Миллиондарын қолымен санап беріп, далада қалды. Салымшылар құрылысы жүріп жатқан үйге қыруар ақшасын салған. Алайда үй де, жоқ, баспанада жоқ, сенделіп жүргендеріне жарты жылға жуықтап қалыпты. Ал құрылыс әлдеқашан тоқтап қалған. Компания басшысы алдап кетті деген тұрғындарға енді кім көмектеседі? Ақшаларын қай тарып ала ма?
Подробнее...Новости
Коронавирус: Жұма намазын оқуға шектеу енгізілді
«Сақтансаң – Құдай сақтайды!». Коронавирустен қорғану үшін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да сақтық шараларын күшейтті. Мәселен, жұма намазына қатысты бірқатар шектеулер енгізді. Бүгін имамдар әдеттегідей жұма намазының алдында жамағатқа арнап уағыз айтпады. Уақыты кіре сала азан айтылып, 4 ракағат сүннет өтеліп, артынан бірден 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылды. Тәсбих тартылып, құран оқылмады. Бұдан бөлек, дін өкілдері мешітке келушілерге намаздан …
Подробнее...Коронавирус: Ұшпайтын рейстердің ақшалары қайтарылады
Әлемдегі коронавирустық ахуалға байланысты шетелдерге ұшатын рейстердің саны азайтылды. 16 наурыздан бастап Қазақстан мен бірнеше мемлекет арасындағы тұрақты рейстердің біразы тоқтатылады. Атап айтар болсақ, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, БАӘ және Грузияға ұшатын ұшақтардың саны қысқаратын болды. Байқасаңыздар, дені — Еуропа елдері. Осы мемлекеттерге баруды жоспарлап, 16 наурыздан кейінгі бір күнге билет алып қойып, ол рейс …
Подробнее...Тоқаев коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізді
Коронавирус қаупіне байланысты балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың бірі ақылы еңбек демалысына жіберілуі мүмкін. Ақордада Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдарға осы мәселені пысықтауды әрі жұмыс берушілерге түсіндіруді тапсырды. Айта кетейін, 16 наурыздан бастап оқушылар көктепгі каникулға кетіп, студенттер қашықтан оқытыла бастайды. Ал, балабақшалар қалыпты режимже жұмыс істей береді. Дегенмен, Білім саласының …
Подробнее...Коронавирус: Алматы билігі қала жұртын дүрмекке ермеуге шақырды
Коронавирус қаупінен сескенген еліміздегі ең үлкен мегаполис – Алматы жұрты да кешелі-бері азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр. Арбасын толтырып, ұзын-сонар кезекте тұрғандардың видеосы әлеуметтік желіні шарлап жүр. Бірі, көптеп алуға тырысса, өзгесі бітіп қала ма деп қауіптенуде. Алайда, қала билігі босқа даурығудың қажеті жоқ, бұл бағаның шарықтауына әкеліп соғады дейді. Сұраныстың өскенін байқағандар осындай кезде қалтасып қампайтып қалуға тырысуда екен. …
Подробнее...Бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған музыкант ақталды
Әнші Ксения Ашығалиеваны сабады деп айыпталған оның бұрынғы күйеуі Бауыржан Ашығалиев ақталды. Сот бұл істе қылмыстың құрамы жоқ деген қортындыға келген. Енді эстрада жұлдызының бұрынғы жұбайы жала жапты деп, оның өзін сотқа беруге бекініп отыр.
Подробнее...Кредит үшін миллиондаған ақша беріп, алданды
Несие беру ұйымына ақшамызды салып, алаяқтықтың арбауына түсіп қалдық. Осылай деп, шағыманған Алматы облысының тұрғындары «Несие Қазына» серіктестігінің кеңсесіне барып, ақшаларын даулап жүр. 6 пайызбен жеңілдетілген несие алу үшін жүз мыңдап, тіпті, млндап ақша құйған. Енді, не алған несие жоқ, қайтарылған ақша жоқ. Барымыздан айырылып, бармағымызды тістеп отырмыз, — дейді.
Подробнее...Доллар құны 402 теңгеге жетті
Жұрт коронавирус деп шулап жатқанда, бір доллардың құны 402 теңгеден бір-ақ шықты! Жығылғанға жұдырық! Көпшілік инфекция жайын ойлап бас қатырып жүргенде, азық-түлік қымбаттап кете ме деп алаңдаулы жұрт. Алаңдауға да негіз жоқ емес, кешелі — бері базар сөрелеріндегі тауарлар құны біртіндеп көтеріле бастаған. Депутаттар болса, ел тұрғындары ақшасын әр валютада сақтау керек дейді. Ал азаматтарымыз депозит түгілі, бас қайғы деп, …
Подробнее...Бір адам қаза тапқан газ жарылысына кінәлілер сотталды
Шымкентте бір адамның өмірін жалмаған газ жарылысына қатысты іске сот нүкте қойды. Қаратау аудандық сотының үкімімен екі адам кінәлі деп танылып, олар екі жарым және үш жылға сотталды. Алайда, судьяның бұл шешіміне сотталушылардың қорғаушылары келіспей отыр. Қос адвокат істің біржақты жүргенін және тергеушінің әрекетін заңсыздыққа балап отыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Подробнее...Коронавирус: Кейбір елдерге әуе рейстері шектелді
Әлемді жайлаған коронавирустың салдарынан бірқатар елдермен әуе қатынасы күрт кеміді. Мәселен, Беларуське қатынайтын 10 рейстен тек екеуі ғана қалыпты. Еуроодаққа мүше мемлекеттермен арадағы әуе рейстері екі есе азайтылып отыр. Шетелдік әуе компанияларының біразы жолаушы тасымалын қысқартып, кейбірі мүлде тоқтатқан қазір. Әзірге, рейстердің қашан қалпына келетіні белгісіз.
Подробнее...






