Шымкент қаласы кешелі бері алай-дүлей болып жатыр. Қатты тұрған дауылдың кесірінен тұрғын үйлердің шатырлары мен жарнамалық баннерлер желмен ұшып, жермен-жексен болған. Үздіксіз беріліп тұрған электр жарығы уақытша болса да тоқтан ажыратылды. Төтенше жағдай департаментіне бір күннің ішінде 10-нан астам шақыртулар түскен. Соның салдарынан ондағы мамандар күшейтілген режімде жұмыс кестесіне көшуге тура келген.
Подробнее...Новости
Блок-посттарда тексеру тиісінше жүріп жатыр ма?
Нұр-Сұлтан мен Алматының есігі 21-нен 22-не қараған түні 12-де жабылатынын ескерсек, қос қаладан шығып кетуге, не қайтып келуге бір жарым тәулік қалды. Уақыт қысқан сайын қарбалас та күшейіп жатқанға ұқсайды. Әсіресе оңтүстікте. Карантинге қалмаймыз дегендер өзі біледі, бірақ шыққандардың барлығы дерлік санитарлық талаптарға сай тексеріліп блогпосттардан өтіп жатыр ма?
Подробнее...Шетелдегі отандастарымыз елге жеткізіледі
Шетелде демалып жүрген отандастарымыз елге орала бастады. Олардың ұзын-сонар саны 4 мыңнан астам. Бұдан бөлек, жер-жерде білім алып жүрген қазақстандық студенттер де елге қайтуға ниетті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары толығымен карантинге жабылған соң, сырттан келгендерді өзге де өңірлер қабылдай бастайды. Олардың алғашқысы бүгін Қостанайға жеткізілді. Жолаушылардың жай-күйі қалай? Індет жұқтырғандар бар ма?
Подробнее...Алматы: 300-дей отбасы сыртқа шыға алмайды
https://youtu.be/xHhykrsIl7g Алматыда тағы үш адамнан короновирус анықталды. Осылайша қауіпті індетті жұқтырғандар қатары 22-ге жетті. Үш адамның біреуі қала түрғыны. Ол шетелден келгендермен байланысу барысында індет жұқтырыпты. Қазір қалада ауру таралу қаупі бар деген үш ошақ анықталып, өзгелерден оқшауланды.
Подробнее...Пандемия экологияның жақсаруына себеп болды
Әлемді жайлаған пандемияның жаһанға тигізген зардабы жайында әрқайсымыз ауыз толтырып айта аламыз. Алайда кемшіліктерді іздеген қашан да жеңіл ғой. Ал сол вирустың кесірімен қатар пайдасы да барын біліп пе едіңіз?
Подробнее...Бетперде саудалаған алыпсатарлар ұсталды
Еліміз жаппай қауіпті індетпен күресіп жатқанда, кейбір пысықайлар қалтаның қамын ойлауға кіріскен. Шымкентте медициналық масканы қамбат бағаға сатпақ болған екі жігіт ұсталды. Олар бетпердені өзіндік құнынан 10-20 есеге дейін үстемемен өткізбекші болыпты. Бірақ, арам ойларын іске асыра алмады. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері оларды тауарды қолма-қол сатып жатқан жерінен қолға түсірген. Енді күдіктілер жасаған іс әрекеті бойынша заң алдында жауап береді.
Подробнее...Түркістан облысының халқы: жайылым жоқ
Түркістан облысында да тірлігі төрт түлікпен тығыз байланысты елдімекен халқы абыржып жатыр. Бабайқорған ауылының малы жайылатын жерді жеке кәсіпкер сатып алып, карьерге айналдырмақшы екен. Тендерден жеңіп, теңгесін алып қойған азамат ауылдағы ағайынмен ақылдаспай, 500 гектар аумақтың тасын аударып, өңдеуге әкетпекші. Онсыз да он шақты зауыттың ортасында отырған елдің маңын тағы қазайын деп жатқан кәсіпкер кім? Жайылым жерлерді жекеменшігі қылған ол …
Подробнее...Кен орнының кесірінен мал қырылуда
Жамбылда мал қырылып жатыр. Кварцит өндіретін кен орнының кесірінен төрт түліктің өкпелері бүрісіп, сеспей қатуы жиіледі. Ауыл жұрты зияны көп зауыт жұмысын тоқтатсын, әйтпесе, жасыл біткенді де жоқ қылады, мал тұрмақ, адам өміріне де қаупі бар деп отыр. Бұқараның өре түрегелуіне негіз бар ма, көптің уәжіне аудан әкімі не дейді? Мұқым елдің мұңын тілшіміз айтып берсін.
Подробнее...Қалаға кіре берістерде бекеттер қойылды
Түнгі 12-де елордада да 7 бекет іске қосылды. Ұлттық Ұлан мен жол сақшылары қалаға кіріп-шығатындарды тексеріп жатыр. Посттардың бірі елорда іргесіндегі Талапкер ауылының тұсында орналасқан. Дәл сол нүктеге түсірілім тобымыз да барып қайтты.
Подробнее...Коронавирусты 25 пен 52 жас аралығындағы азаматтар жұқтырды
Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 39 отандасымыз іздестірілуде. Қазір олар еліміздің дәл қай қаласында жүргені белгісіз. Ал жауапты министрлік таратқан соңғы ақпаратқа қарағанда денесін қауіпті дерт дендеген адамдардың саны 44-ке жетіпті. Алматыдағы стационарда жатқан бір науқас ауыр халде. Қалғанының жастары нешеде? Жағдайлары қалай?
Подробнее...






