14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

АУРУХАНАДАН ТАБЫТПЕН ШЫҚҚАН

Түркістан облысында жас босанған ана көз жұмды. Жүкті кезінде денсаулығына еш шағымданбаған келіншектің бұлай бақилық болғанына туыстары әлі сене алар емес. Бар кінәні дәрігерлерден іздеген жақындары шындықтың түбіне жетеміз деп шырылдап отыр.

Подробнее...

ҚАРЫЗ АЛДЫҢ – ҚАЙҒЫ АЛДЫҢ

Қарыздың кесірінен туыстар қырық пышақ болып, жан достар жаға жыртысып жүр. Борыштың батпағына батқандар тіпті туған бауырларымен де араласпай кеткен. Бүгінде кім кімге қарыз емес? Сіз біреуге, ол банкке кіріптар. Сары уайымға салатын сергелдеңнің соңы соттасумен тынып жатады, — дейді фемида өкілдері.

Подробнее...

ТҮРТ, ШАЙТАНЫМ, ТҮРТ

Қазақстанда 20 млн адам және тағы сонша шайтан бар. Яғни, әрбірімізде ішімізде бір-бір ібілістен отыр. Мұны дін өкілдері айтып, жаға ұстатты. Аты жамандар адамды азғырып, түрлі зұлымдық пен пасық әрекеттерге апарады екен. Ал оған жындар келіп қосылса адам өз-өзіне қол жұмсауы әбден мүмкін. Сонда адамды шайтан түртіп, жын кіргенін қалай білеміз?

Подробнее...

ГАЗ ШЫҒЫП КЕТСЕ ҚАЙТЕМІЗ?

Көп жұрттың көгілдір отынға қолы жетпей жүрсе, Түркістан облысының тұрғындары газдың берілуіне қарсы шықты. Себебі, газ құбырларының сапасы нашар дейді. Сондықтан, шала-пұла жұмысты қабылдап алып, көгілдір отынды қоса салу тұрғындар үшін қауіпті деп отыр. Оның Тіпті, судың құбырының үстіне газдың трубаларын тастай салаған дейді жиналғандар.

Подробнее...

ШАҒЫМНАН ШАРШАҒАН АУЫЛ

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Алматы облысында бүтін бір ауыл тұрғындары бір адамның кесірі мыңға тиып отырғаннан айтады. Арызқой ата-ананың кесірінен мектептен, де ауылдан да сән кетіпті. Бізді жайымызға қалдырсын деп біздің арнадан көмек сұрады. Қит етсе өкілетті органдарға жүгінетіндіктен ол кісіне мектеп басшылығы да, әкімдік қызметкерлері де қарсы келе алмайды екен.

Подробнее...
X