Жағдайдың ушыға түсуі халықты қолдаудың ауқымын кеңейтуге итермелеуде. Президент тағы бір мәрте үндеу жариялап, бірқатар тапсырмалар берді. Бұл жолы жұмыссыз қалғандарға арналған жәрдемақы алушылардың қатары едәуір кеңейетін болды. Кәсіпкерлерді қолдау артып, мұқтаждарға тегін азық-түлік таратылмақ.
Подробнее...Новости
Құлдыраған мұнай: теңгенің халі не болмақ?
Мұнайдың бір баррелінің құны бұл күні 20 доллардың айналасында. Алайда экономист мамандар алдағы уақытта қара алтынның бағасы 1 теңгеге дейін құлдырап кетуі мүмкін деп болжап отыр. Мұнай арзандап, теңге құнсызданса елімізге, әр қазақстандыққа қалай әсер етеді?
Подробнее...Дезинфекциялау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Алматы короновирус дерті ең көп табылған екінші аймақ. Қазіргі уақытта қалада дезинфекциялау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығы және тәртіпті қадағалау барысы жайлы тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Бауыржан Жақсымбет айтып береді.
Подробнее...Карантинге қарамастан: жезөкшелердің жұмысы қызып тұр
Шымкентте қосымша шектеулер енгізілгеніне қарамастан, жезөкшелердің жұмысы қызып тұр. Тәнін сатып үйренгендер тіпті, әлемге жайылып кеткен дерттен секем алатын түрлері жоқ. Түнгі көбелектерге полицейлермен бірге тілшілеріміз де рейд жасап келген еді.
Подробнее...3 жасар баласымен серуендеп жүрген әйелді ұрлап әкетіп, ұрып-соқты
Алматы облысында баласымен бірге серуендеуге шыққан әйелді белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, ұрып-соққан. Бұл туралы зардап шеккен келіншектің анасы бейнеүндеу жолдады. Үйге оралмаған қызын іздеген ол, жол бойында жалғыз жүрген 3 жасар немересін тауып алыпты. Ал із-түссіз жоғалған нәзік жанды қаскөйлер бірнеше сағаттан үйінің алдына әкеліп тастаған. Әлдекімдерден таяқ жеген әйел бірден тәртіп сақшыларына арызданған.
Подробнее...Еліміз індеттің сорақы салдарына дайын ба?
Жақсылықтан үміт үзбейміз, дегенмен індеттің ең сорақы салдарына да дайын болуымыз керек. Дамыған елдердің өзінде медицина мамандары жетіспей, төсек-орын тапшылығы туындап жатқанда, біздегі ахуалды болжаудың өзі қорқынышты. Науқастар саны кенеттен көбейіп кетсе, жауапты ведомстаның қандай жоспары бар? Ал осы коронавируспен күресте таптырмас құрылғы саналатын жасанды дем беру аппараттары бізде жеткілікті ме?
Подробнее...Карантинді бұзған жүргізушілерге «Cергек» айыппұл салады
Карантин уақытында ескертуді елемей көшеде жүрген автокөлік жүргізушілеріне енді «Сергек» арқылы айыппұл салынады. Онымен қоса, шектеу кезінде қолында рұқсат етілген құжаты жоқ тұрғындардың темір тұлпарлары айып тұрағына қойылады. Қазірдің өзінде, дәл осындай 30 көлікке хаттама толтырылып, арнайы орынға жабылды. Одан бөлек, құзырлы орган қала аумағында қосымша дәл осындай тұрақтарды ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, заңға бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, …
Подробнее...Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды
Өкінішке орай коронавирус тағы бір адамның ажалына себепші болды. Ауру жұқтырған елордалық тұрғын 10 күн бұрын жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдаған. Алайда дәрігерлер оның өмірін арашалай алмады. Онымен байланыста болғандардың қатары анықталды.
Подробнее...Ұлттық университет үздіктер қатарында!
Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындардың жүздігіне ену айтарлықтай қолжетімді мақсат. Мұны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дәлелдеп отыр. Еліміздегі жетекші білім ордасы әйгілі «QS» пәндік рейтингісі бойынша озық шыққандардың қатарына кірді.
Подробнее...Карантиннен кейін кәсіпкерлер берешектерін қалай өтейді?
Отандық бизнесті қолдауға деп бөлінген қаражат кәсіпкерлердің қолына жетпей қалуы мүмкін. Иә болмаса екінші деңгейлі банктер арқылы берілгендіктен қағаз машақаты көбейіп, пайыздық үстемақысы артады деген де қауіп бар. Мұны экономист мамандар болжап отыр. Карантин өтер, төтенше жағдай артта қалар. Бірақ, бизнес банкротқа ұшырамай ма?
Подробнее...






