Сенесіз бе? Елімізде жұқпалы індетті жұқтырғандардың 20 пайызына жуығы басқасы емес, сіз бен біздің саулығымыз үшін күресіп жүрген дәрігерлердің өздері екен. Бірнеше күннен бері жайсыз статистикасы жаңармаған бас қалада да бүгін вирус такси жүргізушісінен табылған. Одан бөлек, бүгін инфекцияға шалдыққандардың тізіміне полиция қызметкері де қосылды. Оның жұмыста жүрген кезінде нақты қанша адаммен байланысқа түскені белгісіз әзірге. Қазір студиямен үйінен скайп …
Подробнее...Новости
Тұрғындар жұмыс жасамайтын КСК-ға қарсы
Коммуналдық текетірес. Павлодардағы Пәтер иелері кооперативі өзі жауапты үйдің тұрғындарының тілін таба алмай жүр. Жұрт болса, мекемені өзінің міндеттерін мүлдем орындамайтынын айтып шу шығарды. Тараптардың тартысының соңы төбелеске ұласа жаздады. Арадағы дау неге ушықты?
Подробнее...Шаруалар үшін жанармайды екі есе арзандатуға болады
Шаруалар үшін жанармайды екі есе арзандатуға мүмкіндік бар. Үкімет осыны қолға алуы керек. Бүгін сенаторлар Асқар Маминге сауал жолдап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтып отырған диқандарға қол ұшын созуды сұрады. Әлемдік нарықта қара алтын 2 2,5 есе арзандаса, бізде сұйық отын небары 10 процентке бағасы төмендепті. Шынында дизель құнын анағұрлым арзан бағамен сатуға болатынын меңзеген сенаторлар өзімізді алдаудан аулақ болайық дейді.
Подробнее...Шойын қақпақтарды қолды қылған ұрылар ұсталды
«Ұрыдан ұят кетсе, құдықтан қақпақ кетеді». Талдықорғанда бір түнде бірнеше темір жабындыларды қолды қылған екі ер адам ұсталды. Олар шойын қақпақтарды шаһардағы темір қабылдау орындарының біріне өткізген. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде.
Подробнее...Банктен төлем шотын онлайн ашуға болады
Төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік төлем шотын ашу үшін қазақстандықтар банктерде кезекке тұруда. Бұл жолы да отандастарымызға Kaspi.kz инновациялық компаниясы көмекке келді. Алдағы жұмадан бастап шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйден шықпастан ашуға болады.
Подробнее...Карантин жалғасса, кәсіпкерлер қайтпек?
Карантин кезінде тыйым салынса да кәсіпкерлікпен айналысып, шаруасын тоқтатпағандар бар. Вирустың алдын алуға бағытталған штаб ескертсе де, құлақ аспағандар жауапкершілікке тартылып жатыр екен. Бұл мәселенің бір жағы. Екінші тараптың көзқарасымен қарасаң, ғимаратты жалға алғаны үшін ақша төлеу керек, пәтерақы, азық-түлік деп басталатын шығындарды ешкім жауып бермейді. Коронавирустың кесірінен карантин жалғаса берсе, кәсіпкерлердің жағдайы не болмақ?
Подробнее...91 жастағы кейуана коронавирустан көз жұмды
Елімізде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды. 91 жастағы кейуана Ақмола облысының тұрғыны екен. Ол бұдан бұрын осы дерттен көз жүмған ер адаммен байланыста болған. Осымен COVID құрбандарының саны жетеуге жетті. Ал науқастар саны 709 адам. Республика бойынша бар ақпаратпен бөлісуге, тілшіміз Әсем Изатқызы үйінен скайп арқылы байланысқа шықты.
Подробнее...Үш қалада емханалар құрылысы қарқынды жүріп жатыр
15 млрд теңге. Еліміздің үш ірі қаласында құрылысы басталған госпитальдардың жобалық құны осындай. Бұл әзірге алдын-ала болжам ғана. Әлі аурухананың жабдықтарына кететін шығын тағы бар. Бүгін нысанға жауаптылар осындай мәлімет берді. Қазір Елордадан бөлек, Алматы және Шымкент қалаларында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационарды тұрғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жұмысшылар, 3 ауысымда еңбек етуде.
Подробнее...Ақтөбедегі карантин: жолаушылар автобустарылық толы
Ақтөбеде карантин жарияланғанымен, шенділер қауіпсіздіктің алдын алу шараларына дайын болмай шықты. Таңертең жұмысқа асыққан тұрғындар қоғамдық көлікті сағаттап күтіп, діттеген жеріне жете алмағандары былай тұрсын, автобуста адамның көптігі сондай, ине шаншар орын болмады деп шу шығарды. Екі адамнан артық бірге жүруге болмайды, арақашықтықты қатаң сақтау керек деп дабыл қаққан қазіргідей уақытта, Ақтөбенің атқамінерлері неге мұны ескермеді?
Подробнее...Дауылдың салдарынан екі адам қайтыс болды
Екі адам қайтыс болып, жиырма жан зардап шекті. Сейсенбіде сергелдеңге салған қатты жел мен қарлы боранның салдары осы. Әсіресе, Ақмола, Қостанай мен теріскейдегі табиғаттың тосын мінезі тұрғындарды қатты шошытты. Көпқабатты үйлердің шатыры ұшып, балкондары жұлынды. Ал бірнеше елдімекен жарық пен судан ажыратылған. Ел төтенше жағдайдан үйлерінен шыға алмай отырғанда, сыртта ылаң салған аномалия тағы қайталанауы мүмкін.
Подробнее...






