0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Банктен төлем шотын онлайн ашуға болады

https://youtu.be/sLUFa_X_UEw Төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік төлем шотын ашу үшін қазақстандықтар банктерде кезекке тұруда. Бұл жолы да отандастарымызға Kaspi.kz инновациялық компаниясы көмекке келді. Алдағы жұмадан бастап шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйден шықпастан ашуға болады.

Подробнее...

Алматыда мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылуда

Алматыда 11 мыңнан астам адам жедел телефон желісіне қоңырау шалған. Олардың көбі азық-түлікке зәру екендерін жеткізіпті. Үш аптаға жуық карантинде жатқан тұрғындардың тамағы азайып, қаражаты таусыла бастаған сыңайлы. Қазіргі уақытта түрлі ұйымдар мен әкімдіктің көмегін еріктілер тынбай жеткізуде.

Подробнее...

Талдықорғандық студенттер мен оқушылар енді автобуста тегін жүрмейді

Талдықорғанда студенттер мен оқушылар енді автобуста тегін жүре алмайды! Өйткені олардың қолындағы жол жүру билеттері жарамсыз болып қалды. Нәтижесінде 260 млн теңгедей қазына қаржысы үнемделгелі отыр. Яғни, жолаушы тасымалдау мекемелері сәуір-мамыр айларына бөлінген ақшаны бюджетке қайтарады. Әкімдік мұндай қадамға не үшін барып отыр? Жеңілдіктен қағылғандардың өздері не дейді?

Подробнее...

Елбасы: бірлесе білген ел жеңеді!

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Тұңғыш Президент соңғы уақытта коронавирусқа байланысты елдегі ахуалға пікір білдіріп, халықты сабырға шақырды. Мемлекетте арнайы қордың барын айтып, қиын жағдайдан шығудың жолы барын меңзеді. Мақалада көрсеткендей, елде қаржы қорынан бөлек, медициналық ресурс пен азық-түлік те жеткілікті дейді. Мақалаға байланысты Парламент өкілдері пікір білдірді.

Подробнее...

Елдімекендерді су басу қаупі бар

Ақмола облысында жарылыс! Қызыл судың арнасын бұрып, тұрғындар мен елдімекендердің амандығын сақтап қалу үшін төтеншеліктер осындай қадамға баруда. Облыста тіпті кейбір қалаларды су басуы мүмкін. Биыл қыста қардың көп жауғанын ескерсек, бірқатар өңір осындай жағдаймен бетпе-бет келейін деп тұр.

Подробнее...

Коронавирус жұқтырған 20 отандасымыз ауыр халде

Коронавирус жұқтырған 20 отандасымыз ауыр халде. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр. Ал соңғы тәулік ішінде денесін дерт дендегендердің саны 93-ке артқан. Жұқпалы инфекцияға шалдыққандар әсіресе аймақтарда күрт өсіпті. Ал енді жағымды жаңалық! Инфекциядан құлан-таза айыққандар саны 50-ге жетті. Бүгін Елордада үш адам ауруханадан шығарылды.

Подробнее...

Карантин: Aқтөбедегі ахуал

Ақтөбеде кеше кешкі 9-да карантин жарияланғаны туралы айтқан болатынбыз! Бұған дейін шектеу шаралары орнаған шаһарда қазір жағдай тұрақты ма? Қала тұрғындары карантиннің алғашқы күнін қалай өткізді? Өңірдегі тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова Скайппен байланысқа шықты.

Подробнее...

Ақ халаттыларға алғыс!

Жыл басында коронавирус дерті әлемді жайлай бастағанда 10 мыңға жуық қазақстандық шетелде жүріп-тұрып жатқан еді. Дерт бақылаудан шыға бастағалы 5000-ға жуық отандасымыз елге оралды. Оларды қабылдап, жатқызып, тексеру өте маңызды мәселе. Міне, осы кезеңде, вируспен бірінші бетпе бет келген жандар ақ халаттылар.

Подробнее...

Алматы әкімдігі тәртіпті күшейтті

Алматылықтарға вирус жұқпай ма? Мегополис тұрғындары карантин режимін демалыспен шатастырса керек, үш күннің ішінде талапты бұзған жүзден астам адам ұсталыпты. Олардың барлығы жауапқа тартылып, үйлеріне қамалды. Жауапсыз жандардың әрекетінен шаршаған әкімдік енді жүріп-тұруға рұқсат ететін барлық құжаттың күшін жойған.

Подробнее...

Табиғат тосын мінез көрсетті

Көктемнің ортасында табиғат тосын мінез көрсетті. Еліміздің солтүстік өңірлерінде нөсер жауып, соңы қарға ұласты. Мәселен, Қостанай облысында ақтүтек бораннан 3 бірдей аудан орталығында жарық сөніп, су мен жылу беру тоқтап қалған. Басқа өңірлерде де жағдай мәз емес. Қарағанды, Петропавл қалаларында да күн күрт суытыпты. Алапат дауыл ағаштарды тамырымен жұлып, көптеген үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер бар ма?

Подробнее...
X