Алматыда әлеуметтік көмек алуға ниетті тұрғындарға карантин де тосқауыл бола алмай тұр. Жиналған жұртшылықтың діттегені 42500 теңге. Сонымен қатар, қаладағы ошақтардың да саны азаймай тұр. Қазіргі уақытта олардың саны 38.
Подробнее...Новости
ОПЕК+ елдері ымыраға келді
Мамырдан бастап қара алтын өндірісі 9,7 млн баррельге дейін қысқармақ. Мұнай нарығының алпауыттары араға бір жарым ай салып, ымыраға келді. Бірақ ОПЕК мүшелері «тарихи» деп баға берген келісімге сарапшылар күмәнмен қарап отыр. Қазақстан да тиісінше, қара алтын өндірісін қысқартуды құптауда. Салдары қандай болмақ? Күллі әлемнің назарын аударған ұйымның ұйғарымы бізге қалай әсер етпек?
Подробнее...Өрістегі мал қырылып жатыр
Жайылымға барып, арам қатты. Ақтөбелік шаруалар өріске кеткен малы қырылып жатқанын айтып, алаңдап отыр. Жағдай көктем шыға ушыға түскен. Малдың неден өлгендігіне сараптама жасап, нәтижесін білгенде, төбе шашымыз тік тұрды дейді. Бұл не індет пе?
Подробнее...Араб Әмірліктерінен келген жолаушылардан індет анықталған жоқ
Шарджа-Талдықорған рейсімен Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралған 135 жолаушыдан індет анықталған жоқ. Короновирус инфекциясына қарсы алынған сынама қорытындысы да теріс нәтиже көрсеткен. 2 тәуліктік тексерістен өткен азаматтардың алды ертеңнен бастап, өз үйлеріне оралады. Жалпы, отандастарымызды әуежайдан күтіп алу, орналастыру, медициналық тексеру шаралары қалай жүргізілді?
Подробнее...Блокпостта пара сұраған қызметкер жұмыстан босатылды
Павлодар облысындағы блокпостта жүк көлігінің жүргізушісінен пара сұраған Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкері жұмыстан босатылды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Мұны интернетке автомобиль рөліндегі ер адамның өзі жүктеген.
Подробнее...Төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін ұзартылды
Елімізде төтенше жағдай режимінің уақыты ұзартылды. 15 сәуірге дейін белгіленген режим Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы айдың соңына дейін созылады. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пәрмен берді. Президентің сөзінше, еліміз коронавируспен ауырудың шарықтау шегінен әлі өткен жоқ. Сондықтан, індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына …
Подробнее...Атырауда карантинде жатқан отандастарымыз шағымдануда
Атырауда карантинде жатқан отандастарымыз шағым айтып жатыр. Стамбулдан келген бір топ жолаушы алғашқыда жергілікті университеттің жатақханасында болдық дейді. Онда бір қабатта ортақ дәретхана, душ болса керек. Келгендердің біреуінен вирус анықталып, карантин мерзімі тағы созылған. Бірақ, бұл жолы жаңадан салынған көппәтерлі үйге жіберіпті. Арнамызға хабарласқан студенттердің сөзінше, ол үй жаңа болған соң жылуға қосылмаған.
Подробнее...Жедел жәрдемдегілер: үстемақымыз қайда?
Уәде етілген үстемақымыз қайда? Төтенше жағдай кезінде үй-күйін ұмытып қызметте жүрген ақ халаттылар наразылықтарын білдірді. Олар денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне қаржылық қолдау үшін бөлінді деген 425 мың теңгені алмадық деп шу шығарды. Қауіпті топқа ене тұра айлығымызға ақша қосылмады дейді. Наразылықтарын білдірген дәрігерлер кімдер? Жедел жәрдем қызметіндегілерді басшылық неге алалайды?
Подробнее...Қызылордалық коронавирус жұқтырған әйел сәбиін босанды
Екі өлім, бір өмір! Павлодар облысы мен Алматы қаласында коронавирус жұқтырған екі адам көз жұмса, Қызылордада осы індетпен ауыратын келіншек дүниеге сәби әкелді .Ал марқұмдардың жасы 84 және 64 — те болғаны анықталды. Екеуі де созылмалы дертке шалдыққан екен. Дерт турасындағы соңғы деректермен әріптесім Нұржан Сәдірбай үйінен тікелей эфирде айтып беруге дайын.
Подробнее...Диқандар: 2-3 күнде шығармасақ, капустамыз жарылады!
Карантиннің кесірінен қып-қызыл шығынға баттық деп түркістандық шаруалар шырылдап жатыр. Олардың өнімін егістіктің басынан алып кететін алыпсатарлардың дені өзге елдің азаматтары екен. Қазақстанға кіре алмай, сауда саттық тоқтап қалған. Көкөністі көлікке тиеп, шет ел асыруға шамасы жоқ диқандар енді шенділерден көмек сұрап отыр. Тараптардың уәжін тілшіміз тыңдаған еді.
Подробнее...






