Күн-түн демей блокпост күзетіп, карантин талаптарын қадағалап жүрген әскерилерге де қазір оңай емес. Ыстықтан ығыры шығып, тұрғындардың тыныштығын күзеткендер де біз бен сіз секілді жандар. Бірақ, олар да халық тарапынан қолдаусыз қалып жатқан жоқ. Алматылық азамат оңтүстік мегополистің шекарасында тұрған сарбаздар үшін ауласына шатыр тігіп, оларды ас-сумен қамтамасыз етіп жүр екен. Қайырымдылық ескерусіз қалмады. Оны Қорғаныс күштерінің басшылығы марапаттады.
Подробнее...Новости
Шығыста орман өртке оранды
Шығыста орман өрті өршіп тұр! Қазірдің өзінде тілсіз жау 2 мың гектар аумақты тып-типыл еткен. Семейдің Қарағайлы орманындағы қызыл жалын кеше тұтаныпты. Өртпен қазір жүздеген адам арпалысып жатыр! Тіпті отпен күреске әлемдегі ең үлкен тікұшақ жұмылдырылған. Зардап шеккендер бар ма? Оқыс жайттан келген шығын көлемі қандай?
Подробнее...Үй бағасы арзандай ма, қымбаттай ма?
Елімізде төтенше жағдайдан кейін баспана бағасы қалай болмақ? Сарапшылардың бірі сұраныс болмаған соң үйлер арзандайды десе, екіншісі үй құны тіптен аспандап кетеді деп топшылайды. Мұндай жорамалдардың болуы заңды. Себебі, теңгенің тұрақсыздығы мен мұнайдың күннен күнге түсуі өз әсерін тигізіп жатқан көрінеді.
Подробнее...Коронавирустан жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды
Бүгін жұқпалы індеттен тағы 4 отандасымыз жан тапсырды. Өлім дерегі елдегі алып үш мегаполисте тіркелген. Марқұмдардың бірі бір аптадан бері өзін жайсыз сезінсе де, дәрігерлерге жүгінбепті. Ал жедел жәрдемді шақырған кезде жағдайы тым қиын болған екен. Ал жалпы республика бойынша бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны бірден 150 адамға артқан. Алматыда 15 күнде салынып бітуі тиіс госпитальдың құрылысы да аяқталыпты. Стационар …
Подробнее...X-Factor шоуының жаңа маусымы басталды!
X-FACTOR-дың 8-ші маусымы басталды. Бір айдан бері байқауға қатысуға ниетті жандардан мыңдаған өтініштер келіп түсуде. Елдегі төтенше жағдайға байланысты өтініштер мен қатысушылардың жазбалары онлайн қабылдануда. Демек, кез келген адам, қызметі не тұрған мекеніне қарамастан, X-FACTOR-да бақ сынай алады. Қатысушыларға жеңілдік болған жайт қазыларға ауыр тиіп отыр. Неге?
Подробнее...«Қазақтың тойы бітпесін!» деп тілейтін қауым табыстан айырылды!
Бір тойым болатыны сөзсіз менің, дәл қай күні екенін айта алмаймын». Дәл қазіргі жағдайға Төлеген Айбергеновтың өлеңінен үзінді дәл келіп тұрғандай. Карантинге байланысты алыс-жақын ағайынды шақырып, қызын ұзатып, келінін түсіре алмай отырғандар көп. Төтенше жағдайда теңгеден қағылған мейрамханалар мен асаба мен әнші де жетерлік. Қысы-жазы бітпейтін қазақтың тойы тоқырауға ұшырамай ма?
Подробнее...Коронавирустан жазылғандар нені білуі тиіс?
Коронавирус өзге де инфекциялар тәрізді ағзада тұрақтап қалуы мүмкін. Бұл тұжырым айналасында әлем ғалымдарының пікірі әрқилы. Бір анығы — аурудан айығып шыққан күннің өзінде, оны басынан өткерген адам қалыпты тірлікке бірден араласып кете алмайды екен. Оңалу кезеңі тіпті емдеуден де ұзаққа созылуы ғажап емес. Вирустан тәуір болғандар нені білуі керек? Індет ошағынан келген дәрігерлердің кеңесін тілшіміз жазып алды.
Подробнее...Диқандар орамжапырақтарын шекарадан шығара алмай отыр
Жетісайлық диқандардың жанайқайы. Оңтүстікте орамжапырақ өсіретін шаруалар өнімдерін сыртқы нарыққа шығара алмауда. Капустаны өздері келіп алып кететін клиенттері де карантин кесірінен шекарадан бері өте алмай қалыпты. Ал, өнімді оларға жеткізіп беруде бірқатар қиыншылық туындауда. Жүк көліктерінің шекарадан өтуіне рұқсат берілгенімен, жүргізушімен еріп жүретін шаруалардан «Е» категориялы куәлікті талап етуде екен. Бірақ, мұндай куәлік диқандардың көбінде жоқ.
Подробнее...Сұлулық салондары ашылуға рұқсат сұрап отыр
Карантинге байланысты қиын жағдайға тап болдық. Сондықтан, басқа да мекемелер тәрізді сұлулық салондарының да жұмысын жандандыруға рұқсат беріңіздер. Алматылық кәсіпкерлер Президентке, Үкімет басшысы мен қала әкіміне хат жолдады. Онда олар сұлулық салондарын екінші кезеңде ашылуға рұқсат берілетін нысандар қатарына қосуды сұрайды. Бұл кезеңдегі өндіріс орындары сәуірдің 27-сінде жұмысын бастайды деп жоспарланған екен. Алайда, әзірге Жедел штаб нақты қандай салаларға рұқсат …
Подробнее...Омарташылар жұмысын жалғастыратын болды
Коронавирусқа байланысты енгізілген кейбір шектеулер көктемгі дала жұмыстарына әсер етпейді. Шаруалар жұмысын кедергісіз жүргізе бермек. Ол үшін Ауылшаруашылығы министрлігі арнайы «Qoldau.kz» сайтын іске қосты. Егіс алқабында жұмыс істейтін және омарташылықпен айналысатын шаруалар сайтқа кіріп, «Агрорұқсат» электрондық тізіміне шаруашылығы туралы жан-жақты мәліметтерді енгізсе болғаны. Жеңіл және жүк көліктері блок-бекеттерден қиындықсыз өткізіледі.
Подробнее...






