Карантин ішіндегі карантин. Алматыда тұтас бір тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Себебі корнонавирусқа шалдыққан түрғын сол баспанада тұрыпты. Ауру белгілері анықталған соң өңірлік штаб бұл аумақты толығымен оқшаулау туралы шешім қабылдады. Вирус жұқтырған 19-шы адам Мәскеу арқылы Алматыға келген екен.
Подробнее...Новости
Зейнетақы қорын жұмыссыз қалғандардың несиесін жабуға жұмсау керек
Зейнетақы қорындағы қаржыны карантиннің кесірінен жұмыссыз қалған жұрттың несиесін жабуға жұмсау керек. Еліміздің бірқатар экономистері осындай ұсыныс жасап отыр. Тым құрығанда Елорда мен Алматы халқы үшін көмек көрсетілсін, дейді олар. Вирустың салдарынан үйінде қамалған халықты неше күннен бері несие мәселесі алаңдатып отырғаны рас. Бұған қатысты елімізің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында мәлімдеме жасады.
Подробнее...Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болғанына бір жыл
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болғанына бүгін тура бір жыл. Биліктегі ауыс-түйіс ың-шыңсыз өткенімен, ел ішіндегі өзге де оқиғалар халық үшін де, билік үшін де үлкен сынға толы болды. Елбасы Президенттік лауазымын тапсырғанымен, саяси сахнадан алыстамағанын көз көрді.
Подробнее...Хромтауда екі адамды тапаншадан атты
Ақтөбенің Хромтауында тағы да атыс. Түн ортасында белгісіз біреу тапанша кезеніп, екі ер адамды атып кеткен. Екеуі де Хромтау қаласының тұрғындары. Оқ тигендерді аудандық ауруханаға жеткізгенімен, жарақаты ауыр болған 40 жастағы азамат емдеу мекемесінде қаза тапты. Ал екіншісі хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Көп ұзамай, қылмыскер де қолға түсті. Күдікті алыстан келмепті, сол қаланың 24 жастағы тұрғыны екен. Естеріңізге салсам, …
Подробнее...ХҚКО Маманы: дезинфекция жоқ, халық көп келеді
Елордада карантин енгізілгеніне қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталығына құжат алуға ағылғандар саны азаймай тұр. Осы себепті, Алматы ауданындағы орталықтың 30-ға жуық маманы жұмысқа шығудан бас тартты. Айтуларынша, басшылық тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде орындамайды, қарапайым медициналық масканың өзін күніне бір данадан ғана береді екен. Өз денсаулықтарына алаңдаған қызметкерлер қашықтан жұмыс істейін десе, жауаптылар еңбек демалысына немесе төленбейтін демалысқа шығыңдар деп талап …
Подробнее...Масканың бағасы 87 теңгеден аспауы тиіс
Карантинге жабылған қос мегаполисте маска әлі де тапшы. Жауапты министрлік осы аты бар да заты жоқ медициналық тауарға шекті баға қойды. Енді бір реттік бетперделердің құны 87 теңгеден аспауы керек. Дәріханалардағы бағаны министрлік қадағалап отырамыз дейді. Алып-сатарлар да қатаң жазаға тартылмақ. Олардың алғашқысы бүгін Нұр-Сұлтанда ұсталды.
Подробнее...Той жасаған түркістандық азаматқа айыппұл салынды
Түркістан қаласының тұрғыны той жасаймын деп басы дауға қалды. Осыған дейін өңірдің ақжағалылары төтенше жағдайға байланысты тойхана иелеріне жұмыстарын тоқтата тұруды тапсырған болатын. Тиісінше, жеке кәсіпкерлер де тапсырыс берушілердің қуанышты күндерін басқа мерзімге шегіндіруге мәжбүр болған еді. Әйтсе де, жергілікті тұрғын бұл уәжге көнбей осыдан әлдеқашан бұрын белгіленген баласының сүндет тойын үйінің ауласында өткізуге ұйғарған. Қазірде той мейманы түсірген бейнежазба …
Подробнее...Футболдан Еуропа чемпионаты өтпейтін болды
Коронавирус спорт әлеміне де кері әсер етуде. Күні кеше кәрі құрлықтағы ең маңызды турнирлердің бірі — футболдан Еуропа чемпионаты өтпейтіні хабарланды. Бұдан бөлек ішкі чемпионаттардың жағдайы да мәз емес. Оқу-жаттығуларын өткізіп, екі туры ойналған Қазақстан премьер лигасы да тоқтап қалды. Бұдан бөлек, жылда жаз мезгілінде өтетін қазақ күресінің де өту өтпеуі белгісіз.
Подробнее...Қос мегаполис карантинге жабылады
Бүгін түнгі 12-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары толығымен карантинге жабылады. Бұл дегеніміз — қос мегаполис аумағында жүріп-тұруға қатаң шектеу қойылады. Қазірдің өзінде, барлық ойын-сауық орталықтары мен сауда орындары жабылған. Алдағы уақытта, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана өз жұмысын жалғастырады. Бұған дейін университет, колледж, мектеп оқушылары мерзімінен бұрын демалысқа жіберілген еді. Ал, күні кеше балабақшалар да толығымен жабылды. Мамандар …
Подробнее...Газ жарылып, 19 жастағы қызды күйік шалды
Алматыда өз өзіне қол салмақ болған бойжеткеннің кесірінен көпқабатты үй бүліне жаздады. Жарылыстың күшті болғаны соншалық барлық бөлмелердің есік-терезерелерін 30 метр жерге дейін ұшырып жіберген. Салдарынан дәліздегі терезелер мен үйдің алдында түрған бірнеше автокөлікке зақым келген. Ал беті-басы мен қол-аяғын күйік шалған 19 жастағы қыз пәтер иесі ауруханаға жеткізілді. Көршілерінің айтуынша бірнеше күн бұрын газды тексеруге келген мамандарды ол кіргізбей …
Подробнее...






