Бүгін Үкімет отырысы алғаш рет онлайн режимде өтті. Яғни, журналистер қатыстырылмады. Одан кейін брифинг те бейне-байланыс арқылы өткізілді. Бірақ оған қатысқан министрлер жолдаған сұрақтарға жауап қатпады. Маңызды жиындарды қашықтан өткізу туралы ұсынылған тұста бірқатар журналистер сауалдарымызға жауап болмаса, бұрынғы тәртіпті қайта қайтаруды сұрап, Президентке үндеу жасады. Журналистер мен Үкімет арасындағы байланыс қалай болмақ?
Подробнее...Новости
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ (16.03.2020)
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты үндеуі.
Подробнее...Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады!
Жаптым жала, жақтым күйе. Елімізде жалған ақпарат тарататындар, біреудің жеке басына тиетін ғайбат сөз айтатындарға жарты миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Кінәсі дәлелденсе әрине. Қазір заңға өзгеріс енгізу жағы талқыланып жатыр. Жалпы, мұндай бастама қажет пе?
Подробнее...Қалыңдық: той болмайтынына басында көңіліміз түсті
Төтенше жағдайда тыйым салынған шаралардың бірі – жиын-тойлар. Инфекцияның таралуына қарсы күрес ретінде адам көп жиналатын отбасылық іс-шараларды өткізбеу туралы президент Тоқаев өз үндеуінде айтты. Ол біреу үшін үйлену той, енді біреуге өмірден озған туысына құран бағыштайтын ас, кей адам үшін ұлының мұсылман болғанын атап өтетін сүндет той, түсінеміз. Бірақ елдегі ахуалға байланысты қандай маңызды себеп болса да, көп қонақ …
Подробнее...Кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге қарастырылды
300 миллиард теңге! Елдегі бір айға созылатын төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерді қолдауға осыншама сома қарастырылуда. Қыруар қаржы елдегі короновирустың одан әрі өршімеуіне де бөлінбек. Осының бәрін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған үндеуінде мәлімдеді. Жалпы 30 күнге созылатын ерекше режимде неге тыйым салынады?
Подробнее...Коронавирус жұқтырған алматылық әйел қылмыстық жауапқа тартылды
Коронавирус жұқтырған алматылық келіншек қылмыстық жауапқа тартылды. Ол өзімен байланысқан тұлғалар мен қайда болғаны туралы ақпаратты беруден бас тартуда. Қылмыстық кодекстте көрсетілгендей, өзінің жақындары мен таныстарына қауіп төндірген азаматша 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кіммен, қалай, қашан байланысқанын жасыратындай жасын келіншек соңғы күндері қайда болуы мүмкін?
Подробнее...Депутаттар вирусқа қарамай, жұмысты жалғастырды
Вирусқа қарамастан жұмысымызды жалғастырамыз! Мәжілісмендер бүгін әдеттегідей Үкімет сағатын өткізді. Біразы сақтықта қорлық жоқ деп, маска киіп келсе, өзгесі, әріптестеріме сенемін дегендей, ашық жүр. Қазір төменгі палата ғимаратына кіретіндердің дене қызуы өлшенетін болыпты. Қол алысуға да шектеу қойылса керек. Дегенмен дауласып қалған депутаттар ештеңеге қарамай қол қысуға әзірміз дейді. Дауласқаны қайсы?
Подробнее...Елімізде азық-түлік тапшылығы туындай ма?
Дәл осы коронавирустен қауіптенген жұрт кей жерлерде базар сөрелеріндегі азық-түлікті таласып алып жатыр. Ал, осыған қатысты жауап берген Сауда және интгерация министрі Бақыт Сұлтанов, бірде-бір сауда орны жабылмайды, тауық қалай жұмыртқа туса, сиыр солай сауыла береді деді. Шендінің сөзінше, қап-қап тауар алып, қор жинаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, қалыптасқан жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді.
Подробнее...ЭКСКЛЮЗИВ: Еліміздегі коронавирусты анықтайтын зертхана жұмысы
Коронавирус Қытайдан таралғалы бері, елімізде үш айдың ішінде 3,5 мыңдай адамнан сынама алыныпты. Барлық зерттеулер өзімізде жүргізілсе керек. Әлбетте зертханадағы қызметкерлердің жұмысы көбейгендігі анық. Тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы солардың біріне барып, зерттеу жүргізіліп жатқан қауіпті блокқа кіріп, процессті өз көзімен көріп келді. Елордадағы орталықтың жұмысы жайлы өзі айтып берсін.
Подробнее...Коронавирус Қазақстанға да жетті
Әлем жұртының төбе шашын тік тұрғызған коронавирус біздің елге де жетті. Қауіпті індет Германиядан келген екі отандасымыздан анықталыпты. Қазір олар Алматыдағы стационарлардың біріне жатқызылған. Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, инфекцияға шалдыққандармен бірге ұшып келген 73 жолаушы қазір іздестіріліп жатыр екен. Жалпы еліміз вирусқа төтеп беруге қаншалықты дайын? Инфекцияға шалдыққандардың жағдайы қалай?
Подробнее...






