Ұлттық қордың активтері бір айда 2,5 млрд долларға төмендеген. Бұл туралы бүгін Үкіметтің отырысында Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Бұдан бөлек, коронавирус індеті бюджет кірісін төмендетіп жіберген. Басқа да әлеуметтік-экономикалық бағыттардың көрсеткіштері мәз емес.
Подробнее...Новости
Қытайлық мамандар: алдымен дәрігерлердің қауіпсіздігі қамтылуы тиіс
Қытайдан келген дәрігерлер елордалық әріптестерімен жолығып, тәжірибе бөлісуде. Бүгін шетелдік он маман астанадағы емханалардың біріне келіп, жұмысымен танысып қайтты. Қазір ондай мекемедегі ақ халаттылар қашықтан жұмыс істеп жүр екен. Емханаға келген мамандар біраз ескерту айтып кетті.
Подробнее...Жұмысына кімдер оралады?
Ендігі аптадан бастап елорда мен Алматы қаласының 228 мың тұрғыны өздерінің жұмыстарына қайта орала алады. Бірақ қай сала қызметкерлерінің бағы жанатыны нақты бекітілген жоқ. Әзірге қос шаһардың басшысы мемлекеттік комиссия мүшелеріне қаланың тіршілігін қамтасыз ету үшін бірқатар орындарды ашуын өтініп, тізім жіберген. Толыққанды шешім 15 сәуірде қабылданады. Бір белгілісі, карантин аяқталғанша балабақша, мектепке дейінгі үйірмелер істемейді.
Подробнее...Азық-түлік бағасы күн санап өсуде
Карантин мерзімі ұзарған сайын азық-түліктің бағасы да шарықтауда. Наурыз айының қорытындысы бойынша, 2017 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш тіркелген. Күнделікті тұтынатын тауарларының бұлай қымбаттауы, бірінші кезекте, қарапайым халыққа қиын әрине. Біз айтпасақ, шектеуде отырғандықтан, шеттегі саудагерлердің қалай құныққанын білмей, үйдің жанындағы дүкеннен басқа бағаларды көргенде ғана таңғалады. Бірақ тым кеш. Өйткені баға деген балық сияқты. Кері қарай жүзе алмайды. Бір …
Подробнее...Бір тәулікте 174 адамнан індет анықталды
Алматы Коронавирустың қызыл тізімінде бас қаланы басып озды. Әрине, жарысатын жағдай емес, бірақ ереже бойынша бәрі тіркеліп отыруы керек. Ең өкініштісі вирус жұқтырғандардың басым бөлігі медицина саласының қызметкерлері. Араларында жедел жәрдем бригадасынан бастап, емхана, аурухана дәрігерлеріне дейін бар.
Подробнее...Ел жатарда балконнан ән айтуға болмайды
Ел жатарда балконнан айғайлап ән айтуға болмайды. Ескертуді қаперге алмағандар әкімшілік жазаға тартылады! Елорданың бас полицейі Ержан Сәденов қала тұрғындарына осындай ескерту жасады. Шендінің сөзінше, соңғы кезде астаналықтар кешкі уақыттағы тыныштықты жиі бұзатын болған. Қой десе де, түн жақындағанда қылтиманың әртістері ән айтып, флешмоб өткізуді әдетке айналдырған. Бұл тыныштық туралы жалпы тәртіпке қайшы ғой. Сондықтан азаматтар бұл бастамасын тоқтатып, ережеге …
Подробнее...Карантин кезінде балалардың танымын арттырайық!
Карантин – өзіңе көп уақыт арнап, кітап оқып, танымыңды кеңейтетін жақсы мүмкіндік. Оқшауланудың ең басты артықшылығы — сананы тұрмыс билеген заманда күйбең тіршілікті ысырып қойып, ет жақындарыңмен көбірек бірге боласың. Осы отбасылық уақытты көңілді әрі қызықты өткізудің қаншама әдісі бар. Ал ең пайдалысы — болашаққа инвестиция құю, яғни, балаларыңды дамыту. Арнайы айдарға кезек беріп, келесі видеоны тамашалайық.
Подробнее...Індетті анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады
Коронавирусты анықтауға арналған тегін жедел тест қолданыла бастады. Әзірге сынамалар елорда мен Алматы қалаларында қабылдануда. Тесттен өтуді көздеген азамат арнайы сайттан анкета толтыруы қажет. Зертханалар желісі бастапқыда 100 мыңнан аса тест жасауды жоспарлап отыр.
Подробнее...42 500 теңге карантин бойы төленеді
Көмектен теңгеге әркімнің-ақ бар таласы! Елімізде төтенше жағдай кезінде табысынан қағылған азаматтарға деп тағайындалған 42500 теңгеге айлық алып отырған адамдар да ортақтасып жатыр. Оның ішінде, бизнесмен де, тіпті мемлекеттік қызметкерлер де бар екен. Жауапты министрлікке дәл осындай 500 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Ең сорақысы кейбір пысықайлар о дүниелік болған марқұмдардың, елден көшіп кеткен азаматтардың атынан да өтініш беріп үлгеріпті. …
Подробнее...Шетелден гуманитарлық көмек келді
Елімізге аты жаман індет келгелі Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония сынды елдер гуманитарлық көмек жіберді. Ал, бүгін түнде Польшадан елдегі мектеп оқушыларына сұрауы, қайтарылымы жоқ ноутбуктар жетті. Техника балалардың қашықтан білім алуына көзделген екен. Одан басқа не бар?
Подробнее...






