2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Кәсіпкерлер биліктен көмек сұрады

Карантин кесірі тиген кәсіпкерлер көшеде шу шығарды. Елордадағы ірі сауда үйін жалдап отырған жандар басшыларының орынсыз ақша талап еткеніне наразы. Ай сайын алпыс мыңға жуық ақшаны қалтасынан шығаруға қиынсынған саудагерлер ел билігінен көмек сұрады. Ал жұмыс беруші тараптың өз уәжі бар!

Подробнее...

Вирус еліміздің 11 өңіріне тарады

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың географиясы кеңейді. Бүгін инфекцияға шалдыққандар Атырау мен Павлодарда анықталды. Осылайша аты жаман дертпен 125 адам ауырып жатыр. Ал Алматыда коронавирус жұқтырған бір әйел ауыр халде жатыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен, Атырау мен Павлодарға вирусты кімдер әкелді? Олармен байланыста болғандар бар ма?

Подробнее...

Ақтөбеде балаларды қорлаған азғындар сотталды

Азғындар 33 жылға сотталды! Ақтөбеде сот екі бірдей қаскөйдің ісін қарап, үкім шығарды. Олардың біреуі лагерге демалуға келген оқушылардың жыныс мүшелерін ұстап, азғындық жасаса, екіншісі сабақтан қайтқан 9 жасар қызды аңдып жүріп, үйіне кіріп, зорлап кеткен. Қорғансыз балаларға қорлық жасағандар кімдер?

Подробнее...

435 мың қазақстандық ескертуге қарамастан шетелге кеткен

Сыртқы істер министрлігінің ескертуін елемей, ақпанның соңынан бері 435 мың қазақстандық шетелге шығып кеткен. Короновирус қауіп тудырса да кей жерлесіміз арзан туристік жолдамаларды пайдаланып, демалып қалуға тырысқан. Мәселен Ресей арқылы 174 мың, Қырғызстаннан 118 мың, Өзбекстан арқылы 109 мың азамат аттанған. Олар транзитпен Еуропа мемлекеттері мен курорттық аймақтарға барыпты. Көбі елімізге келіп үлгерсе, кейбірі қайтарда қиындыққа тап болған. Бірінің рейсі …

Подробнее...

Уәде етілген қаржы да, техника да жоқ

Арада 3 ай уақыт өтсе де, уәде етілген қаржы да, сатып алынған ауыр техника да жоқ. Осылай деген бір топ кәсіпкер Бас прокуратураның алдына жиналды. Талаптары біреу — бір жылдан бері қаржысын астына басып, бой тасалап жүрген алаяқтың елге қайтарылуы. Бірақ, наразы жұрт базынасын тыңдайтын лауазымды тұлғаның қабылдауына кіре алмады. Айтуларынша, шығын көлемі 100 млн теңгеден асып жығылады. Осыған дейін …

Подробнее...

Жетімдер үйінің түлектері: баспана кезегінің жылжитын түрі жоқ!

Тегін ештеңе қажет емес! Ұзақ жылдар бойы әркімнің баспанасын жалға алып, өлместің күнін кешіп жүрген жастар көмек сұрайды. Олардың бәрі – ешкімі жоқ тұлдыр жетімдер, балалар үйінің түлектері. Арман болған шаршы метрге қол жеткізу үшін не істеу керек? Баспана мәселесі қайтсе шешіледі?

Подробнее...

Коронавирус жұқтырғандар саны 80-ге жетті

Ал енді өзге өңірлердегі ахуалға тоқталайық. Аты жаман ауру кеше Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында тіркелді. Ал бүгін Нұр-Сұлтанда бес адам, Алматыда екі адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Елордада жергілікті билік дезинсекторларды жинап, көшелерді арнайы химиялық сұйықтықпен заласыздандыруды бастады.

Подробнее...

Италияда бір тәулікте вирустан 700 адам көз жұмды

Италияда бір тәулікте вирустан көз жұмғандардың саны 700-ге бірақ өсті. Осыған байланысты карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жаза күшейіп жатыр. Еуропа елі тентек тұрғындармен күресіп жүрсе, Сингапур адамзатқа жаңа үміт сыйлап отыр. Емін тапқан секілді. Ал Жапония 4 жылда бір келетін Олимпиаданың биыл өтпейтінін ресми түрде мәлімдеді.

Подробнее...

Сақтық шараларын елемеу мен әсіредіншілдік орға жықпай ма?

Бес уақыт намаз бен бірқатар сүре мені вирустан сақтайды! Қол жуып, маска тағу – еріккеннің ермегі! Коронавирус таралып, төтенше жағдай жарияланғалы жұрттың діни сенімімен ойнайын дегендер де табылуда. Мүфтият пәтуә шығарса да, оған құлақ асқысы келмейтіндер баршылық. Барлық эмоция мен «анау алай, мынау былай» депті қаңқу сөзді алып тастағанда, Исламда осындай жағдайға қатысты не делінген?

Подробнее...

Коронавирус Шымкентке де жетті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 80-ге жетті. Бүгін тіркелген соңғы науқас үш мегаполистің бірі Шымкентте анықталды. Айта кетейін, күні кеше осы қала тұрғынынан қауіпті дерттің белгісі табылған болатын. 24 жастағы жігіт 20 наурызда елордадан шаһар маңындағы Жаңаталап ауылына жеткен. Ыстығы көтеріліп, мазасы қашқан соң дәрігерге көрінген ол қазір ем қабылдап жатыр.

Подробнее...
X