Төтенше жағдай жарияланып, бірер қалада карантин енгізілгелі бір айдан асты. Үйіне сыймай далаға шыққандар, күші тасып, полиция қызметкерлерінің киімін жыртқандар желіде жұлдызға айналуда. Тәртіп сақтамағандармен құқық қорғау органдарынан бөлек, кейбір әкімдер жекелей шығып күресуде.
Подробнее...Новости
Ежелгі құдықтың орны табылды
Түркістан облысында жол салып жүрген жұмысшылар аяқ астынан ежелгі құдықтың орнын тауып алды. 20 метр төмендікке қазылған тереңдік әзірге не мақсатқа арналғаны белгісіз. Және ол біреу емес, 4 жерден қазылыпты. Әрқайсысының қашықтығы да әртүрлі. Қазір осыған байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. Сансыз баптар мекені, Сайрам жерінен табылған ескі құдықты археологтар зерттеуге кірісіп кеткен.
Подробнее...Қоларбадағы баласын итерген әке полицеймен жаға жыртысты
Ал енді кешелі-бері елді елеңдеткен оқиға! Алматыда баласын қоларбаға салып, аулада серуендеген ер адам полиция қызметкерімен жаға жыртысты. Адуынды жігіт тәртіп сақшысының формасын жыртып, погонын жұлып алған. Оның қасында әйелі мен тағы екі ер адам болыпты.
Подробнее...Биыл 643 ауылға интернет жетеді
Биыл 643 елдімекен ғаламтормен қамтылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай жаңалықпен бөлісті. Сондай-ақ шалғайдағы ауылдарға 3G, 4G жылдамдықтары тартылмақ екен. Ал төтенше жағдай кезінде әшкере болған интернеттегі ақаулар қалай шешіліп жатыр?
Подробнее...Мәжіліс төрағасы: заң жобасын жіберерде өздерің оқисыңдар ма?
Мәжіліс депутаттары — ұстаз, ал үкімет мүшелері — сабаққа шала дайындалған оқушы. Бүгін төменгі палата отырысында шенеуніктер осындай күйді бастарынан өткерді. Мәжілістегі отырыста үкімет басшының орынбасары, министр, вице-министр елдегі «бизнес ахуалын» жақсартуға арналған заңжобасындағы шикіліктер үшін сөз естіді. Тіпті, Мәжіліс төрағасы ведомство басшыларын «ай қарап» отырасыздар деп сынады.
Подробнее...Жемқорлықты онлайн айтыспен тыймақшы
Соңғы 30 жылда елімізде жемқорлықпен күрестің қандай әдісі қолданылмады десеңші. Заңды да қатаңдатты, парақорларды бас бостандығынан да бір кісідей айырды. Мемлекеттік қызметкерлерге табысы туралы есеп те тапсыртты. Ақыры соңында смайлмен плакаттар іліп те көрді. Бірақ, жеп қор болып жүргендер тиылатын емес. Қашанда креативімен көпшілікті таң қалдырудан жалықпайтын жемқорлыққа қарсы агенттік енді «антикор айтыс» деген жобаны көпшілікке ұсынды. Жас ақындар бұл …
Подробнее...«Комаға түскен» шағын бизнес қалай жанданады?
Карантиннің кесірінен қалың ел қалшылдап отыр. Әсіресе, шағын және орта бизнес көп шығынға ұшырады. Статистиканы сөйлетсек, кәсіпорындардың жартысына жуығы жабылған. Бұған жеке көлігімен елді таситын таксистер, үй-үйді аралап, бала бағатын күтушілер, қысқасы, нәпақасы қызу тіршілікпен тығыз байланысты топты есепке алсақ, қалтасы қағылған қалың бұқараны ешкім санай алмайды. Тірлік тоқтаған соң, табыс та жоқ. Бұл қарапайым заңдылық. Яғни, төтенше жағдай аяқталғаннан …
Подробнее...Әлемде 25 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың кесірінен әлемде 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Біріккен ұлттар ұйымы осылай деп дабыл қағуда. Карантин салдарынан жаһан жұртының табыс көздері тұралап, напақалары кеміді. Бір ғана жалақыға қарап отырғандар мен банк алдында борыштылардың да дегбірі қашты әбден. Әлем елдері осынау аласапыран кезеңмен қалай күресіп жатыр?
Подробнее...Жеке куәлігіміздің мерзімі аяқталды, қайтеміз?
Жеке куәлігіміздің мерзімі біткендерге, оның күшін карантин біткенше жоймауды сұраймыз! Дәл осылай деген көрермендеріміз біздің арнаға хабарласып, көмек сұрауда. Олар егер құжатымыздың мерзімі бітсе, банктер қызмет көрсетпейді, оның соңы қаражат тапшылығына әкеп соғады дейді. Ал көші-қон қызметіндегілер бұған қатысты не айтты?
Подробнее...Мақтаған қыз: «Цифрлық Қазақстанның» сиқыры
Сиқырлы, цифрлы Қазақстан немесе мақтаған қыздың тойдағы тірлігі. Миллиардтаған қаражат бөлінген мемлекеттік бағдарламаның бір сәтте бетпердесі ашылды. 42 500 теңге алмақшы болған халық ары-бері сабылып, сарыла күтті. Есі шыққан құзырлы органдар бір емес бірнеше сайт ашып, экономикалық тұрғыда белсенді 8-9 миллион қазақстандыққа лайықты қызмет көрсете алмады. Карантин өтер, вирус кетер. Ал қып-қызыл ақша бөлінген саланың салғырт болғаны үшін біреу жауап …
Подробнее...






