0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Үй әперем деп 200 млнға алдап соққан

Мыңдаған жұрт бірнеше күннен бері «Гарант 24 Ломбардтан» ақшасын ала алмай жүрсе, Алматыда жарнамаға сеніп, баспаналы болуды армандаған жұрт алданып қалды. Тұрғындар құжаты түгел, лицензиясы заңды компанияның басшылығынан ақшаларын қайтаруды талап еткен. Миллиондарынан қағылғандар саны жетпіске жуықтайды.

Подробнее...

Көкшетаулықтар 2 күннен бері сусыз отыр

Көкшетау қаласының 40 мыңнан астам тұрғыны екі күн бойы ауыз сусыз отыр. Бұған себеп, орталықтандырылған кәріз жүйесінің істен шығуы. Қазір апаттың алдын алу үшін коммуналдық қызмет өкілдері күні-түні жұмыс істеп жатыр екен. Азаматтар болса судың тапшылығының артқаны соншалық қарды ерітіп пайдалануға мәжбүр көрінеді. Сонымен, көкшетаулықтар тіршілік көзіне қашан қол жеткізеді?

Подробнее...

Елорда маңындағы ауылдар үрей құшағында отыр

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылының тұрғындары көктемде су астында қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Себебі, биіктігі 5-6 метр болатын қар боран кезінде баспаналарын басып қалған. Әкімдіктен қайран жоқ, — дейді ашынған жұрт. Ал, кешегі оқу-жаттығу жиынында жауаптылар бізді ұмытып кетті деп налиды.

Подробнее...

Тіс дәрігерлері неге наразы?

Өскемендегі балалар тіс емханаларының бірінен шу шықты. Электронды жүйе істен шығып, салдарынан 60 қызметкер 3 айдан бері заңды жалақысын ала алмай келеді екен. Бүгінге дейін қарыздың жалпы соммасы миллиондаған теңгеге жетіпті. Ал дәрігерлер наразылық білдірмегенде, денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені білмейтін де еді.

Подробнее...

Мүгедек жандардың көмекшілерінің мұңы

Жүріп-тұра алмайтын бірінші топтағы мүгедектерді енді жеке көмекшілері қалаған жерлеріне апаруға, қажет болса қыдыртуға міндетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарды үйден сыртқа алып шықпаса, оларға бұдан былай бір тиын да төленбейді. Мәселен, Талдықорған қаласында 700-ге жуық жеке көмекші бар. Оларға осыған дейін күніне 8 сағаттық жүйемен төлем жасалып келген. Ал, биылдан бастап, жаңа өзгеріске сәйкес, көрсетілген қызмет сағаты ғана есепке алынбақ. Бұған …

Подробнее...

Қару-жарақ ұрлаған сарбаздың сыбайластары ұсталды

Әскери бөлімнен қару ұрлап қашқан сарбаздың сыбайластары ұсталды. Бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілдері олардың кім екенін жайып салды. Сондай — ақ, басты күдікті Абылай Балғынбайдың соғыс жариялауға жеткілікті қару-жарақты бір күнде емес, айлар бойы қолды қылып келгені анықталды. Ең сорақысы, оның ұрлық әрекетіне кезекші де, басшылық та, бейнекамера да кедергі бола алмаған.

Подробнее...

«Гарант 24-тен» келген залал 5 млрд теңгеден асқан

Бүкіл Қазақстанды шулатып жатқан «Гарант 24 Ломбард» атты мекеменің келтірген шығыны миллиардтап саналады. Қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалып, 3 адамға іздеу жарияланған. Полицейлер тағы мыңдаған арыз жазылады деп күтіп отыр. Өйткені тәркіленген келісім-шарттар көп көрінеді. Ал қыруар қаржы салып, аузы күйсе де кей жұрт неге шағымдануға асықпай отыр?

Подробнее...

Күн көрсетпеген директор қызметтен қуылды

Басы дауға қалған Тараздағы №43 мектеп директоры уақытша жұмыстан босатылды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі осындай пәрмен берді. Еліміздің бас ұстазы шу шыққан білім ошағының басшысы педагогикалық этикаға жат әдет жасағанын мойындады. Сондықтан бұл істі май шаммен қарауға уәде етті.

Подробнее...

Жеті аймақты су басуы мүмкін

Көктем шығып, күн кұрт жылынса, еліміздегі 600-ден астам елді мекен тасқын судың астында қалуы мүмкін. Оған биыл қардың қалың түсуі себеп болып отыр. Үкімет отырысында шенділер аталған жерлерді еріген қар суынан аман алып қалудың жолдарын қарастырды. Құзырлы органдар тасқынға төтеп беруге қаншалықты дайын?

Подробнее...

«Гарант 24-ті» жарнамалаған жұлдыздар жазалана ма?

Тағы бір пирамида ма? Еліміздің бірнеше облысында «Гарант 24 Ломбард» атты мекеменің үстінен арыз жазылды. Ең азы 300 мың, ал өзгесі 12 млн теңгеден қағылдық деп отыр. Мекеме 3 айда ақшаңды екі есе көтеріп аласың, өтпей жатқан мүлкіңді қымбатырақ бағаға сатасың деп уәде беріпті. Алайда, бірнеше күн болды табыс жоқ, жер-жердегі басшылары тұтылып жатыр. Ал желіде жарнама жасаған жұлдыздар жұрттан …

Подробнее...
X