2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Қазақстан Өзбекстанға нота жолдамайды

Қазақстан Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан болған алапат тасқынға қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамайды. Бұл туралы еліміз Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір екі ел тасқынның салдарын бірлесіп жоюға уағдаласқан. Сондықтан, нота жолдау мәселесі күн тәртібінде жоқ екен.

Подробнее...

Мақтааралдықтарға өтемақы төленеді

Иә, оңтүстіктегі ағайынға арқаны кеңге салуға болмайды. Мақтаарал ауданындағы жеті елді мекенді әлі де су басу қаупі бар екен. Аймақ әкімі Үкімет отырысында осылай деді. Өмірзақ Шөкеев алапат тасқыннан зардап шеккен халыққа бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленетінін мәлімдеді. Әріптесім Нұржан Сәдірбай біздің тарап пен Өзбекстанның мақтааралдықтарға қандай көмек беретінін тыңдап көрді.

Подробнее...

Елордада шаштараз қызметі қымбаттады

Шаштараздардың жұмысқа шыққаны сол-ақ еді, қызмет құны аспандап шыға келді. Астанада шашты қысқарту бақандай 5000 теңге. Қоғамдық көліктер тоқтап тұрғандықтан, салонға барып-келу де қалтаны біршама қағары анық. Ал өткен жылмен салыстырғанда шаштараздардың қызмет құны 5,2 пайызға көтерілген.

Подробнее...

Алматыда құрт қаптады

Алматы тұрғындары тал-теректен төгілген құрт-құмырсқадан шошынып жатыр. Жыбырлаған жәндіктер өткен-кеткен адамның үстіне түсіп, мазасын алады екен. Зиянкестерді көрген жұрт камераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желілерге жүктеген. Ал жауапты мекемелер болса, ағаштарды улау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деп ақталуда.

Подробнее...

Дағдарыс кезіндегі жұмыспен қамтудың жайы қалай болмақ?

Коронавирустың кесірінен болған дағдарыс талай адамды жұмыссыз қалдыратын түрі бар. Ал жұмыссыздық салдары қашан да өзекті проблемаларға алып келеді. Бұған жол бермес үшін Үкімет қазірден қамданып жатыр. «Жол картасы» аясында биылдың өзінде 1 млн 200 мың адамға жалақы алатын іс тауып бермек. Ал, сарапшылар болса маусымдық жұмыстармен ғана шектеліп қалмай, дағдарысқа қарсы бағдарламаларға бөлінген қаражаттың діттеген жеріне жетуін қадағалау маңызды …

Подробнее...

Мақтааралдағы қауіп сейілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың қаупі сейілгендей. Десек те, бұл арқаны кеңге салып, айтып келмейтін апаттың алдын алдық деген сөз емес. Өйткені, әлі де болсын топан су екі ауылдың іргесінде жатыр. Ал, толықтай судың астында қалған елді мекен тұрғындары үшін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мобильді топ құрып, құжатсыз қалған азаматттардың қағаздарын қалпына келтірмек.

Подробнее...

Су астында қалған ауыл тұрғындарының халі қалай?

Қазақстандықтарды өткен аптадан бері алаңдатқан Түркістан облысындағы су тасқынынан келер қауіп әлі сейілер емес. Мамандар Жетісай ауданына да қызыл су кіруі мүмкін дейді. Ал үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындардың төзімі таусыла бастаған сыңайлы. Олар әкім-қараларды көрмедік, бізге көмек жетіспей жатыр деп дабыл қағуда. Баспанасын тастап шыққан жандардың жағдайы қалай?

Подробнее...

Шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды

Ал осы Мақтааралдағы бүлінген үйлер мен қырылған төрт түлікті есептеу үшін Премьер-министрдің бұйрығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Ол өз кезегінде су басудың алдын алу үшін қажетті жұмыстарды жүргізетін болады. Комиссия төрағасы болып премьердің орынбасары Роман Скляр тағайындалды. Ал, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жағдайды бағамдап, келіссөз жүргізу үшін Өзбекстанға шұғыл аттанып кетті. Қиын жағдайға тап болған ауданға еліміздің түкпір-түкпірінен тонна-тонна …

Подробнее...

Ақтөбе: Карантиндегі кезек

Карантин кезіндегі кезек. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын жандандыруға дайын болмай шықты. Таңертеңнен көлігінің құжаттарын рәсімдеуге келген Ақтөбенің тұрғындары осылай деп байбалам салды. Қауіпсіздік талаптары тұрмақ, қарапайым кезекті сақтамай, иін тіріскен жұрт қақпа алдына топырлады. Шарасыздықтан мекемедегілер полицейлерді шақыртуға мәжбүр болған.

Подробнее...

Талдықорғанда 500 адамдық жұмыс орны ашылды

Елдегі төтенше жағдай кезінде нәпақасынан айырылған талдықорғандықтар үшін жағымды жаңалық. Облыста 500 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге қауқарлы жаңа агрокешен ашылды. Өңірдегі ең үлкен кәсіпорын майлы дақылдарды өңдеумен айналысады екен. Зауыттың ашылу салтанатына біздің түсірілім тобы да барып қайтты.

Подробнее...
X