Статистикаға сенбеймін! Халық қалаулылары ресми статистикалық көрсеткіштерге күмәнмен қарайды. Ондағы сандар шындыққа жанаспайды деп отыр. Яғни әр мемлекеттік орган ресми мәліметтерді өз ыңғайына икемдеп ұсынады. Экономистер де Статистика комитетін Ұлттық Экономика министрлігінің қарамағынын шығару керек деп отыр. Ал комитеттегілер бұған қандай уәж айтты?
Подробнее...Новости
Ауызсу тапшылығы: кір жуған күні малымыз су ішпейді
Ауызсу алтыннан да қымбат! Алматы облысының тұрғындары осылай деп арнамыздан көмек сұрады. Өйткені қазір жұрт ауызсу үшін бір-бірімен жаға жыртысып, төбелесуге дейін барады екен. Ал балалар мектепке барудың орнына, күні кешке дейін судың кезегінде тұрауға мәжбүр. Кейде жуыну түгілі шай ішуге су таппай ұаламыз деп ауыл тұрғындары ашынып отыр.
Подробнее...100 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Тозығы жеткен ескі вагондар пойызбен жиі қатынайтын жолаушылардың дегбірін қашыратыны рас. Бұл Қазақстан темір жолы компаниясының күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте биыл су жаңа 100 вагон жолаушылар игілігіне берілмек.
Подробнее...Семейліктер «Гарант 24 Ломбардқа» 245 млн теңге салған
Атышулы «Гарант 24 Ломбардтың» Семейдегі салымшылары ақшаларын қайтаруды талап етуде. Бір топ қала тұрғыны жалпы сомасы 245 миллион теңге салғандарын айтады. Жиналғандар билік басындағыларға үндеу жолдап, хат та жазды. Жүздеген миллиардты қалтасына басқандар қайда?
Подробнее...Білім беру ұйымының былығын жайып салды
Шымкентте білім беру ұйымынан шу шықты. Бір жарым мыңға жуық студенті бар оқу орнының ұстаздары жаңа басшылықтың талаптарына қарсы. Олар болашақ мамандарды даярлаудың орнына ойларына келгенін істеп жатқанын айтады. Салдарынан балалардың тәртібі қиындап, сабақ үлгерімдері төмендеп кетті дейді. Амалы таусылған педагогтар бүгін тайлы-тұяғы қалмай жиналып, ұжымдағы былықтың бетін ашты.
Подробнее...Өрттен үш бала көз жұмды
Алматы облысында алапат өрт салдарынан 3 бала мерт болды. Ең кішісі үш жасқа да толмаған екен. Күлге айналған жер үйдің ішінде олардың әжесі де болған. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бүтін бір әулетті қара жамылтқан тілсіз жаудың қалай тұтанғанын тілшіміз біліп келген еді.
Подробнее...Мектепке жылу берілді
Жазылған жайдың жапсары. Осыдан аз бұрын біздің түсіру тобымыз Ақмола облысы, Макинск қаласындағы орта мектептердің біріндегі жағдайды айтқан еді. Сыныптардағы температура 15 градустан аспай, балаларының бүрсең қағып отырғаны жайлы ата- аналар шағымданған болатын. Перзенттерінің денсаулығына алаңдаған олар тіпті арнайы көпшік тігіп, сөмкелеріне салып жіберетін. Біздің түсіру тобымыз сол мектепке қайта оралып, сюжетімізден кейін қандай өзгеріс болғанын өз көздерімен көріп қайтты.
Подробнее...Өткен жылы 29 судья жұмыстан қуылды
«Ет бұзылса тұз себеді, тұз бұзылса не себеді?» Елімізде өткен жылдың өзінде түрлі себептермен 29 судья жұмыстан қуылған. Нақты айтатын болсақ, пара алған, істі дұрыс қарамаған, заңды белшесінен басқан. Заң саласының мамандары, үкім шығаратындардың қызметінің сапасын арттыру үшін сот жүйесін өзгерту керек дейді. Аталған сала тәуелсіз болуы керек дегенді де алға тартты.
Подробнее...Асфальт қармен бірге «еріп» кетті ме?
Ақтөбеде жамап-жасқалған асфальт жыл сайын ойылып, қармен қоса еріп кетіп жатыр. Ал оны жаңалауға әкімдіктегілер асығатын емес. Базыналарын шенділерге жеткізе алмай, амалы құрыған автокөлік жүргізушілері сапасыз жолдың кесірінен тартқан азабын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жарыса жариялап жатыр. Одан нәтиже шықты ма?
Подробнее...Гүл сыйлау да пара бергенмен тең
Гүл сыйлаймын деп, басыңыз бәлеге қалмасын! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мереке қарсаңында тек гүл емес, өзге де материалдық құндылықтардың пара болып есептелетінін еске салды. Бұл қағида мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан, әп сәтте айыппұл арқалап кетуіңіз ғажап емес.
Подробнее...






