2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Карантиндегі көтеріліс

Тараздықтар карантин кезінде сусыз қалуы мүмкін! Қаланы таза ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеменің екі жүзге жуық қызметкері жұмыс істеуден бас тартып отыр. Өйткені, не жалақы жоқ, не қарапайым вирустан қорғайтын бетперденің өзі берілмейді. Ал басшылыққа наразылық білдіреміз деп жиналған жұмысшылар соңында өздері кінәлі болып қалған. Себебі, олар карантин талаптарын бұзған.

Подробнее...

Теңіз кен орнының жұмысшылары неге бас көтерді?

Теңіз кен орнында толқу. Өткен түні желілерде Болашақ вахталық ауылында болған оқиғаға қатысты түрлі видео тарады. Бір ғимараттың алдына жиналған жұрт терезелерді сындырып, балағат сөздер айтқан. Бұл не жиын? Түн ортасында теңіздіктерді не түлен түртті? Әріптесім Әсем Изатқызы скайп арқылы студиямен тікелей байланысқа шығып, батыста болған бұл бүліктің себебін түсіндіреді.

Подробнее...

Ауыл тұрғындары наразылық танытты

Алматы облысындағы ауруханада дау! Ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды емханаға жатқызуға қарсы шықты! Қарасай ауданына қарасты Елтай елді мекенінінің жұрты медициналық мекемеге басып кіріп, ішіндегі көрпе төсекті далаға лақтырып, терезелерді сындырған. Кенеттен бас көтергендер енді полицейлерге жауап беруде.

Подробнее...

Моншада демалған жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері ұсталды

Карантин тәртібі қайда? Төтенше жағдай кезінде моншаға түсіп, көңіл көтерген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұсталды. Ұлттық бюроның Ақмола облысындағы өкілдері полицейлердің ескертуін елемей, тәртіп сақшыларымен келіспек болған. Әсіресе, білдей бір басқарма жетекшісінің оғаш әрекеті жұрттың ашуын тудырды. Талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларымен жартылай жалаңаш күйде сөз таластырған мамандар қалай жазаланады? Әріптестері олардың әрекетіне қатысты не айтты?

Подробнее...

42500: Eшкім жауапқа тартылмайды!

42500 теңге! Бүгінде дәл осы мемлекеттік жәрдемақы халық арасында үлкен резонс тудыруда. Әлеуметтік желілерде жәрдемақыны негізсіз алғандар енді сотталып, тіпті миллиондаған айыппұл төлеуі мұмкін деген ақпар таралуда. Одан бөлек, елімізге белгілі заңгерлер алаяқтың бабы бойынша қылмыстық жауапкуершілікке тартылуыңыз мүмкін деген үндеулер пабликтерге тез таралып, халықтың мазасын қашырды. Бірақ, еңбек министрі Біржан Нұрымбетов қауесеттерге сенбеуге шақырып, даулы жәрдемақыға қатысты нүкте қойды.

Подробнее...

Елордадағы жедел штабтың жұмысы қалай жүріп жатыр?

Елордада күшейтілген карантин тәртібінің енгізілгелі бір айға жуық уақыт өтті. Бүгіннен бастап бірқатар кәсіпорын жұмысын ішінара жалғастыра алады. Ондағы тәртіптің сақталуы сол кәсіпорын басшылығының жауапкершілігінде болмақ. Жалпы қала ішіндегі тәртіпке байланысты мәселелер арнайы құрылған жедел штаб шеңберінде шешіліп жатыр.

Подробнее...

«Болашақ» бағдарламасынан былық шықты

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасынан былық шықты. Онда бір емес, бірнеше заңбұзушылық анықталыпты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі мәлімдеп отыр. Айтуларынша, «Болашақ» стипендиясының иегерлері туралы жыл сайын жалған деректер көрсетілген. Одан қалды, студенттерді қаржыландыру мәселесінде бірқатар шикілік бар екен. Сонымен қатар, орталықтың топ менеджерлерінің шамадан тыс заңсыз сыйақы алып келгені белгілі болды. Айта кетейік, Болашақ стипендиясын тағайындауда бірқатар өзгеріс енгізіліпті.

Подробнее...

Әскери ұшақ құлады

Қарағанды маңында әскери ұшақ құлады. Бұл жолы пайдалану мерзімі 2021 жылы аяқталатын жойғыш МиГ-31 әуе кемесі апатқа ұшыраған. Техниканың тізгінінде болған қос пилот әупірімдеп жүріп, аман қалды. Қазір олардың өмірін өлімнен арашалап қалу үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Бұл аталған техника елімізде соңғы 15 жылда 4 рет құлап отыр. Осы уақытқа дейін 5 адам қаза болған. Әбден тозған ұшақтар қолданыстан қашан …

Подробнее...

82 жастағы әжей: коронавирусты жеңіп шықтым

«Коронавирусты сенім мен шыдамдылықтың арқасында жеңіп шықтым». 82 жастағы әжей осылай дейді. Елордаға қыдырып келіп, туыстарынан вирус жұқтырып алған екен. Францияда тұратын қазақ қызы Жанар Төребаева да аты жаман індетке қалай төтеп бергенін арнамыздың тілшісіне баяндап берді.

Подробнее...

15 күнде салынып бітуі тиіс ауруханалар дайын ба?

Тез тұрғызылатын арнайы ауруханалардың құрылысына берілген уақыт аяқталды. Ал, жұмыс бітті ме? Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте 15 күн ішінде 15 млрд-қа үш ғимарат бой көтіріп, бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің активіне қосылуы керек еді. Коронавирус жұқтырғандарды жатқызатын жерлер дайын ба?

Подробнее...
X