10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Карантин кезінде 1 млн 300 мың теңге пара алған

Карантин арқасында қалтасын қампайтып жатқандар тұс-тұстан қолға түсіп жатыр. Төтенше жағдай жарияланып, блок-посттар орнатылғанымен, ондағы тәртіпті бақылап отырған полицейлер пара алып, адамдарды оңды-солды өткізіп жүрген. Қалалардың ішіндегі қозғалыс еркіндігін де саудалап жүргендер табылды. Бірі 15 мыңды қанағат тұтса, бірі миллиондап сұрайды екен.

Подробнее...

Карантинге жабылған үйге дезинфекция жүргізілмеген

«Карантинге жабылып, қараусыз қалдық». Елордада індет ошағы ретінде тіркелген үйлердің тұрғындары осылай деп шағымданды. Тұрғын үйдің кіреберісіне ешқандай да залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмепті. Қарапайым тазалық шаралары да атымен жоқ. Тіпті, қоқыс шығаруға қорқып отырмыз дейді. Ал жауаптылар мәселені шешпек түгелі, телефон тұтқасын да көтермейді. Жіпсіз байланып отырған тұрғындардың жанайқайын тілшіміз тыңдап қайтты.

Подробнее...

Елорда іргесіндегі жұрт жарықсыз отыр

«Көшегі шығуға өздері мәжбүрлеп жатыр». Елордаға тиіп тұрған ауылдағы ағайын төрт күннен бері далада жүр. Жарықсыз қалған жұрт сыртта тамақ пісіріп, отын теріп кетті. Қазір онлайн оқытпақ түгілі, балалардың қарнын тойдыру қиын боп тұр. Қосшы ауылдық округіне қарайтын Лесная Полянаның жарым түнде жиылған жұрты журналистерге жанайқайын жеткізді.

Подробнее...

Вирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы бір адам көз жұмды. Осылайша, індеттен қайтыс болғандар саны 20-ға жетті. Ал, жұқтырғандар 2 мыңнан тасып кетті. Өкініштісі, қауіпті инфекция өмірге енді келген шақалақтан да табылыпты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дертке қатысты қорқынышты болжам айтты. Мамандар сөзінше, қазіргі жағдай пандемияның тек алғашқы сатысы екенін көрсетіп отыр. Елді сергелдеңге салған індет жайында соңғы ақпаратты әріптесім айтып …

Подробнее...

Еліміздің кәсіпкерлері миллион долларға медициналық жабдықтар алдыртты

Кәсіпкерлер көмегі. Арнайы бортпен құны миллион доллардың медициналық заттары Алматыға жеткізілді. Дендеген дертпен күресіп жатқандарға арналған бұйымдар жақын күндері дәрігерлер мен алдыңғы шепте жүрген азаматтарға таратылатын болады. Бұған дейін бірнеше мәрте гуманитарлық көмек келгенімен, бұл жолы еліміздің кәсіпкер азаматтары қолдау білдіруге кірісіпті.

Подробнее...

Бекболат Tілеухан: Қазақ тілінің Қазақстаннан басқа барар жері жоқ

Мемлекеттік органдар өгейсіткен қазақ тілінің жағдайын тіл жанашырлары тағы да көтерді. Бұл жолы Бекболат Тілеухан, депутаттық сауалды мемлекеттік тілде жолдамайтындарға шүйлікті. Халық қалаулысының сөзінше, Мәжілістің әр отырысында сауалдардың көбі тек ресми тілде ғана жолданады. Оған өзге тілде талқыланатын жүздеген заң жобасын қосыңыз. Осындайда, мемлекеттік тілдің тұқыртылып жатқанын жеткізді. Ал, бұл жөнінде қоғам белсенділері не дейді? Қайтсек, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз?

Подробнее...

Өгей әкесінен қорлық көрген 8 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Талдықорғанда 8 жастағы баланы өгей әкесі өлімші етіп сабап тастаған. Денесінің сау тамтығы қалмаған жеткіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Ең сорақысы азаматтық некедегі күйеуі баласын ұрып жатқанда, анасы араша түспеген көрінеді. Баланың шырылдаған дауысын естіген көршілері жедел жәрдем мен полиция шақырған екен. Ал, айуандық жасаған күдікті ұсталды ма?

Подробнее...

Сахна жұлдыздары карантинде немен айналысып жатыр?

Карантинде зеріккен отандық шоу-бизнес өкілдері құдық қазып, қора тазалауға кірісті. Көктем келе түрлі той-томалақтың төрінде ән айтып, мерекелік концерттерде бой көрсететін өнерпаздар тіл үйреніп, түрлі ас пісіруге машықтанып жатыр екен. Ал эфир тізгіндеп, арнамыздағы бағдарламаларды жүргізіп келген менің кейбір әріптестерім де қазір қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Солардың бірі «Басты прайм» бағдарламасының тізгіншісі Гүлнәзия Жалғасқызы қазір бізбен «Скайп» байланысқа шығып отыр.

Подробнее...

Пандемиядан кейінгі тіршілік қалай болмақ?

Пандемиядан кейін әлем де, экономика да бұрынғыдай болмайды. Халықаралық деңгейдегі сарапшылардан бастап, отандық мамандарға дейін осындай пікір айтуда. Әсіресе, кәсіпорындар мен қызмет көрсету жағы бірқатар өзгерістер күтіп тұрғанға ұқсайды. Сонымен, қай салаларға еңсесін тіктеу қиынға соғады?

Подробнее...

Біртанов та коронавирусқа тест тапсырды

Вирустың таралуы әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ! Бас дәрігер Біртанов елдегі карантин режимі жазға дейін созылуы мүмкін дейді. Дерт дендеп барады. Бүгін қызметін күні кеше ғана ауыстырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-минитсрі Қамалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жұмыс бабымен бір емес, төрт облысқа барған шенеуніктің енді нақты кіммен байланыста болғаны белгісіз. Ал экс орынбасарының денесінен вирустың табылғанынан сескенді ме, әйтеуір министр …

Подробнее...
X