Короновируске байланысты той-томалаққа да шектеу қойылуы мүмкін. Оған Үкімет тыйым сала алмаса да, шақырылған қонақтар санын шектеуге я болмаса мерзімін шегеруге кеңес беруде. «Мұны сақтық шарасы ретінде түсінген жөн дейді» Премьер орынбасары Ералы Тоғжанов. Ол, той жасамас бұрын мұқият ойлануға шақыруда. Қауіпті жағдай туралы қонақ болатын адам емес, той иесі бағамдауы шарт деген пайымда.
Подробнее...Новости
Тоқаев коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирус жаһандық ауқымда таралғандықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл кеселді ақыры пандемия деп жариялады. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев бұған қатысты шұғыл мәлімдеме жасады. Президентің айтуынша, бұл індет еліміз аумағына енбесі үшін Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Ал, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Халық азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Елімізде азық-түлік қорының жеткілікті екенін вице-премьер Ералы Тоғжанов та …
Подробнее...Коронавирус: Оқушылар каникулға кетіп, студенттер қашықтан оқиды
Елімізде кинотеатрлар жұмысын тоқтатып, қоғамдық шаралар кейінге шегеріледі. Сондай-ақ, оқушылар 16 наурыздан бастап каникулда болса, студенттер осы күннен бастап онлайн режиммен білім алады. Коронавирус қаупіне байланысты біздің еліміздің билігі осындай шұғыл шараларға көшті! Жұрт енді 5 сәуірге дейін той-томалақты азайтып, халық көп жиналатын жерлерге баруды доғаруы тиіс! Бұл жеке бастың қаупі үшін қажет шара! Елімізде инфекция анықталды ма? Мейрамхана мен …
Подробнее...Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ұсталды
Әлемде коронавирус асқан жылдамдықпен тарап, елімізде доллар бағасы өсуін тоқтатпай жатса, әкім-қаралар да дәл осындай қарқынмен ақша жеуін тыяр емес! Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың ұсталғаны расталды! Атқамінер қаржы алаяқтығына барған деген күдікке ілініп отыр. Оның жымысқы әрекетіне Қостанай қаласының сотталған экс-әкімі де қатысты болуы мүмкін.
Подробнее...Жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды
Жүк көлік жүргізушілерінің назарына! Осы айдың бірінен бастап еліміздің жеті бірдей облысында ауыр жүк тасымалдауға шектеу қойылды. Егер талапты елемесеңіз, онда 2 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Бұл республиалық маңызы бар жолдарда жүретін аталған санаттағы машина тізгіншілеріне ғана қатысты талап. Бұған не себеп? Жүргізушілердің өздері не дейді?
Подробнее...Ауыл жігіттері жас мұғалімді күтіп жүр
Сіз кімсіз химия апай? Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданына қарасты Бөдене ауылдық орта мектебіндегі бұл күндегі басты сұрақтардың бірі — осы. Себебі, осы пәннен дипломы жоқ мұғалім сабақ береді екен. Бұған наразы бір топ ата-ана мектеп басшысымен кездесіп, біраз жерге арыз жазыпты. Балаларының болашағына алаңдайтын олар мектептен дұрыс білім алып шыққандықтарын қалайды.
Подробнее...Жетім баланы ұрған тәрбиеші жазаланды
Жаппай жазаланды! Ақтөбедегі шипажайда баланы емдеудің орнына таяқтың астына алғандардың әрекетіне қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. 10 жастағы жетім баланы ұрып-соққан тәрбиеші мен болған жайтқа жайбырақат қарап тұрған жанындағы әріптесі дереу жұмыстан қуылғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Арнайы тексеріс жүргізген комиссия емдеу мекемесінде басқа да кемшіліктер бар екенін анықтапты. Баланың жағдайы қалай? Жазалауға тағы кім ілікті?
Подробнее...Балалардың билік өкілдеріне базынасы
«Бұл — бақытсыздық мекені!» Балалар салған сүреттердің көңілсіз көрмесіне арналған көңілсіз тақырып. Елорданың ең оқушысы көп мектебінде оқитындар қылқаламның көмегімен жоғарыға жанайқайын жеткізбек болды. Олар дәл үйлерінің жанынан зеңгір көкке тірелетін көпқабатты ғимараттардың салынуына қарсы. Өйткені, ол үйлер тұрғызылып, жаңа көршілер көптеп келетін болса, әр сыныптағы оқушы саны жетпіске жетеді екен. Қазірдің өзінде әр кабинетте қырық бала қатар отырып, оқып …
Подробнее...Жамбылдық әйел карантиннен қашқан
Бас санитар Бекшиннің күні кеше жасаған мәлімдемесі ел-жұрттың төбе шашын тік тұрғызғаны рас. «Вирус осы аптада расымен келуі мүмкін бе?» деп халық сенер-сенбесін білмей жүр. Алайда министр Елжан Біртанов бұл тек қана ғалымдардың болжамы екенін астын сызып тұрып нақтылап айтып, елді бостан-босқа дүрлікпеуге шақырды. Оған қоса, инфекцияның негізгі ошағы Қытайдағы жағдай дұрысталып келе жатыр. Науқастанғандардың 80 пайызына жуығы індеттен құлан …
Подробнее...Теңге тағы құнсыздана ма?
Ал, екі күнде 20 теңгеге қымбаттаған долларды сатып аламын деп кезекке тұрғандар Еелорда айырбастау пункттерінде байқалмайды. Оның да өзіндік себебі бар. Қаладағы бірқатар пункттер абыр-сабырда жұмысын тоқтатса, енді бірі америкалық валютаны сатуды доғарған. Ал, «бір күнде шарықтап шыға келген валютаның әсерінен енді бірқатар тауарлар қымбаттауы мүмкін» дейді сарапшылар. Мұнай бағасы тағы да арзандайды деген ақпарат қаншалықты рас?
Подробнее...






