Жұмбақ өлім! Түркістан облысында 8-ші сынып оқушысы белгісіз жағдайда мерт болды. Оның денесін мектеп ауласынан мұғалім тауып алған. Алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, жасөспірімді ажалдан арашалап қала алмапты. Қазір, осы оқиға бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын бастап кетті. Күдікке марқұмның сыныптасы ілігіп отыр.
Подробнее...Новости
Жарық пен судың жыры
«Байлықтың үстінде отырған жалаңаяқпыз». Түркістан облысындағы Созақ ауылының тұрғындары осылай деп арнамызға шағымданды. Елді мекендегі Кеңестік кезеңде орнатылған трансформатор әлі күнге дейін жаңартылмаған. Тиісінше, 50 жылдық ескі құрылғы есті кетіріп, жарық жиі сөнетін көрінеді. Салдарынын тұрмыстық техникалар да көп істен шыға бастаған. Бұл аздай шалғайдағы жұртшылыққа осы уақытқа дейін сапалы ауыз су да жеткізілмепті.
Подробнее...Қарттарға тамақты еденге қойып береді
«Алматыдағы қарттар үйіндегі жандарға асты еденге, әжетхананың қақпағына қойып береді. Ал қарсылық танытқан қарттарды тыржалаңаш шешіндіріп, еденге жатқызып қояды». Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Виктория Баженованың осындай мәлімдемесі жұртшылықты да, қала әкімін де елең еткізді. Шаһар басшысы бүгін өзі барып қарттар үйіндегі жандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Екі тараптың пікірлерін тыңдаған әкім арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізетінін жеткізді.
Подробнее...Зайсандағы халық неге дүрлікті?
«Қытайдан келе жатқан жолаушыларды Зайсанда емдетпекші. Ол үшін ауылдан арнайы амбулаторияның ғимаратын бөлгелі жатыр!». Дәл осындай сарындағы ақпар Аспанасты елімен шекаралас тұрған аудан жұртын састырып, түн ішінде қауырт жиналуға түрткі болған. Әлеуметтік желі, месенджер арқылы лезде тараған дақпырт бүкіл ел тұрғындарын аяқтан тік тұрғызғандай болды. Ақыры ауылға облыс әкімі барып, мән-жайды түсіндіріп көрген болатын.
Подробнее...Педофил-полицей 15 жылға сотталды
Түркістан облысындағы атышулы Абай ауылында жасөспірімді үш жыл бойы зорлаған экс-полицей сотталды. Бұл сұмдық жайтты біз осыдан екі жыл бұрын эфирімізден көрсеткен едік. Сол кезде 22 жастағы жігіт өзін ауылдастары 2012 жылдан бері бірнеше рет зорлағанын айтқан болатын. Зардап шеккен жан түрлі органдарға барған, шағымданған, алайда, еш нәтиже шықпапты. Енді, міне, сегіз жыл дегенде педофил бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер қанша …
Подробнее...Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрланды
Шымкент маңында тағы да шу. Кіші сержант әскери бөлімнен бірнеше қару-жарақ пен оқ дәрі алып қашып кеткен. Оны Қорғаныс министрі мен Ішкі істер органдары қол ұстаса іздеп жатыр. Бір адам осынша қаруды не істемек?
Подробнее...Медициналық сақтандырудың шарапаты
5 жыл төсек тартып жатқан әйелді аяғынан тұрғызды. Бір ғана науқасқа, қайта жүріп кетуі үшін ғылыми-зерттеу институтарының ақ халаттылары 9 айда 4 бірдей күрделі ота жасаған. Соңғысы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында сәтті өтті.
Подробнее...ҰБТ-дан төмен балл алғандар мұғалімдікке барады
Мұғалім мамандығына грант иелену үшін оқуға түсе салатын Бұл салада 5 мыңға жуық маман тапшылығы болса да, еліміздің бас мұғалімі биыл ұстаздықты меңгергісі келетіндер үшін шекті балл өсетінін жеткізді. Министр онсыз да мектепке жұмысқа барғысы келмейтін жастарды бұл мәлімдемесімен үркітіп алмай ма?
Подробнее...Қар құрсауынан 247 адам құтқарылды
Ескертуді елемеген 250-ге жуық отандасымыз бен бір Қытай азаматы боранда далада қалып қойған. Олар дін аман, төтеншеліктер барлығын құтқардын. Ауа райының күт бұзылуына қарамастан, азаматтар өздерімен бірге нәрестелерін де алып шығыпты. Өзінің ғана емес, баласының басын қатерге тіккендер қай өңірден? Қай аймақтарда боран соғып тұр?
Подробнее...Қарызынан құтылған шаруалар кепілдегі үйлерінің құжатын ала алмай отыр
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытпақшы болған шаруалар қаржы ұйымының шырмауынан шыға алмай қалды. Алты жыл бұрын несие алған Жетісай ауданының тұрғындары қарызын толығымен өтесе де, кепілге қойған үйлерінің құжатын ала алмай жүр. Соның салдарынан олар кез-келген уақытта басыбайлы баспанасынан да айырылып қалуы мүмкін.
Подробнее...






