58 034 теңге. Елімізде дәл осы сомадағы айлық жиі беріледі екен. Статистика комитеті берген мәлімет бұл. Ал еліміздің еңбекке жарамды азаматтарының жартысы 112 мың теңгеден аз алады. Осылай бола тұра, елдегі жалпы алғандағы орташа жалақы 200 мың теңгенің үстінде.
Подробнее...Новости
Қолқаны қабады: үйдің жанына малдың қанын да төгеді
Оңтүстікте лас суға тұншыққан жұрт облыс әкімінен көмек сұрауға мәжбүр. Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы кәріз суынан құтыла алмай отырғандарын айтады. Соның кесірінен олар диқаншылықты қойып, тіпті, далаға шыға алмайтын халге жеткен. Ал, билік өкілдері мәселені ертерек шешудің орнына, мердігермен соттасып әлек.
Подробнее...Әкімдердің уәдесіне әбден тойдық!
Әкімдердің уәдесіне әбден тойдық! Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары не жарыққа не ауыз суға жарымай отырғандарын айтады. Ал жол мәселесін айтып, әкімдіктің табалдырығын тоздырып келе жатқанына оншақты жылдың жүзі болған. Баяғы жартас, сол жартастың кері, дейді жұрт.
Подробнее...Мемлекеттік қызметшілер түнге дейін жұмыс жасауға мәжбүр
Мемлекеттік қызметшілердің мұңы Президент әкімшілігіне жетті. Ақорда мен Үкімет кеңсесі шенеуніктердің жұмыста кешке дейін отырмауын қадағаламақ. Сол үшін бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен министрлік өкілдері бас қосты. Олардың арасында сегіз сағаттан артық жұмыс істеуге Президент әкімшілігінің өзі де себепкер деп ағынан жарылды.
Подробнее...«Астана» спорт клубы 2 млрд теңгені жымқырған
«Астана» спорт клубындағы былық әшкере болды. Мекеме басшылары мен сыбайластары 2 миллиард теңгеге жуық қаражатты жымқырған. Бұл әзірге тергеуге белгілісі ғана. Спортқа деп бөлінген ақшаның бір шеті осылай кеміріліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты квазимемлекеттік сектордың өкілдері де қарап қалмапты. Мемлекеттің қыруар қаржысын қажетті салаға жұмсағанның орнына, оны депозитке салып, үстінен ақша тауып жүрген жерінен ұсталды.
Подробнее...Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады
Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады. Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы шартты түрде мерзімінен бұрын, дәлірек айтсақ, 3 жыл, 2 ай, 17 күнге ерте босатылды. Жәкішевтің өзі сот залына келген жоқ, кезекті процеске бейнебайланыс арқылы қатысты. Осыған дейін, мерзімінен бұрын босатуды сұраған 2 өтініші де ескерусіз қалған еді. Өйткені, мемлекетке келтірілген шығын өтелмеген. Ел Президенті Қасымжомарт …
Подробнее...Қордайдағы қақтығысқа контрабанда үшін талас себеп болды
Қордайдағы қақтығысқа контрабанда үшін талас себеп болған. Ауданға сапарлап барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді елең еткізген оқиғаның бұрын айталмаған себебін ашты. Десе де дүнген диаспорасының өкілдері қазақ халқынан кешірім сұрады. Ауылдағы өзге ақсақалдар барлығын бірдей жазаламауды өтінді.
Подробнее...Наркология емделушілері аштық жариялады
Ақтөбеде наркологиялық диспансердегі емделушілер ашқтық жариялады. 70-ке жуық адам бір тәулік бойы нәр татпай отыр. Наразылық неден туындады? Күзет қызметінің емделушілерге қысым жасағаны рас па?
Подробнее...Ауылдар тасқынға дайын ба?
Қар еріген кезде, еліміздегі 600-ден астам елдімекенді су басуы мүмкін. Соның қатарында, елорда іргесіндегі Рақымжан Қошқарбаев ауылы да бар. Биыл онда қар жылдағыдан 5 есе артық түскен. Жиналған ақ ұлпаның биіктігі кей жерлерде 5-6 метрге дейін жетеді. Тұрғындар күн жылығанда еріген қар баспаналарын шайып кете ме деп қауіптенеді.
Подробнее...Коронавирус әлемнің 58 елінде тіркелді
Елімізде «коронавирус жұқтырды» деген күдікпен 6 жарым мыңға жуық адам дәрігерлердің жіті бақылауына алынған. Ал соңғы ақпаратқа сәйкес, қауіпті індет әлемнің 58 елінде тіркеліпті. Бұл тізімге соңғы бір тәуліктің өзінде 5 мемлекет қосылып отыр. Салдарынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, жоғары деңгейдегі төтенше жағдайды жариялаған. Осыған орай Елжан Біртанов «Б» жоспарын дайындағанын айтты. Ол не жоспар?
Подробнее...






