Жыл санап елімізде электр эениргиясын тұтыну көлемі артып келеді. Қазірдің өзінде көрші Ресейде электр қуаты сатып алынуда. Бұлай жалғаса берсе көрші мемлекеттердің қуат көздеріне тәуелділік арта түседі. Ал қуат көзін өндіретін жылу электр орталықтарының тозығы жете бастаған. Одан арылудың бір жолы елімізде АЭС салу дейді сарапшылар. Мәселен еуропадағы ең дамыған мемлекет Германия өз елінде АЭС-ті жауып, ресей газы мен мұнайынан …
Подробнее...Новости
БАЛҚАШҚА БАРҒАНДАР УЛАНЫП ҚАЛДЫ
Балқашқа демалуға барғанда байқаңыз! Табиғат аясында тынығамыз деп барғандар ауруханадан бір-ақ шықты. Көл жағасында орналасқан демалыс орнына жедел жәрдем бригадасы бір емес, екі емес, сағат сайын барып тұрыпты. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.
Подробнее...КӘРІЗ ИІСІНЕ ТҰНШЫҒЫП ОТЫР
Елордалықтардың жолы болмай жүр. Астанада тұрғындар көшелеріне 5 жылдан бері асфальт төсей алмай әлек. Әкімдік уәде еткен жол биыл жазда салынып басталыпты. Алайда бұқараның қуанышы ұзаққа бармады. Себебі жол құрылысына жауапты мердігер жерді қазу кезінде кәріз құбырын тесіп алып, жағдайды одан сайын ушықтырған. Ал енді оны кім жөндейді, халықтың мәселесі қалай шешіледі?
Подробнее...63 ПАЙҒАМБАР ЖАСЫ ЕМЕС
63 жас Мұхаммедке Пайғамбарлық қонған жас емес. Жұрт жаңсақ ойлап, жаңылысып жүр. Есімі елге етене таныс дінтанушы осылай деді. Ал қырық жасты қазаққа тойлауға болмайды екен. Себебі оның арты қайғыға алып келуі мүмкін. Сонда қырық санының қандай құдіреті бар? Жалпы әр жасты атойлатып атап өтуге бола ма?
Подробнее...АҚТӨБЕ-ҚАРАБҰТАҚ ЖОЛЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Ақтөбеде бір аптада он екі адам опат болған тас жолда бақылау күшейді. Енді полицейлер Қарабұтақтан облыс орталығына және керісінше бағытта бет алған көліктерге жол көрсетіп, ілесіп отырады. Осы уақытқа дейін көпшілік шағым айтып шаршаған Самара-Шымкент бағытындағы жолдың сапасы бұдан жақсарып кетер ма екен? Мұндай бақылау қашанға дейін жалғасады, әлде бір реттік акция ма?
Подробнее...ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АНАНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
Жалғыз ұлынан айырылған ана әділдікті талап етеді! Қызылорда облысында мамыр айында 9-шы сынып оқушы әлімжеттіктен көз жұмған болатын. Ерасыл Төребай өз сыныптастарымен 10-шы сынып оқушыларының айтуымен ауыл шетіне барған. Жоғарғы сынып оқушылары онда келген балаларды «бізді сыйламайсыңдар» деген уәжбен соққыға алыпты. Көкірек тұсынан соққы алған Ерасыл көпке ұзамай, сол жерде жан тапсырған еді. Марқұмның анасы тергеу амалдары 3 айға созылып, …
Подробнее...СЕКС-ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚЫЗ ЖАЙЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК
Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікке итермелеген бір топ сынып оқушыларының ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктінің бәрі үй қамаққа жіберілген. Ал, бүгін маслихат өткізген жәбірленген жеткіншектің анасы қыздың банк шотына мың адамнан ақша түсіп, келесі адамға аударылғанын айтты. адам жаны түршігетін оқиғаны әріптесім Гүлнәзия Мейірханқызы да жіті бақылауда.
Подробнее...КӨПБАЛАЛЫЛАР ОПЫҚ ЖЕДІ
Көпбалалы отбасыларға обал болды! Павлодарда мемлекеттік тапсырыспен салынған жалдамалы үйдің шатыры қирап, қабырғасы сөгіліп, іргетасы отырып жатыр. Пайдалануға берілгеніне бір жыл да толмаған қоныстары қазірдің өзінде қауіпті болып тұр. Жанұялар пәтерге енді көшкенде жуыну бөлмесі мен әжетханадағы бұйымдар да ескі болды дейді. Ал арызын мердігерге жеткізгенде, олар осыған да шүкір етіңдер деп қысқа қайырыпты.
Подробнее...ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ
Өмірін өзгені қорғауға арнаған арнаған әулет! Ақтөбеде үрім-бұтағымен бірге төтенше жағдай саласында жұмыс істейтін отбасы бар. Атасы бастап, ұлы қызметті жалғастырып, немересі де бұл міндетті мақтанышпен атқарып жүр. Жұрт мақтаған Жетібаевтармен біздің тілші де жүздесіп қайтқан еді. Сюжетке зер салыңыз!
Подробнее...ДАУЫЛ МЕН НӨСЕР ЖАМБЫЛДЫҢ АСТАҢ-КЕСТЕҢІН ШЫҒАРДЫ
Жамбылдықтар жаздың күнінде де жаңбырдан көз ашпай-ақ қойды. Жаңатасты жайпаған су енді Қордайдың ауылдарын алып кетті. Жауынмен жағаласып, жойқын желдің соққаны да жығылғанға жұдырық болды. Толассыз жауған нөсер соңы тасқынға айналған. Қираған көпір, бұзылған құбыр, қырылған мал. Әулиеаталықтарды әуреге салған апокалипсис жайлы әріптесім Ұлдана Жұбай айтады.
Подробнее...






