Биыл егістік алқаптарына су тапшы болуы мүмкін. Қоймаларда су жиналып жатыр дегенімен, бастауы көрші елдерден ағатын өзендерден толығып отырмаса, жағдай қиындамақ. Осыған орай, тиісті министрлер арасында онлайн жиын өткізілмекші. Сонымен қатар, суды ретсіз пайдаланбай сырыапсыз суару әдісін енгізуді жеделдету қажеттілігі туындап отыр. Ол үшін әкімдер ұсақ шаруашылықтан бас тартуды ұсынуда. Шаруалар не істеуі керек?
Подробнее...Новости
Тоқаев: Aзық-түліктің қымбаттауына жол берілмесін!
Төтенше жағдай кезінде халық азық-түліктен таршылық көрмеуі тиіс. Тұрғындар жиі тұтынатын ас-ауқаттың бағасы шарықтап кетпеуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы логистикалық кешенді аралау барысында осылай деді. Әлемдегі ахуалды сөз ете келе, Президент Орталық Азия мемлекеттері гуманитарлық жәрдем сұраған жағдайда, Қазақстан көмек қолын созуға әзір екенін мәлімдеді.
Подробнее...Қызылорда облысында 38 елдімекенді су басуы мүмкін
Қызылорда облысындағы 38 елдімекен су астында қалуы мүмкін. Аймақта жуырда ғана әкім болып барған Гүлшара Әбдіқалықова осындай қауіп барын айтып, Үкіметтен көмек сұрады. Оның айтуынша, тасқын су жұртты әбігерге салмау үшін Қызылорда су торабын тез арада жөндеу қажет. Бұл жұмыс дер кезінде жасалмаса, қызыл судың басуынан бөлек, өңірдегі үш аудан мен қала маңындағы мыңдаған гектар суармалы, шабындық және жайылымдық жерлер …
Подробнее...Тағы үш аймақ карантинге жабылады
Тағы үш аймақ карантинге жабылатын болды. Бүгін кешкі сағат тоғыздан бастап Ақтөбе қаласы, ал түнгі 12-ден Тараз қаласы мен Қарағанды облысында карантин режимі енгізіледі. Мұндай шешімді әр аймақтың мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қабылдады. Карантиннің шектеу шараларынан айырмашылығы неде?
Подробнее...Жақсы ауданының тұрғындары көмек сұрады
Әлекке салған әкім! Ақмола облысындағы аудан басшысы кәсіпкерлердің жақсылық жасауына кедергі келтіріп отыр екен. Дәл осындай шағыммен арнамызға хабарласқан бизнес иесі, тұрғындарға азық-түлік тарата алмай, сергелдеңге түстім дейді. Сонда атқамінерлер қайырымды іске қарсы ма? Әлде біз білмейтін мәселе бар ма?
Подробнее...Сабақтың алғашқы күні қалай өтті?
Оңайға түспеген онлайн оқу тоқтатылып, бүгін оқушылар төртінші тоқсанды өзгеше бастады. Қашықтан оқу қамына кіріскен мұғалімдер де бүгін таңмен таласа балаларға төрт түрлі тәсілмен білім беруде. Сонымен, сабақтың алғашқы күні қалай өтті? Қандай қиындықтар бар? Дәл осы сұрақтарға әріптесім әрі төрт баланың әкесі Медетжан Ізғұтты жауап бермек!
Подробнее...Өркениеттен қол үзген ауыл
Өркениеттен қол үзген ауыл! Ақмола облысындағы Зеренді ауданына қарасты 4 елдімекенді аймақтармен байланыстыратын жолды су шайып кетті. Өңірдегі ірі су қоймасының арнасы еріген қар суына төтеп бере алмай, ернеуінен асқан көрінеді. Мыңнан астам тұрғыны бар шалғайдағы ауылдарға осы уақытқа дейін құтқарушылар ат ізін салмапты. Ал, жуырда ғана төңіректі тікұшақпен шолып шыққан төтеншеліктер жұртты тасқынға тас-түйін дайынбыз деп сендірген еді. Одан …
Подробнее...Шымкентте барлық төлемдер қолма-қол ақшасыз жасалады
Бүгіннен бастап, Шымкенттің барлық сауда орындары электронды төлем жүйесіне көшірілді. Енді кез-келген сату және сатып алу ісі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Банктік картасы жоқ азаматтар қаржы ұйымына қоңырау шалып немесе онлайн режімінде тапсырады. Сөйтіп, дайын картаны үйіңізге дейін жеткізіп береді. Ал, есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары уақытша жабылады. Бұл қауіпті дерттің алдын алуға бағытталған қадамның бірі. Сондай-ақ, жергілікті билік вирусқа …
Подробнее...120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған
Елімізде 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр. Олардың ішінде біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы бас санитар Айжан Есмағамбетова брифинг барысында мәлімдеді. Жалпы алғанда, еліміз бойынша 16 науқас қазір ауыр халде екен. Ал инфекцияға шалдыққандардың 45-і бала болып шықты. Ақ халаттылар науқастардың жартысынан көбіне қатысты жағымды жаңалық айтты!
Подробнее...Сонымен 42 500-ді кімдер алады?
Жыр болған жәрдемақы! Соңғы аптада жұрт арасында қызу талқыға 42 500 теңгені берудің талаптары аздап өзгерді. Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мемлекеттік көмекті нақты кімдер алуға мүмкіндігі барын тәптіштеп түсіндіріп берді. Біржан Нұрымбетовтің сөзіне сенсек, жәрдемақыға қол созғандар арасында соңғы айларда жалақысы 500 мыңнан асқан жандар да табылыпты. Бірақ мұндай қитұрқылыққа барғандардың жоспары іске аспайды, дейді министр.
Подробнее...






