Жол азабын жүрген білер… «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы трассаның құрылысы басталғалы көлік жүргізушілерден маза кеткен. Әсіресе, уақытша жолдың күтіміне айтылар шағым көп. Уақытылы тегістелмейтіндіктен, ойдым-ойдым боп кеткен. Шұрық тесік шұңқырлар жүріс бермейді. Көлігіміз бұзылып, әбден шығынға баттық, — деп отыр.
Подробнее...Новости
Жалға берілген жер тағдыры
Мемлекеттен 49 жылға жалға берілген жерлердің игілігі кімге тиесілі? Қызылорда облысының бірнеше аулында егістікке арналған жерлерге қатысты айқай-шулар басылар емес. Аймаққа қарасты бір Сырдария ауданының өзінде бірнеше ауылда тұрғындардың шаруа қожалықтарына жұмыстары көңілдері толмай келеді. Ал, Нағи Ильясов ауылында «жергілікті биліктен қолдау таппадық» деген халық елордаға арызданып, Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлерін ауылға шақырды.
Подробнее...72-дегі қария табылмай жатыр
28.02.2020
Подробнее...Қазақ футболы қыруар қаржыны қашан ақтайды?
28.02.2020 Болды! Жететін шығар! Футбол клубтарын мемлекет қазынасынан асырауды қою керек! Бұл салаға бөлініп жатқан қыруар қаржыға қанық мәжілісмен осылай деп ашынды. Өңірлерге спортты дамытуға деп бөлінетін ақшаның жартысынан астамы осы доп тебетіндерге кетеді екен. Бірақ, нәтиже жоқ! Парламент өкілінің бұл ұсынысын ведомсволар назарға ала ма, жоқ әлде шыбын шаққан құрлы көрмей үйренген тірлігін жасай бере ме?
Подробнее...Тоқаев коронавирусқа қатысты алаңдаушылық білдірді
28.02.2020 Сауд Арабиясы коронавирустың таралуына байланысты 7 мемлекетке электронды туристік визаны беруді уақытша тоқтатты. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Бұл қара тізімге коронавирустың жағдайы әлі тіркелмеген Қазақстанның неліктен кіріп кеткені белгісіз. Сондықтан, елдегі мұсылман қауымы жыл бойы жалғасатын умра, яғни кіші қажылыққа уақытша бара алмайды. Ал, қауіпті індетті жұқтырғандар көрші Қырғызстан мен Беларуссияда тіркелді. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт …
Подробнее...Үрей құшағындағы жұрттың жанайқайы
28.02.2020 Аптасына бір үй тоналады. Қазір үйде жалғыз қалудан қорқамыз. Осылай деп дабыл қаққан. Боралдай шағын ауданының тұрғындары біздің арнадан көмек сұрады. Айтуларынша сұғанақтардың есіргені соншалық тап тал түсте келіп, үйлерді тонап кетеді екен. Бүтін бір шағын ауданның тұрғындарының полицияға көңілдері толмай отыр. Ал полицейлер осы ауылға жиі ат ізін салудың арқасында үй тонау азая бастады деп отыр.
Подробнее...Қаскөй банкоматты жарып жіберді
28.02.2020 Павлодар облысы Ақсу қаласында жойқын жарылыс болды. Жоқ, арам пиғылдының ісі болса да, бұл теракт емес. Ақшаға кенелгісі келген адам банкоматты жарып жіберді. Сөйтіп, банк бөлімшесінің быт-шытын шығарды. Ойлағанын іске асыру үшін айлакер динамит сатып алып немесе қашықтан басқарылатын құрылғыға тапсырыс беріп әуре болмаған. Жарылғыш затты қолда бар қарапайым дүниелерден жасапты. Сонымен, қарақшы қанша ақша ұрлады? Жарылыстан зардап шеккен …
Подробнее...Тоңазытқыштағы сәби өлімі: экс-басшы 5 млн айыппұлмен құтылды
28.02.2020 Тоңазытқышта көз жұмған сәбидің өліміне қатысы бар шенеунік айыппұл төлеп, құтылатын болды. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты осындай сот үкімі шықты. Қызметіне салғырт қарады деп айыпталған Мәншүк Аймұрзиева ел қазынасына 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Бірінші сот отырысында басқарманың экс-жетекшісі кінәсін толық мойындап, процессуалды келісімге келу туралы өтініш білдірген.
Подробнее...Көпқабатты үйде көмір жағып отыр
28.02.2020 «Көршілерімізді қарусыз қыратын киллерге айналамыз ба деп қорқамыз». Бұл Ақмола облысындағы Макинск шаһары тұрғындарының жанайқайы. Өркениеттен жұрдай жұрт 21-ғасырда жоғары қабатқа көмір тасып, күл шығаруға мәжбүр. Бір-бірлерінің пәтерлері арқылы өтетін мұржалар әбден тозған. Астыңғы үйде от жағылса, үстіңгілерінің баспаналары көк түтінге айналады екен. Жұртты титықтатқан мәселені шенділер неге шеше алмай отыр?
Подробнее...Коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін — Министр
Қазақстан айдалада жатқан арал емес! Коронавирус бізге де жетуі мүмкін! Әзірге індетті алдын алудан басқа қолдан келер қайран жоқ. Денсаулық сақтау министрі осылай деп бүгін Бұқаралық ақпарат өкілдеріне сұхбат берді. Қазіргі ахуалды баяндай келе ол «Қазақстан коронавирус дерегін жасырып отыр» дегендерге жауап қатты.
Подробнее...






