан мемлекеттік комиссия осындай шешім шығарған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке су шайып кеткен үйлердің мәселесін шешуді тапсырды. Ол қалай жүзеге аспақ?
Подробнее...Мақтааралға Өзбекстаннан көмек жетті
Мақтааралға Өзбекстаннан көмек жетті. Бауырлас елдің төтеншеліктері суды сорғылау, каналдарды тазалау, бөгеттер көтеру жұмыстарына атсалыспақ. Сонымен қатар, қажет болса құрылыс жұмыстарына да қатысып, материалдарды да шекараның арғы бетінен алдырмақ. Ал, полиция қызметкерлері толықтай судың құрсауында қаңырап қалған үйлерді тәулік бойы табанынан тік тұрып күзетіп жатыр. Өңірдегі қазіргі ахуал жайында әріптесіміз Қасым Хабибуллаұлы баяндайды.
Подробнее...«Қара тізімдегілер» несие тарихын түзете алады
Қазақстандықтар несие тарихын түзете алады. Халық арасында «Қара тізім» аталып кеткен кестеден аты-жөнің өшуі үшін бірнеше шарттарды орындасаң жеткілікті екен. Ұлттық банк пен қаржы нарығын зерттеушілер мұндай қадамға баруына не түрткі?
Подробнее...Жапон массажын үйретем деп, 600 мың теңге алған шебер алдап кетті
Алматыда жапон массажын үйретемін деп әр адамнан 600 мың теңгеге дейін қаражат алған азаматшаны шәкірттері ұстай алмай жүр. Дәрісті тоқтатқаны былай тұрсын, жекіп сөйлеп, жалған сертификат ұстатты дейді. Он жылға жуық күншығыс елінен алған тәжірибием бар деген шебер екі жыл бұрын сабақ беруді бастаған екен. Кәсіп ашып, кәделі дүниемен айналысамыз деп бармақ тістеген арулардың әңгімесін әрі қарай Бауыржан Жақсымбет айтып …
Подробнее...Шымкентте 100-ден астам адамды кене шақты
Күн жылынғалы бері Шымкентте кене пайда бола бастады. Әзірдің өзінде, 100-ден астам адам өздерін улы жәндіктің шағып алғанын айтып, дәрігерлерге жүгінген. Осы күні олардың барлығы медициналық бақылауда жүр. Ал, мамандар қала аумағынан арнайы сараптама үшін теріп алынған кенелердің кейбірінен тіпті, конго-қырым қанды безгегін анықтапты. Сондықтан, өңірде қансорғыштармен күрес жұмыстары басталып кетті.
Подробнее...Мәжіліс депутаты Мақтааралдағы жағдайды жан-жақты пысықтауды сұрады
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен үйлердің өтемақысын есептегенде, тек оның қандай материалдан салынғанын емес, көлемін, тұрғындар санын да қаперге алуды ұсынамыз. Мәжілісмен Құдайберген Ержан Премьер-министрге осындай сауал жолдады. Төменгі палата депутаты мақтааралдықтарды қолдау кезінде Асқар Маминнен жағдайды жан-жақты пысықтауды сұрады. Халық қалаулысы 800-ден астам баспана су астына кеткен ауданда өз мүліктерін рәсімдеп үлгермегендері де бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, …
Подробнее...






