0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Оқушылар автобусы апатқа ұшырады

Өскеменде балалар мінген жолаушылар автобусы жүк көлігіне соқтығысып, 8 адам ауруханаға жеткізілді. Олар Шемонаиха қаласына жарысқа бара жатқан көрінеді. Бір баланың жағдайы ауыр, басы жараланып, миына зақым келген ол жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлердің сөзінше, жолаушылар автобусына арнайы патруль көлігі ілесіп жүргеніне қарамастан, жүк көлігі жылдамдықты асырып қарсы бағытқа шығып кеткен.

Подробнее...

Астананы бұрқасын әуреге салуда

Елордада қолайсыз ауа-райының кесірінен бір адам қаза тапты. 51 жастағы трактор жүргізушісі көліктер соқтығысқанын өзгелерге ескертпек болғанда, ұйытқып соққан қарлы боранда оны ауыр жүк көлігі қағып кетіпті. Қатты соққыдан азамат сол жерде жан тәсілім етті. Полицейлер соңғы тәулікте жол апаты күрт көбейді, дейді. Сондықтан қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.

Подробнее...

Өзбекстан азаматтарын заңсыз өткізіп жүргендер кімдер?

Жыл сайын елімізге 2 млн-ға жуық Өзбекстан азаматы келеді. Солардың 10-15 мыңы Қазақстан азаматтығын алып, қалып қойып жататын көрінеді. Яғни, 10 жылда 150 мың өзбекстандық қазақстандық атанады деген сөз. Сонда алашапанды ағайындарымызды шекарадан заңсыз кімдер өткізіп жүр? Құжатсыз келімсектерден елімізге қандай қауіп бар?

Подробнее...

Жастар Әнұранды келемежге айналдыруда

Әнұранды қор қылып, мемлекеттік рәмізді мазақ еткен жастар желіде жаңа челлендж бастады. Гимннің әуенін бұрмалағаны былай тұрсын, соған ерсі би билеген олардың дені өз қаракөзіміз. Сол баяғы -хайп!. Алайда бұл жолғы орынсыз бастама айыпсыз қалмайын деп тұр. Іске тиісті министрліктің өзі араласты. Жұрттың ашуына тиген челлендж туралы әріптесім Нұрай Құрақпай сюжет дайындаған еді. Зер салыңыз.

Подробнее...

Жасөспірімдердің жыныстық сауаты төмен

Cекс туралы айтсаң күле бастайды. Бірақ, бұл негізі күлетін нәрсе емес. Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері зерттеу жасаған. Соның қорытындысы бойынша, қазақстандық жасөспірімдер кемі 16 жастан бастап жыныстық қатынасқа түсетінін анықтады. Алайда, олардың көпшілігі жүктіліктен, жыныстық аурулардан қалай сақтану керектігін, жыныстық зорлықтан өзін қалай қорғауды білмейтін болып шыққан. Осы мәселені көтеріп жүрген басқа да мамандар болса, жыныстық қатынас туралы айтуды оған …

Подробнее...

«ҚазАгро» бонус үшін қазына қаржысын банкке салған

«ҚазАгроның» қағаздарын тағы да қазбалап жатыр. Бұған дейін бөлінген ақшаны ұшты-күйлі жоқ қылады деп президент те, депутаттар да қайта-қайта шүйліккен Ұлттық басқарушы холдингтің бүгін тағы бір былығы белгілі болды. Холдингтің еншілес компаниясы заңсыз сыйақы үшін 11 млрд теңгені банкке салған. Негізінде ол ақша шаруаларының мәселелерін шешуге бағытталуы керек екен. Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие ретінде таратылуы тиіс қаражаттың қалайша екінші деңгейлі …

Подробнее...

Өскеменде ұшақ апатқа ұшырады

Өскемен маңында «АН-2» ұшағы әуеде отқа оранып, апатты жағдайда әуежай маңына қонды. Қызыл жалынға оранған әуе кемесінің ішінде бес адам болыпты. Олар қаладан 350 шақырым жерде орналасқан Ақсуат ауылына медициналық көмек көрсетуге бара жатыпты. Көкке көтерілгеннен кейін 10 минуттан соң салонынан өрт шыққан.

Подробнее...

Коронавируске әлем халқының 70% шалдығуы мүмкін

Қытайда коронавирустан жазылды деп үйіне қайтарылған 200 азаматтың қауіпті індетке қайта шалдыққаны анықталды. Вирустың таралу аймағы да тарылмай, керісінше кеңейіп барады. Инфекция Швейцария мен Алжирге дейін жеткен. Ал, америкалық ғалымдар тез арада вакцина әзірленбесе, алдағы бір жылда әлем халқының 70 пайызы, яғни 5 млрд адам вирусты жұқтыруы мүмкін деген болжам жасап отыр. Ал біздің елдегі ахуал қалай? Бүгін шұғыл жиын …

Подробнее...

Калачиге бөлінген миллиардтар қайда?

2 млрд теңгеге жуық қаржы қайда кетті? Калачиліктер депутаттар арқылы қазына қаржысына сұрау салуда. Бұдан төрт жыл бұрын ұзақ ұйқыға кете беретін Ақмола облысындағы осы ауылдың жұрты өздерін көшіруге бөлінген ақша ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті ме деп қүдіктенеді. Сол кезде белгісіз дертке 180 адам шалдыққан еді. Біразы әлі күнге дейін өзін жайсыз сезініп жүр екен. Жергілікті билік үдере көшуге …

Подробнее...

Жұмыссыздар президенттен көмек сұрады

Марганец өндіруге мұрсат беріңіз! Ақмола облысына қарасты Жақсы ауылының бірнеше тұрғыны елордадаға келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау сұрады. Олар, осы елді мекен аумағындағы кенішті өндіруге жағдай жасалса, өңірдегі жұмыссыздық мәселесі шешіледі деген үмітте. Екі қолға бір күрек таппай жүрген соқталдай азаматтар «үйде қол қусырып отыруға ұяламыз» дейді. Жиналғандардың арасында көпбалалы әкелер де бар.

Подробнее...
X