Жылыту маусымына дайындық көңіл суытады! Еліміздің 6 өңірінде жоспарланған жұмыстар тым баяу жүргізілуде. Қомақты қаражат бөлінгенімен, нәтиже көрінбейді. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр жауапты ведомстволар мен жергілікті органдардың қызметін сынға алды. Сонымен, қай облыс тұрғындары дірдек қағып қалуы мүмкін?
Подробнее...Новости
ШЫМКЕНТТІКТЕР ҮЙЛЕРІНЕН ҚОРҚЫП ЖҮР
Шымкенттіктер алған жаңа үйіне кіруге қорқып, азар да-безер. «Тұран-2» шағынауданындағы баспананың бітпейтін мәселесін тұрғындар бүгін тағы көтерді.
Подробнее...САРАПШЫ: «АЭС»ТЕН КЕЛЕТІН ҚАУІП ЖОҚ!
«Чернобыль мен Фукусимадағы жағдай қайталанбаса болды». Қазақстанда АЭС салу туралы әңгіме қозғала қалса, өткеннен хабары бар адам осыны ойлайды. Бірақ қоғамдық талқылауға қатысқан сарапшылар ондай болмайды деп сендірді. Қазіргі технологияның бұрынғыдан айырмашылығы қандай? ғалымдар неге сенімді?
Подробнее...АЭС ҚАШАН САЛЫНАДЫ?
Уранды қазып алып шикілей сата бермей, одан отын жасап, өзіміздің энергиямызды өндіру керек. Ғалымдар мен жетекші инженерлердің пікірі осындай. Қазір еліміздің барлық аймағында АЭС тақырыбы талқыланып жатыр. Оған табиғат жанашырлары экологтар да үн қосты.
Подробнее...ТЕРІСКЕЙ 2 МЫҢ ТҰРҒЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ
Теріскейдегілердің қатары толығып жатыр. Бұл жолы еліміздің солтүстігіне тағы 2 мың адам көшіп барды. Оңтүстіктен барған әр отбасыға 300 мыңға жуық ақша беріледі. Сондай — ақ баспанаға деп ай сайын қаражат аударылып отырады.
Подробнее...КАСПИЙДІ КІМДЕР ҚОРҒАЙДЫ?
Бес елмен шектесетін Каспий теңізіне қауіп жоқ қазір. Себебі әскери –теңіз күштерінің сарбаздары жыл он екі ай сап түзеп тұр. Бес қаруы сай, Қазақстанда құралған 15 алпауыт кеме жүзіп жүр.
Подробнее...ӘНШІНІҢ ОҚУШЫ ҚЫЗЫ КЕЛІН АТАНДЫ?!
Өткен демалыста талай үйге келін түсіп, біраз жігіт күйеу бала атанды. Соның ішінде ең көп талқыланғаны Абай Бегей әулетіндегі жаңалық. Өнер өкілінің кәмелетке толмаған қызын алып қашып кетті. Ел-жұрт небәрі 16 жастағы мектеп оқушысының ақ бантигын тастап, ақ орамал таққанына таңғалды. Бұл қаншалықты заңды деп ашуланғандар да табылды. Бұл жайлы әншінің өзі не дейді? Мамандар қандай пікірде?
Подробнее...БИЛЕТ САТАТЫНДАР ҚТЖ БАСШЫЛАРЫН ҚЫСТЫРМАЙДЫ
Билеттің бәрі алыпсатарда, кассадағылар не үшін отыр? Жаздыгүні және жаңа жылдың қарсаңында вокзалға барсаң, билет таппайсың, тапсаң екі есе көп төлейсің. Өйткені олар да біреулермен бөліседі екен. Қылмыстық схемасы бар мафия жайлап алған ғой сонда. Кассирдің өзі менде жоқ, анау жігіттерде бар деп жөн сілтейді. ҚТЖ төрағасы Сауранбаевты былтыр видеодәлелі бар әріптесім тығырыққа тіреп еді, есегі судан өткен соң есінен …
Подробнее...ТЕКЕЛІДЕГІ ТРАГЕДИЯ
Алматы облсының тұрғындары ұл-қыздарын ойнауға жіберуге қорқады. Себебі, ойын алаңшасының дәл жәнінде Қора өзені ағады екен. Текелі қаласын қақ жарып өтетін өзен екі баланың өмірін қиған. Енді тұрғандар жергілікті биліктен ағын суды қауіпсіз етіп қоршаса деген тілегін жеткізді.
Подробнее...ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН АУЫЛ
Алматы облысында әкімдікті менсінбейтін дөкейлер бар. Олар судың да, жылудың да бағасын өздері реттейді. Көңіл күйіне қарай 7 мың халыққа тәулігене төрт сағат тіршілік нәрін береді. Жарықты да екі күнде бір өшіріп тұрады. Төзімі таусылған Райымбек ауылының тұрғындары бүгін бас көтерді. Өйткені жергілікті шенділердің жауапты компанияларға тісі батпайды екен.
Подробнее...






