Карантин мерзімі толықтай аяқталмағанымен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы рейс ертеңнен бастап қайтадан ашылмақ. Алайда, бұл ұшу бұрынғыдан өзгерек. Өйткені, әрбір ұшаққа дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, жолаушылар үшін де бірқатар шектеулер қойылған.
Подробнее...Новости
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгереді
Атажұртқа қоныс аударған этникалық қазақтар енді «оралман» деп аталмайды. Оларға мағынасы терең «қандас» деген статус беріледі. Бүгін сенат қабырғасында атамекенге көшіп келген азаматтардың мәртебесі жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, жыр болған жәрдемақы айналасында да біраз заң жобалары талқыланды. Айта кетсек, енді 10 баладан көп отбасының әр перзентіне қосымша қаржы төленбек.
Подробнее...Қайырымдылық жасап жарысуда
Иә, қайырымдылық карантинге қарамайды . Қиын-қыстау уақытпен қатар келген Рамазан айында сауапқа кенелгісі келгендер жақсылық жасап, жарысып жүр. Біреуі тонналап орамжапырақ үлестіреді. Ендігісі ұсақ малды тірідей таратады. Айта берсең, сан алуан. Тіптен, қайырымдылықтан Кореяда жұмыс жасап жүрген отандастарымыз да құр қалып жатқан жоқ екен. Өз үлестерін қосуда. Ол ісін біреулер жасырын атқарса, ендігісі өзгеге үлгі болсын деп, жарияға жар салып …
Подробнее...Елімізде вирусты анықтайтын тест шығарылады
Елімізде Ковид-19-ды анықтауға арналған тест жүйесін өндіру қолға алынды. Алматыдағы аса қауіпті инфекцияларды зерттеу ғылыми орталығында қазір цех ашылды. Оны жасап шыққан ғалымдар корновирусты анықтайтын тест шетелдік баламасынан кем түспейтінін айтады. Енді оқымыстылар корновирусқа қарсы вакцина жасауды қолға алыпты.
Подробнее...Енем мен қайынбикелерім қосылып ұрады
Төтенше жағдайда әйелдерге төнетін қауіп те күшейді. Әлеуметтанушылардың мәлімдемесі елімізде болып жатқан жағдайларға негізделген. Карантин жарияланғалы көп еркек, іші пысқаннан ба, әлде күйзелістен бе, жарына жұдырық ала жүгіретін болыпты. Онсыз да табысы тұрақсыз күйбең тіршіліктен түңілген адамдарды төрт қабырғаға қамалу тіпті тентек қылып жібереді. Әлем бойыша тұрмыстық зорлық-зомбылық күрт артты деп БҰҰ да дабыл қағып жатыр.
Подробнее...Эпидемиолог: сақтанбасақ, вирус қайтадан өршуі мүмкін!
Пандемия жақын уақытта кетпейді! Сондықтан карантин біткеннен кейін де, вирусты жұқтыру қаупі сейілмейді. Дәрігерлер жұрт жаппай сыртқа ағылған соң, денесін дерт дендегендердің саны күрт артып кете ме деп қауіптенеді. Сонда қалыпты өмірімізге оралғаннан кейін нені білуіміз керек? Әріптесім көкейдегі сұрақтарды эпидемолог-дәрігерге қойып көрді.
Подробнее...Біз біргеміз: халық бір-біріне демеу болды
Біз біргеміз! Елдегі төтенше жағдай осындай ұранмен басталғаны естеріңізде болар. Бір қуантарлығы, қарапайым халық ауызбіршілігін қолдан келгенше дәлелдеуде. Әуелде тегін бетперде таратты, кейіннен жұдырықтай жұмылып, барымен бөлісті. Жоқ-жітікті ас-ауқаттан тарықтырған жоқ. Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарды да моральдық һәм материалдық тұрғыда демеп келеді.
Подробнее...Елорда тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді
Елордада 28 жастағы қала тұрғыны қызғаныштан тапа-тал түсте әйелін пышақтап өлтірді. Денесіне жеті рет пышақ сұғылған екі баланың анасы ауруханада жан тапсырды. Ауыр қылмысқа барған күдікті ұсталды ма?. Жасағаны дәлелденсе, ол қанша жылға сотталуы мүмкін?
Подробнее...Ернар Aйдар: «Mен алдандым!»
Мен де алдандым! Елден 200 млн теңге жинап, желіде жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған Ернар Айдар жұрттан кешірім сұрап, өзі де опық жегенін айтып ақталуда. Әрине сену я сенбеу әркімнің өз еркінде ғой. Алайда лотереясын өткізіп, қарапайым халықтың қалтасын қағып, байығаннан кейін «тексермедім, білмедім» деп өзіне шаң жуытпаған бұл алғашқы әнші емес. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы ұтыс ойындарына қатысты «Лоторея» туралы …
Подробнее...Індетке шалдыққандар шындығы
Қазіргі коронавирустық ахуалға байланысты елдің пікірі екіұдай екені рас. Бірі биліктің айтқанын бұлжытпай орындап, вирусты жұқтырып алмау үшін санитарлық талаптарды сақтап жүрсе, екіншісі «бәрі өтірік» деген ұранмен ештеңені ойға алар емес. «Індеттің келгені рас болса, ауру адамды көрсетсін» деген пікірлерді де көп оқимыз. Ендеше көріңіздер, тілшілеріміз КОВИД-19 вирусын жұқтырған адамдардың жағдайымен танысып келді.
Подробнее...






