0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ЕСП төлеуді төтенше жағдайдан кейін кімдер жалғастырады?

Жыр болған 42500 теңгені аламын деп, бірнеше табысын жасырып келген кәсіпкерлердің беті ашылды. Себебі, осы уақытқа дейін министрлік бірыңғай жиынтық төлемді төлеңдер деп қанша айтқанымен, оған құлақ асқандар шамалы еді. Сандарға салсақ, елімізде 300 мың адам ЕСП-ны ай сайын төлеп келген. Осы ретте, бейресми жұмыс істейтіндердің саны Төтенше жағдай кезіңде екі еселенгені бешенеден белгілі. Себебі, мемлекеттің беретін әлеуметтік төлемді алу …

Подробнее...

Салондар жабық: Жігіттер қауымы жаппай «тақырбастануда»

Образдарды өзгерткен карантин. Сұлулық салондарының жабылғаны тек нәзік жандарға ғана қиын соққан жоқ. Жігіттер де қарапайым шаш қиятын жер таппай біраз әбігерге түсті. Бірақ ерлер қауымы мәселені ушықтырмай, оны керісінше әзілге айналдыра білгендей. Бір-біріне эстафета жолдап, желіде тақыр бастарын көрсетіп мәз. Алайда бұл челлендждің күлетіндей жайы жоқ екен. Неге десеңіз, әріптесімнің сюжетін көріңіз.

Подробнее...

Ауызсуға зәру халық жолды жапты

Алатау бөктерінде, керісінше, жолды жұртшылықтың өзі жауып жатыр. Осылайша ауыл халқы жергілікті билікке өздерінің бар екенін, тірі екенін жеткізбек. Өйткені тұрғындар талай жылдан бері тұщы судың зардабын тартуда. Зардап дегенде су таза емес деп ойламаңыздар. Су жоқ. Атымен жоқ. Бау-бақшаны суару туралы айтпай-ақ қояйын. Ұзақ жылдан бергі түйткіл тура карантин кезінде түйінделе түскен. Жетісудің төрінде отырып, шөлдеген елмен тілшіміз кездесіп …

Подробнее...

Ата-аналар науқас балаларына қажет дәрі-дәрмекті таппай отыр

Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы тағы туындады. Бұл жолы «муковисцидоз» дертіне шалдыққан науқастарға қиын болып тұр. Үкіметтен тегін үлестірілетін препарат дәріханалардан табылмай жатыр. Тіпті, былтырғыны есептемегенде, биылдың өзінде 4 айдың дәрі-дәрмегі қолданылмай, мерзімінен өтіп кеткен. Соның кесірінен, кейбір науқастың денсаулығы күрт нашарлап барады дейді біздің арнаға шағымданған ата-ана. Ал, салаға жауапты мамандардың жауабы қандай дейсіз ғой? Сол баяғы қағазбастылық. Мемлекеттік сатып алу …

Подробнее...

Карантиннен шыққан елдер

Ал әлемнің кей елдері, міне бір апта болды, карантин режимін тоқтатып, біртіндеп бұрынғы өміріне оралып жатыр. Мұндай бақытты мемлекеттер тізімінде, басқаны айтпағанда, пандемиядан ең көп зардап шеккен АҚШ пен Италия бар. Бұл елдерде вирустың таралуы толығымен тоқтамаса да, қызыл тізімнің күнделікті ұлғаюы бәсеңдеген. Бірнеше айға созылған карантиннен кейін жұрт жаппай сыртқа ағылған екен. Саябақтарда қыдырып, емін-еркін суға шомылып жүр. Ал …

Подробнее...

Ким Чен Ын қайда?

Дәл қазір бүкіл әлемнің назары Солтүстік Кореяға ауды. Бірнеше күннен бері жаһандық басылымдар Ким Чен Ынды «өлді» деп жарыса жазуда. Ал, ресми Пхеньян бұл жөнінде әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ. Бірақ, Оңтүстік Кореяның сенімді дереккөздері ең ірі ядролық держава басшысының жүрегіне ота жасалғанын, қазір жағдайы нашар екенін айтады. Кімге сенеміз?

Подробнее...

Төтенше жағдай мерзімі ұзарды

Елдегі төтенше жағдай тәртібі 11 мамырға дейін созылды. Мемлекет басшысы бүгін тиісті жарлық шығарды. Режим мерзімі ұзартылғанымен, карантин талаптары біраз жеңілдейтін секілді. Ірі қалалар сияқты аймақтарда да жұмысын жалғастыруға болатын нысандардың тізімін әзірлемек. 42 500 теңге де тағы бір рет беріледі. Аулаға терезеден телміре қараған балалар үшін де жағымды жаңалық бар.

Подробнее...

Карантиннің экономикаға әсері

Елде карантин мерзімінің 11 мамырға дейін ұзартылуын медицина саласының мамандары қолдап отыр. Өйткені Қазақстан коронавирус таралуының шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ. Ендеше мемлекет тарапынан қолға алынған шара кесел жұқтырғандарың санын күрт арттырмай, оны ауыздықтауға мүмкіндік бермек. Бұған үйлерінде отырып іштері пысқан халық та, елдің ертеңіне алаңдаған экономистер де қарсы болуы мүмкін.

Подробнее...

Ветеринарлық зертхана жабылды

Төтенше жағдайда табысымыз тұралаған бізге тағы бір қауіп төнуі мүмкін. Алматы облысы Қапал ауылынң шаруалары алаңдап отыр. Онсыз да қиын-қыстау кезеңде малымыз қырылып, масқара боламыз ба деп қорқады. Өйткені тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты төрт ауылға ортақ жалғыз ветеринарлық зертхана жабылып қалды. Енді мал ішінен бір ауру шықса, бәрін баудай түсіруі мүмкін дейді. Қазір алынған қан сынамалары аптасына екі рет …

Подробнее...

300-ден астам жұп ажырасуға онлайн өтініш берген

Төтенше жағдай жарияланғалы онлайн негізде ажырасуға өтініш бергендердің саны 300-ден асқан. Бұл республикаға шаққанда анау айтарлықтай үлкен көрсеткіш деп қарастыруға келмес. Алайда, карантиннен кейінгі күрделі көрінісітің бір белгісі іспетті. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы да әлемде төтенше жағдай жарияланғалы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен үйдегі ұрыс-керіс көбейіп кетті дейді. Шаңырақтың шайқалуына не себеп?

Подробнее...
X