Елімізде карантинге байланысты бірқатар спорттық шараларкейінге шегеріліп, соныңарқасындаазды-көпты 3,7 миллиард теңге үнемделетін болды. Мұнайдың құны құлдырап, теңгенің курсы күрт өзгергенде артылған қаржы артық етпейтінін үкімет мүшелеріжақсы түсінеді. Бұл туралы бүгін мәдениет және спорт министрі айтты. Ақтоты Райымқұлова тағы не деді?
Подробнее...Новости
42 500 теңгені қалай аламыз?
42 500 теңгені қалай аламыз? Халыққа кешеден бері маза бермей жүрген сұрақ осы. Жұрт электронды үкімет порталына жаппай лап берсе керек, онысы бірде істеп, бірде жауап қатпай жатыр. Электронды қолтаңбасы жоқтарға арнайы сайт пен телеграм парақша ашылуы керек еді. Бүгін ол парақшалардың бірнешеуі бірақ ашылып, жұртты біраз шатастырды.
Подробнее...Инфекцияны анықтайтын тест саудасы қызып тұр
Елімізде енді кез келген азамат коронавирусты анықтау үшін ақылы сынама тапсыра алады. Тесттің құны 5 мың теңге. Бірақ, мұндай құрылғылар әлі республика аумағына әкелінген жоқ. Осы ұрымтал тұсты пайдаланғысы келген кейбір алаяқтар, интернетте «тест» саудасын қыздырып тұр. Бағасы да қол жетімді. Дәл осындай ақпаратты естіп алған тұрғындар, тиімділігі белгісіз сынамаларды жапа-тармағай сатып алу үшін тапсырыс беруде. Ал, денсаулық сақтау министрлігі …
Подробнее...Алматы: “Асыл Арман” ТК карантинге жабылды
Алматы облысында бүтін бір тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Онда тұратын 20 мыңнан астам түрғын енді екі апта бойы үйлерінде отырулары тиіс. Облыс аумағында 9 адам коровирус індетін жұқтырса. Соның екеуі осы кешенде тұрады екен. Алматылық тілшімізден атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрап білейік.
Подробнее...Тазалық тоннелі
Қылдай микробты жояды! Қазіргідей қысылтаяқ кезде коронавирусты жоюдың түрлі тәсілдерін айтып, ақыл қосып жатқандар көп. Біреулер сарымсақ жесең, вирус жоламайды десе, енді біреулері бетперде мен қолғаптан асқан қорғаныш құралы жоқ дейді. Ал Ақтөбеде коронавирустан сақтану үшін жер-жерге арнайы тоннельдер қойылып жатыр. Дәліздің пайдасы бар ма?
Подробнее...Шаруалар мемлекеттік қолдауға ие болды
Коронавирустың жаппай таралуы шаруаларға айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, мемлекет жер еміп өскен жандарды жаппай қолдауға бет бұрды. Ол үшін қазынадан 100 млрд теңге қарастырып, көктемгі дала жұмыстарын жандандыруға күш салып жатыр. Қыруар қаражатқа ие болған Талдықорғандық шаруа қожалықтары егіс алқабын игеруге толықтай кірісіп кетті.
Подробнее...Қытайдан гуманитарлық көмек келді
Елімізге Қытайдан жарты тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді. Таңғы сағат 5-те Алматы әуежайына келіп қонған ұшақ толықтай дезинфекцияланып, ішіндегі заттары бірден қоймаға жеткізілді. Онда салмағы 540 келі болатын 65 қорап жинақталған. Мұндай жүктерге кедендік баж салығы салынбайтын болғандықтан, жеңілдетілген түрде өңделеді. Ал, тексеруге небәрі 10-15 минут қана уақыт кетеді екен. Бұған дейін елімізге Жапония, Түркия және АҚШ елдерінен де гуманитарлық …
Подробнее...Індетпен күресетін дәрігерлер миллионнан астам айлық алады
Елімізде індетпен күрескен дәрігерлерге айлықтарынан бөлек үстемақы төлене бастады. Мысалы, Нұр-Сұлтанда 1400-ден астам маманға 153 миллион теңге көлемінде қаржы беріліпті. Мұндай қаржылай қолдау алдағы үш ай бойы жалғаспақ. Айта кетейік, вирус алдында тайсалмай қарсы тұрған ақ халаттыларға арналған үстемақының ең аз көлемі 210 мың теңгеден басталып, 850 мың теңгеге дейін жетеді.
Подробнее...Коронавирус: әлемде дәрігерлер жетіспейді
Ал кәрі құрлықта науқастарды қарайтын дәрігерлер жетіспей жатыр. Тек Испанияның өзінде инфекцияға 10 мыңға жуық ақ халатты шалдығыпты. Салдарынан бір дәрігер күніне 40-50 науқасқа дейін қарауға мәжбүр. Одан бөлек, Италия, Франция мен Германияның стационарларында пациенттерді жатқызатын бос орындар қалмаған. Ал әлем бойынша жұқпалы індетті 860 мыңға жуық адам жұқтырыпты. Өкініштісі, минут сайын өзгеріп жатқан жайсыз статистикаға қарамастан, Еуропа халқы карантин …
Подробнее...Коронавирустан үшінші науқас көз жұмды
Елімізде коронавирустан үшінші адам қайтыс болды. 62 жастағы азамат Қарағанды тұрғыны екені белгілі. Ол 30 наурыз күні ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Медицина мекемесіне әкелінген кезде тұрғынның өкіпесінде «екі жақты пневмония» және «ауа жетіспеушілігі» диагнозы қойылған. Ал, Түркістан облысында Covid-19 инфекциясын жұқтырған әйел Елордадан Шымкентке пойызбен барған.
Подробнее...






