10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Антисептик пен спирт оразаны бұза ма?

Бұл Ораза бұрынғыдан өзгерек. Биыл мешіттерде Тарауих намазы оқылмайды, ауызашар берілмейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымы осындай. Мың айдан да қасиетті Рамазан айы әлемдік пандемиямен тұспа-тұс келгендіктен, жылдағы дәстүрге өзгеріс енгізуден басқа шара жоқ дейді дін өкілдері. Ал шариғатта харам саналатын, құрамында спирт бар антисептиктерді вирустан қорғану үшін қолдануға болады ма? Коронавируспен күресте түн ұйқы көрмей жүрген дәрігерлер мен әскерилерге …

Подробнее...

Бірқатар мекеме жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар өндіріс орындары қайтадан іске қосылды. Кәсібі қайта жанданғандар іске кіріссе де, індеттің әрі қарай тарамауы үшін эпидемологиялық талап қойылған. Тәртіп болуы үшін арнайы мамандар тексеріс те жүргізуде. Сонымен, елорда мен оңтүстік астанада нендей қызметтері қайта қосылды? Бизнестегілер қауіпсіздік шараларын сақтап жүр ме?

Подробнее...

Карантин: Бірі пикник, бірі дискотека ұйымдастырған

Елде коронавирусты жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады. Алматыда бір тәулікте 145 адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Оның 127-сі дәрігер. Науқастардың күрт өсуіне байланысты тағы бірнеше қала карантинге жабылды. Алайда енгізілген шектеулерді ескеріп жатқан халық жоқ. Бірі достарын ертіп пикникке шыққан, өзгесі көрші-қоланның басын қосып, дискотека ұйымдастырған. Ал стационарда ем қабылдап жатқан бір отандасымыз ауруханадан қашып кетіпті. Оқиға қай өңірде болған? Науқас табылды …

Подробнее...

Авиация саласы 300 млрд теңге жоғалтайын деп отыр

Авиация саласы коронавирус салдарынан 300 млрд теңге жоғалтайын деп тұр. Саладағы мамандардың болжамы бұл. Қазір мұндағы қызметкерлер пандемияның аяқталуын тағатсыздана күтіп отыр. Елдегі автокөлік пен темір жол саласына қатысты да биылға жоспар көп болатын. Олардың орындалуына вирус кері әсерін тигізбейтін секілді. Алдағы алты жылға қатысты жоспарды министр Бейбіт Атамқұлов жеткізді.

Подробнее...

Түркістанда жүргізуші үш полицейді қақты

Төтенше жағдай кезінде полицейлер зардап шегуде. Түркістан облысында карантин талабын бұзған жүргізуші үш бірдей тәртіп сақшысын қағып, оқиға орнынан ізін суытты. Алайда, қаскөй құтылмады. Бүкіл полиция бөлімшесінің күші жұмылдырылып, күдікті ұсталды. Ол ішімдік ішіп қана қоймай, есірткі де пайдаланған. Осы тектес оқиға төтенше жағдай енгізілгелі елімізде көбейіп кетті. Бірі қоғамдық тәртіпті қадғалаған полицейдің жағасына жармасса, өзгесі дене жарақатын салуға дейін …

Подробнее...

Карантин омарташыларды да шығынға батыруда

Елімізде короновиурсқа қарсы енгізілген шектеу шаралары омарташыларға да оңай болмай тұр. Көктемнен қоңыр күзге дейін бал арасын баптаумен айналысып жүрген кәсіп иелері осы күні табиғат аясына шыға алмай жүр. Олар қолдарында тиісті құжаттары бола тұра, арнайы қойылған блокпостан өте алмай жатырмыз дейді. Соның кесірінен омарташылар миллиондаған шығынға батуы мүмкін.

Подробнее...

Ақтөбеде карантин күшейтілді

Ақтөбеліктер енді бұрынғыдай дүкенге қалаған уақытында барып, сауда жасай алмайды. Қалада бүгіннен бастап карантин тәртібі күшейтілді. Аймақта коронавирус жұқтырған саны күн санап артуда. Мамандар бұған тұрғындардың жауапсыздығы себеп дейді. Ал облысқа қарасты ауылдардың бірінде кейуаналар жиналып, коронавируспен өздерінше күресіп жатыр.

Подробнее...

Саудагерлер: Ғимарат иесі бізді қуып шықты!

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, Талдықорғандағы «Шапағат» базарының саудагерлері бас көтерді. Еш ескертпестен ет павилионын жауып, жұмыс орнынан айырған басшылыққа наразы. «Жөндеу жұмыстарын жүргіземіз» деп, заттарын да далаға шығарып тастаған екен. Ашынған сатушылар арнамыздан араша сұрап, мәселенің мән-жайын анықтап беруді өтінді.

Подробнее...

Зейнетақы қорындағы ақша азайды ма?

Өмір бойы тірнектеп жинаған қаржымыз азаюда. Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаларының күннен күнге кеміп бара жатқаны жайлы шағымдануда. Тіпті, арызданғандар арасында қаржымыз төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмекке беріліп жатыр дегендер бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас? Зейнетақы қорындағыдар не дейді?

Подробнее...

Коммуналдық ақы үшін 15 мың теңге беріледі

42500 теңгенің жай-жапсары белгілі болды. Енді Үкімет карантин кезінде қиындыққа тап болған кейбір санаттағы азаматтарға коммуналдық ақы үшін 15 мың теңгеден беретін болды. Бірінші кезекте бұл қаражаттан Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үмітті. Сондай-ақ тізімге 1-ші, 2-ші және 3-ші топ мүгедектері, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер мен жарымжан баласы бар отбасылар да іліккен. Мұндай …

Подробнее...
X