Естеріңізде болар, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Мерейлі мерейтой ұйымдастырылып, бірқатар шаралар жоспарланған еді. Бірақ, соңғы жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп жатыр. Десе де биылғы жылы республиканың әр өңірінде ақынның ескерткішін, не бюстын орнату ойда бар. Мәселе осы жерде шығады. Бұл күнге дейін салынған сурет пен қойылған ескерткіштерде Абай әртүрлі. Кейде тіпті ұқсамай да жатады. Осы жылы бұл мәселені біржақты шешіп …
Подробнее...Новости
Шымкентте психотроптық затты заңсыз сатқан
Шымкентте құрамында психотроптық заттары бар дәріні жасырын сатқан провизор анықталды. Ол трамадолды рецептсіз саудалағаны үшін күдікке ілініп отыр. Егер сатушының заңсыз іс әрекеті дәлелденетін болса, әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ал, препаратты бір жыл бойы өз бетінше қолданып келген ер адам енді денсаулығын түзей алмай әлекке түсіп жүр.
Подробнее...Олимпиадаға онлайн дайындалуда
Карантин кедергі емес! Төрт қабырғада қамалып отырған әншілер ән салып, челлендж ұйымдастырып, бір-біріне эстафета жолдап, қылтиманың әртістері күнде кешке жұрттың мазасын алып жатса, тәртіп пен ереженің адамдары – спортшылар жаттығудан қол үзбеген. Төтенше жағдайға байланысты спортзал мен стадионға баруға тыйым салынғанда, олар қайда жаттығып жүр? Бапкермен онлайн байланыста дайындалып жатыр екен. Бірақ, оның нәтижесі қандай болады? Жаттығып жүріп жарытпайтын спортшыларымыз …
Подробнее...Қашықтан оқудың машақаты
Еліміздегі оқушылар мен студенттердің қашықтан оқып жүргеніне міне екі апта болды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қорытынды емтихандар болмайтыны туралы айтып еді. Бүгін орынбасары мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау да болмайтынын жеткізді. Сондай-ақ қанша бала электронды жүйе, теледидар почта арқылы білім алып жатқаны туралы баяндалды.
Подробнее...42 500 теңгені заңсыз алғандар жауап береді
https://youtu.be/nnp8QRKx3gQ «42 500 теңгені заңсыз алғандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін». Әлеуметтік желіде осы сарындағы хабарламалар өріп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін өтініш бергендердің мәселесі майшаммен қаралатынын растады. 42 мыңды заңсыз қалтаға басқандар Қылмыстық кодекспен қудаланбақ. Бұл ақпарат онсыз да үрей құшағындағы халықты одан сайын уайымға салып қойды.
Подробнее...ТЖ кезінде пара алғандар
Ақшаңды төле де, бекеттен өте бер! Алматыда аудан әкімдігінің шенділері блок-бекетте пара алды деген күдікке ілінді. Олар Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары екен. Қазір екеуіне қатысты қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әкімдік қызметкерлерінің ештеңеден қаймықпайтыны сондай, әрі-бері өткізу үшін белгілеп қойған ставкасы бар екен. Оның сомасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер айтып берді.
Подробнее...Елорда іргесіндегілер кәріз суының ортасында қалды
Кәріз суы мен нәжіс ортасында қалдық! Елорда маңындағы 20 мың тұрғыны бар Үркер тұрғын алабындағылардың жылдағы жанайқайы осы. Жергілікті жұрт карантин уақытында дала кезуге мәжбүр. Өйткені, қолқаны қабатын иіс үйді тұтастай алып кетеді екен. Айнала мүңкіп қана қоймай, өмірді де қиындатып жіберген.
Подробнее...Коронавирустың тұмаудан айырмасы не?
Жылда осы уақытта респираторлы індеттен қорғану туралы айтылып жүр еді. Биыл ОРВИ, тұмаудың үстіне коронавирус та келіп қосылды. COVID-тен гөрі жыл сайын тыныс алу жолдарының өзге де ауруларынан адамдар көбірек көз жұмады емес пе деген сөздер жиі айтылады. Құр сөзден гөрі отандық әрі шетелдік мамандардың пайымына көз жүгіртуді жөн деп таптық.
Подробнее...Карантин: елордадағы ахуал
Елордада 9 бірдей тұрғын үй карантинге жабылды. Халық көп шоғырланған үлкен ауданда коронавирусты жұқтырған бүтін бір отбасы анықталған. Оқшауланудың орнына, олар үйлерінен емін-еркін шығып, дүкен, дәріханаларды аралапты. Сондай-ақ, бақылауға алынған үйлердің маңындағы емханадан да инфекция ошағы анықталған көрінеді. Қазір басты көшелерге бекеттер қойылып, тәртіп сақшылары күзетіп тұр.
Подробнее...Алматы: жұмыс орындары қайтадан ашылмақ
Алып шаһар Алматыдағы қызу жұмыс қай уақыттан басталатындығы белгілі болды. Үйде жатып зеріккен тұрғындардың бір бөлігі 20 сәуірден бастап жұмысына кірісе алады. Алайда, олардың барлығы бекітілген тәртіпке бағынулары тиіс. Өйткені, қазіргі уақытта қаладағы карантин ошағы 100-ден асып жығылған.
Подробнее...






