9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Мемлекет басшысы жиын өткізді

Төтенше жағдай режимі мен карантин мерзімі ұзартылғанына қарамастан, еліміздегі бірқатар кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өз жұмысын бастайды. Оның арасында егістік науқаны да бар. Кей өңірлерде диқаншылық маусымы басталғанын ескерсек, шаруаларға тиісті жеңілдіктер жасалу қажет. Бұл жайлы Төтенше жаңдай жөніндегі мемлектетік комиссияның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президентің сөзінше, карантин кезінде зиян келген экономиканы аяққа тұрғызу керек. Сонымен қатар, коронавируспен …

Подробнее...

Карантин тұрмыстық зорлық-зомбылықты арттыруда

Әлемде коронавирус пандемиясының таралуына байланысты көптеген елдердің карантин енгізгені белгілі. Алайда, БҰҰ бас хатшысының айтуынша, мұндай оқшаулау шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуіне себеп болуда. Біздің елде де жағдай мәз емес екені белгілі.

Подробнее...

Алматы: қоғамдық көліктерде жолаушылар көбейді

Алматыда халық автобусқа аузы-мұрны тола мініп жатыр. Өйткені жеке көліктердің анықтамасыз жүруіне рұқсат жоқ. Амалы құрыған жұрт карантин кезінде арақашықтық сақтамақ түгілі, діттеген жеріне жете алмай әлек. Қоғамдық көлік жолаушыларының арасында уақытын бос өткізіп жүргендері де жетерлік екен.

Подробнее...

Әйелдер де әскери жиынға шақырылуы мүмкін

Әйелдер де әскери жиынға шақыртылуы мүмкін. Бұл мәселе әзірге нақтыланып жатыр. Ал қос мегаполис пен 4 өңірде әскери міндетті ер азаматтар қызметтеріне кірісіп кетті. Олар үш бағыт бойынша, дезинфекциялау, блокпосттар мен ішкі үйлестіру жұмыстарына тартылуда. Жиынға арнайы шақыртылғандардан бөлпек, өз еріктерімен келген азаматтар да жоқ емес екен. Олар кімдер?

Подробнее...

Шетелден тыңайтқыш алдыра алмай, өнімнен қағылып отырмыз

Коронавируске қарсы қабылданған шектеулер отандық кәсіпкерлердің тынысын тарылтып барады. Әсіресе, жылыжай шаруашылығымен айналысатындар шетінен шығынға батуда. Шеттен жеткізілетін минералды тыңайтқыштар мен өсімдік қоректері шекара жабылғалы бері елімізге кіргізілмей жатыр. Салдарынан, Түркістан мен Шымкенттің шаруалары банкротқа ұшыраудың сәл-ақ, алдында тұр. Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, кәсібін өрге дөңгелетіп отырған мыңдаған диқан тығырыққа тірелулері әбден мүмкін. Шекара жабық. Өзге елден тасымалданатын …

Подробнее...

Елдегі электронды жүйелердің әлсіздігін айтып сенаторлар сынады

Елдегі электронды жүйелердің әлсіздігін айтып сенаторлар да сынады. Дәл қажет болған жағдайда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы «ысқырығы жер жарадының» керін киді дейді дейпутаттар. Сондықтан аты дардай жобаны қайта қарау қажет екені айтылды. Естеріңізге сала кетейін, төтенше жағдайға байланысты жәрдемақы алу үшін өтініш әзірлемек болған отандасатарымыз біраз қиналған еді. Желі жүктемені көтере алмай портал жиі істен шыққан болатын. Қашықтан оқу үшін де …

Подробнее...

Қашықтан оқыту қосымшасы қауіпті ме?

Оқушылардың мәселесі түсінікті, ал студенттердің жайы не болмақ? Министр басқаны айтпағанда, жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне толықтай дайын деп сендіріп еді. Расымен солай ма? Қазір, жасыратыны жоқ, барлық сабақ «Зум» байланыс бағдарламасы арқылы жүзеге асып жатыр. Алайда айти мамандары оның қазақстандықтарға үлкен қаупі барын ескеруде. Елеулісі — қосымшаны пайдаланғандардың жеке ақпараты, тіпті банктағы есепшоты көпшілікке еш кедергісіз жария болуы …

Подробнее...

120 дәрігер вирус жұқтырған

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың он бес пайызы медицина қызқметкерлері. Қазір олардың барлығы да арнайы бақылауға алынған. Бірақ, біреуінің халін әріптестері ауыр дейді. Әлем бойынша да вирусты жұқтырғандар арасында ақ халаттылар көп. Қорғаныш киімін киіп, барлық сақтық шараларын жасаса да, мамандар неге ауру жұқтырып жатыр?

Подробнее...

Елорда маңындағы ауылдар қар суынан зардап шегуде

Елордаға таяқ тастам жердегі «Үркер» елді мекенінің тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр. Жұрт жылда көктемді үреймен күтеміз дейді. Еріген қар суы, аулалары мен сарайларына кіріп әбден әбігерге салған. Онсыз да суға батып отырған ауылға әлдекімдер кәріз қалдықтарын төгіп, мәселені тіптен қиындатып жіберіпті. Жергілікті әлеумет, әкімдіктен бірнеше рет көмек сұрағанымен, әзірге еш нәтиже жоқ, — дейді. Тұрғындардың жанайқайы келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Сәуірде жауған қар Шымкентті әбігерге салды

Дауылдан кейінгі өмір! Шымкентте кеше кешкісін басталған қар қалың жұрттың мазасын қашырды. Үздіксіз 10-12 сағат бойы тоқтамай жауып, қалыңдығы 22 сантиметрге дейін жетті. Тіпті, таулы аймақтарда 30 сантиметрге дейін көтеріліп, ауа температурасы 11 грудасқа төмендеп кеткен. Аппақ ұлпаны көтере алмаған кейбір ағаштар бірінен соң, бірі жерге құлап жатыр. Ал, көше бойында жайқалып өсіп тұрған қызғалдақтар суықтан үсіп, жапырақтарынан айырылды. Табиғаттың …

Подробнее...
X