6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

Жұртты жалықтырған жиын

«Қазіргі әкімдер мен министрлердің халыққа есеп беру жиындарына қасаң цифр, көзбояушылық пен формализм көп». Жиналыстардан шаршаған Парламент депутаты Мұрат Бақтиярұлы осындай мәселе көтерді. Күнделікті жұмыстарын тізбелеп беретін шенеуніктердің баяндамасын тыңдау үшін өңірлерден келетіндер қыруар қаржы шығындайды екен. Сонымен, халық алдындағы есептік кездесулердің форматын қалай өзгерту керек?

Подробнее...

Азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі!

Елдегі азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі! Өңір басшылары аймақта тауардың бағасы артқанына бас ауыртпайды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметте әкімдерді осылайша сынады. Ведомство басшысы базарларда алыпсатарлардың қаптағанын да мәлімдеді. Тауарды тонналап сатып алып, кейіннен құнын қымбататып сататындарға қарсы да шара қолданылмақ. Қалайша?

Подробнее...

Төтенше жағдай жалғасады

Елордада төтенше жағдай режимі әлі біраз уақыт сақталатын түрі бар. Өйткені алдағы климаттық ахуал көңіл көншітпейді. Қалың жауған қардан бөлек, температураның жоғарылауы да төтеншеліктерді алаңдатып отыр. Алда қандай күн райы күтіп тұр? Неге дайын болуымыз керек?

Подробнее...

Депо басшысы жұмысшыларын «пышақтаймын» деп қорқытқан!

«Сен менің қанымды іштің, қазір пышақтаймын!». Қарағанды облысындағы локомотив пайдалану депосының басшысы қоластындағы жұмысшыларын осылай деп қорқытқан. Төзімі таусылып, шыдамы шегіне жеткен жаңаарқалық теміржолшылар бүгін журналистерге бар былықты жайып салды. Бес жыл бойы жалақыға жарымай, тозығы жеткен техникамен жұмыс істеп келген жандар басымызға қауіп төніп тұр дейді.

Подробнее...

Шенділер жерді туыстарына бөліп берген

Алматы облысының Кеген ауданында ауыл шаруашылық жерлерін шенділер өз туыстарына бөліп берген. Бірі баласына енді бірі әкесіне, тіпті әйеліне учаске алып берген комиссия мүшелері де бар болып шықты. Жабық түрде өткен конкурста жеңімпаз атанғандар арасында тышқақ лағы да жоқтары бар екен. Ұсынылған 238 гектардан қарапайым тұрғындарға ұлтарақтай да жер бұйырмаған. Мал жаюға жайылым таппай қалған шаруалар БАҚ өкілдерінен көмек сұрады.

Подробнее...

Түрмеге жасалған экскурсия

Ал, Павлодарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктерді түрмеге апарып, экскурсия жасатты. Олардың мақсаты пара алудың соңы түзеу мекемесімен аяқталатынын түсіндіру екен. Одан өзге қандай іс-шаралар өткізгенін тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Кәсіпкерлер 3 жылға салықтан босатылады

Бір миллионнан астам кәсіп иелері үшін жағымды жаңалық. Салық төлеуден 3 жылға босататын заң күшіне енді. Осы уақыт аралығында бизнес өкілдері 380 миллиард теңгеге жуық табыс салығын төлемейді. Сәйкесінше, қаражаттары қалталарында қалады. Алайда, мұндай жеңілдікті пайдалана алмайтындар да бар екен. Сонымен, қазынаға түспейтін қомақты қаражат ел экономикасына әсер ете ме? Есеп тапсырудың әдіс-тәсілінде қандай өзгеріс бар?

Подробнее...

Сергелдеңге түскен дихандар

Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнім көлемі едәуір азаятын түрі бар. Көмір мен табиғи газ бағасының қымбаттауы жылыжайда еңбек еткен диқандарды сергелдеңге салып отыр. Салдарынан Сарыағаш ауданындығы агро кәсіпті жандандырып отырған кәсіпкерлер түгелімен банкротқа ұшыраған. Басты себеп, субсидия тоқтатылғаннан соң диқандар несиеге белшесінен батқанында болып тұр. Жоғары пайызбен үстем ақы төлеу едәуір қиындыққа соқтыруда дейді шаруалар.

Подробнее...

Қытай 10 күнде аурухана салды

Қытай үкіметі сөзінде тұрды. Небары 10 күнде коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдайтын аурухана салып бітті. Құрылыс жұмыстары 23 қаңтар күні басталып, бүгінге дейін қызу қарқынмен жалғасты. Алайда дерттің беті қайтпай тұр.

Подробнее...

Сағатына 4 әйел зорлық көреді

Қазақстанда сағатына 4 әйел зорлық көреді. Америкалық ғалымдар жүргізген зерттеуге сенсек, қыз-келіншектердің қауіпсіз өмір сүруі бойынша еліміз 72 мемлекеттің ішінде ең соңғы орынға жайғасыпты. Тіпті әлеуметтік жағдайы нашар Африканың кей елдерінің өзі рейтингте біздің алдымызда тұр екен. Неге? Қорғансыздың күнін кешіп жүрген қаракөздеріміздің қатары неге артып барады?

Подробнее...
X