Алаяқ фирма, алданған халық! Жамбыл облысындағы бес бірдей ауылға «Аққар» аталатын мердігер компания газ кіргізіп беремін деп, тұрғындардан ақша жинап алып, қашып кетіпті. Аңқау жұртқа келтірілген шығын 27 млн 957 мың теңге. Қазір көгілдір отын тұрмақ, ағайын берген ақшаларын қайтара алмай жүр. Тоғыз жолдың торабында тұрсақ та, жайлы өмірге жарымадық деген жандар кімнен көмек сұрарын білмей дал! Ал аңқау халыққа …
Подробнее...Новости
Әйелін өртеген адам сотталуда
Елордада әйелімен 18 жыл отасып, 6 бала сүйіп, кейін жанжал кезінде оны өртеп жіберген ер адамға қатысты сот отырысы өтуде. Қаланың сыртына шығарып, бензин құйып, аямастан от қойғанның тағдыры қаладағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралуда. Отырысқа куәгерлер мен тараптардың жақындары келді. Ауыр қылмысқа барған мен туыстары Фемидаға не деді?
Подробнее...Базардағы баға қалай?
Төл теңгеміз кеше ғана құнсызданып еді, азық-түлік те қымбаттап жатыр. Бұл жиі қайталанатын сценарий екені белгілі. Елордадағы базарларда бірқатар ас-су бағасы 60 теңгеге дейін көтеріліп, жеміс-жидектердің біразының құны 200 теңгеге шарықтап кеткен. Сатушылардың сөзінше, Қытайдан келетін ішім-жем дер уақытында жеткізілмей, тауар тапшылығы туындап жатыр. Қаладағы сауда сөрелерінде коллапс болмағанымен, қымбатшылықтың келгені байқалады, дейді тұрғындар. Менің әріптесім Айғаным Достанбай бағаларды сараптап, …
Подробнее...Жатақханадағы жетімдердің жанайқайы
Жетім өскен жандардың жанайқайы. Батыс Қазақстан облысындағы «Шаңырақ» жасөсірімдер үйінің тұрғындары шағым түсірді. Себебі, мемлекеттен берілу керек үйдің кезегі жылдар өтсе де бір жылжымапты. Ал қазіргі тұрғылықты жерлері көңілдерінен шықпайтын көрінеді. Анығы, ақиқаты қайсы?
Подробнее...Үй қымбаттай ма, әлде арзандай ма?
Жығылғанға жұдырық! Теңге бағамы төмендеп жатқанда, кей өңірлерде баспана бағасы артты. Ең қызығы, үй құны мегополистерде ғана емес, халқы аз қалалардың бірінде қымбаттап кеткен. Жылжымайтын мүлік нарығындағы өзгерістерге не себеп? Бұл сұраныстың артқаны ма, әлде біз білмейтін факторлар бар ма? Жалпы, АҚШ валютасының аспандауы еліміздегі пәтер саудасына қалай әсер етеді?
Подробнее...8 жастағы қызды ұрлап әкетіп, жертөледе ұстаған
Алматы облысында оқушы қызды ойнап жүрген жерінен ұрлап әкетіп, зорламақ болған күдікті ұсталды. 1990 жылғы жігіт жеткіншектің көршісі екен. Ол алдымен баланы алдап алып кетпек болған. Онысынан түк шықпаған соң күш қолданыпты. Қаскөйдің ауылдастары, қылмыскерге өлім жазасын беру керек деп отыр.
Подробнее...ЛИЦЕНЗИЯСЫ ЖОҚ ДӘРІГЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЭПИЛЕПТИКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ БЕРГЕН
«Бұл жерден аман шығамын деп ойлама!». Шымкентте шағымданушы мүгедектерді дәрігерлер осылай деп қорқытқан. Мұнысы аздай, мүмкіндігі шектеулі жандарға эпилептиктер қолданатын дәрі беріп, ағзаларын зақымдапты. Дәл осындай сұмдық әрекетке барған ақ халаттылардың емханада заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Сонда, олар бұл қызметке қалай қол жеткізген? Лицензиясы жоқ мамандардың адам емдеуіне рұқсат бергендер жазасыз қалуы мүмкін бе?
Подробнее...Жер аламыз деп далада қалды
Несиеге алған жерімізді әкімдік тартып алмақшы! Осылай деген ақмолалық тұрғындар арнамыздағы тілшілерден көмек сұрады. Олардың сөзінше, жиырма шақты жан миллион теңгеден астам ақшасын жұмсап, жер телімдерін сатып алған. Әділет министрлігі құптаған жер саудасы енді заңсыз деп танылыпты. Бұл бассыздыққа шыдамағандардың бірі, көпірден секіріп өлетінін айтты. Жер дауына кім жауапты? Алданған жұрт енді қайтпек?
Подробнее...Мұнай арзандады: Үкімет қандай шаралар қабылдауда?
Қымбат жиһаздар мен көліктерге кететін шығын қысқарып, үнемделгені әлеуметтік жәрдемге жұмсалады. Үкімет отырысында айтылған сөз бұл. Министрлер кабинеті бірінші кезекте халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындап, кейін басқасына бас қатырамыз дейді. Доллардың қымбаттауы мен мұнайдың арзандауы қатты әсер етпеуі тиіс, сөздеріне сенсек. Девальвация болуы мүмкін емес екен.
Подробнее...Тұрғындар: әкімнің керегі қанша?
«Әкімнің керегі қанша?» Жергілікті биліктің жұмысына көңілі толмаған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғындары осылай деп ызаланып отыр. Өйткені, бірнеше елдімекенде ешқандай инфрақұрылым жоқ, өркениеттен жұрдай. Ауыл халқы медициналыққа көмекке де, ұялы байланысқа, ауыз су, бәріне зәру.
Подробнее...






