Елдегі сауда орындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 15 пайыздан артық үстеме қоспауы тиіс. Ал, егер де бұған құлақ аспаса, жауапкершілікке тартылады. Мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжатты жан-жақты пысықтаған депутат Меруерт Қазбекова бұл бастама елімізде аса қажетті тауарлардың бағасын бірқалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Подробнее...Новости
Өзбекстан президенті кешірім сұрады
https://youtu.be/z2Ubx6RuOME Қазақ бауырлардан ұят болды! Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты біздің елімізден кешірім сұрады. Ол сондай-ақ бөгеттің бұзылуынан жапа шеккен отбасыларға көмек берілетінін жеткізді. Бір дариядан су ішіп, алыс-берісі азаймаған қос елдегі оқыс жайттың қалай басталғаны да белгілі болды.
Подробнее...Карантинде күйеуі соққыға жығып, бас сауғалаған әйелдер көп
Бізді айырған карантин! Төрт қабырғаға қамалған ері мен әйелдің басы бір қазанға сыймай, ажырасу көбейген. Мұны ranking.kz мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі де көрсетті. Ажырасудың антирейтингін Алматы, Алматы облысы және Қарағанды облыстары бастап тұр. Сорақысы, әйелінің дәрменсіздігін пайдаланып қол жұмсайтындар да көбейген. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде күйеуімнен зәбір көрдім деп сенім телефондарына хабарласып, көмек сұрайтындар екі есеге артқан.
Подробнее...Түркістан облысында екі ауыл басқа орынға көшірілуі мүмкін
Түркістан облысындағы екі бірдей ауыл басқа орынға көшірілуі мүмкін. Төтенше жағдайға байланысты штаб қазір осы мәселені қарастырып жатыр екен. Әрине, оған тұрғындардың келісімі керек. Сонымен қатар, осыған дейін құжаттарын түгендемегендер де ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып қағаздарын толықтырып алмақшы.
Подробнее...Саунада демалған шенділер: Колхозда тұрсақ та, демалуды білеміз!
«Колхозда тұрсақ та, қыдыруды білеміз!». Кешелі-бері әлеуметтік желіні Алматы облысының Сарыөзек кентіндегі саунада түсірілген видео дүр сілкіндірді. Оны түсірген азамат өздеріне Панфилов ауданының прокуроры қонаққа келгенін айтады. Бұдан бөлек, араларында аудандық соттың төрағасы барын айтады. Бұған қатысты құзырлы органдар қызметтік тексеріс бастап, мән-жайды анықтауға кіріскендерін хабарлады. Ал ашынған жұрт карантинді бұзып, заңға бағынбаған шенділер қызметтерінен шеттетілсін деп талап етуде.
Подробнее...Парламентте де оппозиция болмақ
Парламентте де оппозиция болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен депутаттар конституциялық заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Оған сәйкес, заң шығарушы органға оппозицияға орын беруден бөлек, оларға бірқатар кепілдіктер қарастырылған. Соңғы өзгерістерге байланысты елде саяси белсенділік артыпты. Бірақ 7 бірдей партияға тіркеуге рұқсат берілмепті.
Подробнее...Елорда: Карантин кезінде құдық қақпақтары жаппай ұрланған
Елордада кәріз құдығының қақпағын ұрлайтындар қатары артты. Әр көктемде белең алатын бұл көлеңкелі бизнес әзірге тыйылмай тұр. Бір ғана көшенің бойында оннан астам люк ашық жатыр. Ал, сол жермен өтетін жаяу жүргіншілер көшеде жарық жоқ болғандықтан, тереңдігі 4-5 метр болатын құдыққа түсіп кетеміз бе деп алаңдайды. Одан бөлек, қала сыртындағы құдықтар әккі ұрылардың бірінші ұрлау нысанына айналады екен.
Подробнее...Балаларымызды ойнауға шығарсақ, көлік қаға ма деп қорқамыз
Алматының іргесіндегі «Думан» шағын ауданының тұрғындары көшеге балаларын шығарудан қорқып отыр. Өйткені, қоршауға тым жақын төселген жолдан күндіз-түні ары-бері зулаған көліктер бала түгілі ересектердің өміріне де қауіп төндіреді екен. Ойнап жүрген бірнеше баланы машина қағып кетіп, мертіктірген. Бұл думандықтарды алаңдатып отырған бірт ғана мәселе емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауыз су мен кәріз құбыры тартылған кезде астаң-кесатеңі шыққан жол әлі …
Подробнее...Президент: Банк салымшыларына қауіп жоқ
«Қазақстанда қаржы жүйесі тұрақты, банк салымшыларына ешқандай қауіп жоқ». «Егемен Қазақстан» газетіне берген сқхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президенттің сөзінше, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау бойынша қосымша шараларды қарастыруда. «Банк жүйесі қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкілдері де, қарапайым салымшылар да мүдделі» деген …
Подробнее...Әскери ұшақ апатты жағдайда қонды
Алматы облысындағы Жетіген аэродромына авариялық жағдайда қонған С-295 әскери ұшағына қатысты жауаптылар түсінік берді. Белгілі болғандай, Елордадан Ақтөбеге бағыт алған әуе кемесінің жоспарлы ұшу кезінде алдыңғы қондыру шассиі істен шыққан. Ұшақ бортында болған лайнердің командирі, ұшу тәжірибесі 1700 сағаттан асатын Жеңіс Зайнолдинов, командирдің көмекшісі, капитан Абылай Ыбыраев пен ұшақтың борт-инженері Кәрім Пахритдинов ақауды жою үшін қажетті барлық шараларды қабылдаған. Төтенше …
Подробнее...






