3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Павлодарда жеті қыз қатарластарын соққыға жықты

Киім үшін көкала қойдай сабап тастады. Павлодарлық бойжеткендердің төбелесі жазылған видео әлеуметтік желілерге тарап кетті. Кадрдан жеті қыздың қатарласына тиісіп, соққыға жыққанын көруге болады. 20 жастағы бұрымдылар кейін полиция қолына түссе де, мұнысымен қоймай, бөлімше ішінде ішімдік ішкен. Енді олар өздеріне жала жабылғанын айтып, суицид жасайтындарын алға тартуда. Ал басты күдіктінің қашып кеткені рас па? Күдіктілердің ата-анасы не айтты?

Подробнее...

Сенат төрағасы сайланды

Кім Сенат спикері болады? Өткен сенбіден бері Қазақстанның саяси өмірінің басты тақырыбына арналған болжамдарға нүкте қойылды. Бүгінге дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны алдымен сенатор етіп тағайындап, содан кейін спикерлікке ұсынды. Жоғары палата депутаттары жасырын дауыс беру арқылы кандидатураны қолдады. Сонымен, үш қыздың әкесі, 49 жасында …

Подробнее...

Киім-кешек дүкендері мен шаштараздар іске қосылды

Шаш қысқартып, киім алатын күн! Бүгіннен бастап мегаполистер мен аймақтарда халыққа қажетті бірқатар нысанның жұмысы жанданды. Олардың арасында шаштараз, халыққа қызмет көрсету орталықтары, гүл сататын дүңгіршектер мен шағын киім-кешек дүкендері де бар. Алайда карантин тәртібі жеңілдеді екен деп, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сондықтан мамандар қандай жағдай болмасын, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақыруда.

Подробнее...

Ерлі-зайыпты қарт кісілерді аяқ-қолын кесіп, қинап өлтірген

Көкшетауда 82 және 77 жастағы ерлі-зайыпты қарт кісілерді асқан қатігездікпен өлтіріп кетті. Пәтерде қансырап жатқан марқұмдардың мәйітін туған қызы тауып алған. Ұлдарының айтуынша, түн ортасында балконнан үйге кірген қаскүнем қарт әке-шешесін әбден қинаған көрінеді. 10 бала өсірген жандар жаңа үйде үш жыл бойы екеуі ғана тұрған екен. Балалары қанша өтінгенімен қолдарына барудан бас тартыпты. Сұмдық оқиғадан бес күн бұрын белгісіз …

Подробнее...

Авиация әкімшілігі ПЦР тест тапсырудан бас тартуды ұсынды

Ұшаққа отыру үшін коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ. Еліміздің авиациялық әкімшілігі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің COVID-19 инфекциясына байланысты ПЦР тексеруден өткендігі туралы құжаты болуы керек деген талапты қайта қарастыруды ұсынды. Оның орнына әуежайға кіреберісте арнайы бекет орнатып, сол жерде-ақ дене қызуын өлшейтін және экспресс-тестілеу құрылғыларын орнатуға болады дейді. Сондай-ақ, жолаушылардың жаппай анкета толтыруы да нақты мағлұмат бермейтін бос әурешілік дегенді …

Подробнее...

Биліктегі ауыс-түйістер

Сондай-ақ, бүгін билік дәлізінде бірді-екілі ауыс-түйістер болды. Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалып, ізінше Сенат спикері болып сайланған Мәулен Әшімбаевтың орнына жайғасты. Дәурен Әскербекұлы 2016-2019 жылдар аралығында Ақпарат және коммуникациялар, ал былтырдан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды. Оған дейін Президенттің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы, Президент …

Подробнее...

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа кіріседі?

Елімізде 4 мамырдан бастап шаштараз бен тіс дәрігерлеріне қызметін жалғастыруға және жұртқа таза ауада жаттығу жасауға рұқсат. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады. Дүйсенбіден бастап аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараздар, стоматологиялық клиникалар мен медицина орталықтары қабылдауға алдын-ала жазылғандарға қызмет …

Подробнее...

Төлеген ЕСП-сын кімдер қайтара алады?

42 500 теңгеге қол жеткізе алмаған жұрт енді өздері төлеген Бірыңғай жиынтық төлемді, яғни ауызекі тілдегі ЕСП-ны қайтара алмай әлек. Өйткені кей адамдар оның мән-жайын түсінбей екі рет, тіпті өзге біреудің атынан төлеп жіберген. Ал күні кеше мемлекеттік кірістер комитеті төлемді білместіктен аударып жібергендер ақшаны қайтарып алуға болатынын мәлімдеді. Ол үшін өтінішті электрондық үкіметке жіберу қажет. Осы ретте азаматтарға арналған …

Подробнее...

Пәтерлерін сағаттап жалға беретіндер тұрғындардың мазасын алды

Шымкентте карантинді пысқырмағандар енді жалға берілетін пәтерлерін арзанға бағалап, елдің шамына тиіп жатыр. Тіпті, жанындағы көршілерден де айылын жияр емес. Амалы таусылған жұрт жаппай полицияға шағымданымен нәтиже шамалы, дейді. Тәртіп сақшылары анықтап, әкімшілік жауапқа тартады, алайда, кәсібін қайта жалғастырып жүргендерін айтады. Сонда не істемек керек?

Подробнее...

Қордайдағы қарт кісі мен ұлдарын соққыға жыққандар сотталды

Қордай ауданында қарт кісі мен оның ұлдарын ұрып-соғып, бүлік шығарған Марат Юнху мен Эрсман Юнху сотталды. Жаппай тәртіпсіздікке себепкер болып, ақсақалдың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталған әкесі мен ұлының ісіне қатысты үкім шықты. Судья оларды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Құдашбаевтар жапа шеккен отбасы болып танылды. Айыпталушылар жәбірленушілерге моральдық зиян келтіргені және олардың өкілдерінің қызметі үшін жалпы 3 …

Подробнее...
X