9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Демалыс орындары қоқысқа айналды

Алатаудың бөктері қоқыс алаңына айналып барады! Тауға барып демалған тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды оңды-солды шашып, табиғатқа орасан залал келтіруде. Талапты бұзып, қолға түскендері аз мөлшердегі айыппұл төлеп, сүттен ақ, судан таза болып шығады екен. Қоршаған ортаны қорлағандарды тоқтату үшін қайтпек керек?

Подробнее...

Жаңа асфальт үгітіліп жатыр

Алматы облысына қарасты Қапал ауылының тұрғындары былтыр алты бірдей көше асфальтталады дегенде барлығы жаппай қуанған. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа созылмаған сыңайлы. Күзде жөнделген үш көшенің асфальты көктем келісімен езіліп, үгітіле бастапты. 650 млн теңгенің тендерін ұтып алған мердігер компанияның бұл жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды. Ең сорақысы, егемендік алғалы Қапалда алғаш рет көшелер күрделі жөндеуден өткен. Оның өзі сапасыз, — дейді …

Подробнее...

Сайлау тәртібі өзгереді

Парламент, мәслихаттарда жастар мен әйелдердің үлесі едәуір өсуі мүмкін. Бүгін Мәжіліс қабырғасында сайлау мен саяси партияларға қатысты заң жобалары қаралды. Әділет министрлігі Ұлтық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін жобаны әзірлеп, бірқатар ұсыныстарды ала келді. Оған сәйкес, сайлауға түсетін партиялық тізімінің үштен бірі жастармен әйелдерге арналуы керек. Саяси ұйым құру тәртібі де жеңілдейтін болды.

Подробнее...

Мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған межеге түсті

Мың құбылған қара алтын. Әлемді коронавирус пандемиясы жайлаған шақта мұнай бағасының бір баррелі бұрын соңды болмаған минимумға түсті. Брент маркалы мұнайдың бір бөшкесі қазір 18 долларға дейін құлдырап кетті. Экономикамыз осы бір мұнайға тәуелді біздің елді қандай жағдай күтіп тұр? Сарапшылар не дейді?

Подробнее...

Оннан астам шенеунік отставкаға кетеді

Елімізде басшылық қызметтегі оннан астам шенеунік отставкаға кетеді. Олар өздерінің емес, қоластындағы қызметкерлерінің қылмысы үшін жылы орнын босатады. Әзірге, бұл тізімде нақты кімдердің бар екені белгісіз. Белгілісі, бұл жемқорлық деректеріне қатысты шара. Бүгін Сыбайлай жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер осындай деректі алға тартты. Коррупциямен күрескендер тағы қандай ақпараттармен бөлісті?

Подробнее...

Ішімдік ішкен ер адам полицейге шабуылдап, киімін жыртты

Елордада карантин кезінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам полицейге тап беріп, киімін жыртып тастады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай тәртіп сақшылары әскери қызметкерлер бірге көшелерді патрульдеп жүрген кезде болған. Үйдің ауласында арақ ішіп, шулап, бөтелкелерді сындырғандар көршілерінің ескертуіне құлақ аспапты. Шыдамы таусылғандар полицейлердің көмегіне жүгінгінген. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзған 10 адамды анықтаған, оның үшеуі …

Подробнее...

«Теңіз» кен орнындағы мұнайшылардың алғашқы легі Ақтөбеге келді

Денсаулығына алаңдап, шу шығарған «Теңіз» кен орнындағы мұнайшылар үйлеріне қайта бастады. Қазірдің өзінде 3 мыңдай жұмысшы ол жақтан шығарылған. Вахтадағы жұмысшылардың алғашқы легін Ақтөбе қабылдады. Олардың жағдайы қалай? Коронавирус қаупіне байланысты оқшауланған кеншілер жақындарымен қашан қауыша алады?

Подробнее...

Халық 42 500 теңгені екінші қайтара сәуірдің соңына дейін алады

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар 42 500 теңгені екінші рет сәуір айының соңына дейін алады. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі хабарлады. Нариман Мұқышевтың айтуынша, ол үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Десе де, екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды. Атап айтқанда, 15 сәуірден кейін өтініш жібергендерге екі рет төленбейді. Бұдан бөлек, 20 сәуірден бастап елорда мен Алматыда бірқатар …

Подробнее...

Сергек: айыппұлдарыңды жарты бағасына өшіріп беремін

«Айыппұлдарыңды жарты бағасына өшіріп беремін». Алаяқтардың жаңа айласына арандап қалмаңыз. Елордада белгісіз біреулер «Сергек» камералары түсірген тәртіп бұзушылықтарды жоқ қыламын деп жарнама беруде. Және оған сеніп, опық жеп қалғандар жетеді екен. Әуелі пысықайлар уәдені үйіп-төккен. Оған иланғандар жиналып қалған айыппұлдарын арзанырақ өтеп аламын деген оймен алдын-ала ақша жіберген. Сөйтіп, кейін алданғандарын бір-ақ білген. Осыған байланысты құзырлы органдар азаматтарды сақ болуға …

Подробнее...

Ата-ана мен балаларды айырған карантин

https://youtu.be/YUL1g-B8XL4 Карантин ата-ана мен балаларды қақ айырды! Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қазақстандық қос оқушы қалып қойған. Олар көрші елдегі академияда білім алып жатқан екен. Карантин жарияланған кезде шекара жабылып, балаларды әке-шешесі алып кетіп үлгермеген. Енді жеткіншектер жат елде қараусыз қалып отыр. Жақындары билік өкілдерінен көмек сұраған! Әзірге нәтиже шамалы.

Подробнее...
X