3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Полиция қандай жағдайда қару қолданады?

Қордайдағы қақтығыс біздің қоғамдағы полиция мәртебесіне қайта үңілуге мәжбүрледі. Заң өкілінің жағасына жармасуға көлденең көк аттының дәті қайдан барды? Шындығында, тәртіп сақшыларына жасалған шабуылдың алғашқысы емес бұл. Біздегі заң әлсіз бе, әлде полицияның рөлі мүлдем құлдырап кеткенінің нышаны ма? Құқық қорғау қызметкерлері қандай жағдайда қару қолдана алады өзі?

Подробнее...

Алматы әкімі халыққа есеп берді

Жұмыс істейтін алматылық жастарға арнайы бағдарлама қабылданды. Ол арқылы жеңілдетілген несиемен баспана сатып алуға мүмкіндік жасалмақ. Ал үйлерін көгілдір отынмен қамту үшін 0 пайызбен несие берілетін болады. Алматы тұрғындарына тағы да қандай жеңілдіктер қарастырылған. Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру жиналысына қатысып келген тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Жұмысшылар екі айдан бері жалақы алмаған

Жалақының орнына компьютер бермекші! Екі айдан бері айлық алмаған Қызылордадағы май құю бекетінің жұмысшылары осылай деп арнамызға шағымдарын айтады. Былтырғы жылдың ақпан айынан зейнетақы қорына аударылатын төлемдері де тоқтапты. Сонда да жұмыстарын тастамай, берген жалақысына көніп келген жұрттың бүгінде шыдамы таусылған. Басшылар әр апта сайын «қарыздан құтыламыз» деп уәдені үйіп төгуден шаршамай келеді, дейді.

Подробнее...

Үйлер құжат жүзінде ғана жөндеуден өткен

Бүгінде не көп? Тұрғын-үйлердің мәселесін шешуі тиіс мемлекеттік бағдарламалар көп. Солай ғой? Әсіресе өңірлерді жанғыртуға бағытталғандары жетіп артылады. Алайда, олар саны бар, сапасы жоқ дүниеге айналып бара жатқандай. Өйткені қағаз бойынша бәрі жоспарға сәйкес жүзеге асып, халықтың пайдасына жарап жатыр әйтеуір, ал шын мәнісіне келгенде картина мүлдем басқа. Мәселен, арнамызға хабарласып, шағымын жеткізген жезқазғандықтар соның айқын дәлелі. Мемлекеттік бағдарламамен үйлері …

Подробнее...

Артық майды алдырмақшы болған көпбалалы ана көз жұмды

«Сұлулық құрбандықты қажет етеді» демекші елімізде пластикалық хирургияның кесірінен көз жұматындар көбейген. Бірнеше күн бұрын Алматыда көпбалалы ана көз жұмды. Жас келіншек артық майынан арылу үшін осы қызметке жүгініпті. Қазір клиника жабылып, оған кәнәлілерден полиция жауап алуда. Ал, Алматы облысында бір жыл бұрын бетін әдемілемек болған 59 жастағы келіншек жекеменшік клиникада көз жұмды. Алайда бір жылдан бері істі тергеген полицейдер …

Подробнее...

Газбен жүретін көліктер автотұраққа кірмейді

Газбен жүретін көлік иелеріне автотұраққа кіруге тиым салынады. Бұл шектеуді Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалған шара деп түсіндірді. Бірақ көлік иелері бұл норманың пайдасы шамалы деп отыр. Ал машиналарға газ балондарын орнатумен айналысатындар қазірден бастап қандай шығын келерін болжай бастаған.

Подробнее...

Суретімді «Педофил осы» деп таратып жіберді

Ақтөбеде 9-жасар оқушы қызды өз үйінде зорлаған айуанның ісі сотқа түсті. Сұмдық жағдайға қатысты соталды тергеу жұмыстары екі айға созылды. Ал «педофил осы екен» деп қала тұрғындары бір-біріне әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген суреттегі жігіт өзінің судан таза сүттен ақ екенін дәлелдей алмадым деп шарқ ұрып жүр. Оның суретін жалпақ жұртқа жария еткен кім?

Подробнее...

Шаруалар: Субсидиядан қағылдық!

Тындырымсыз тірлік! Түркістан облысында жүздеген шаруа әкімнің қызметтен кетуін талап етіп отыр. Шардара ауданы, Көксу ауылының тұрғындары жергілікті биліктің жүйесіз әрекетінен субсидиядан қағылдық дейді. Соның салдарынан миллиондаған қаржыларын ала алмай жүр. Ал, әкімдіктің жауапты мамандары бар кінарат бізде емес, қаражатқа тапсырыс бермеген өздерінен көрсін деп отыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

Подробнее...

Қазба байлықтар таусылып барады

Алдағы онжылдықта Жезқазған, Сәтпаев, Зырян, Риддер сынды өндірістік қалалар құрдымға кетуі мүмкін. Өйткені, елімізде пайдалы қазбалар сарқылудың сәл ақ алдында тұр. Бүгінгі өткен үкімет сағатында осыған жауапты министр алаңдатарлық болжам жасады. Нақтырақ айтсақ, алдағы 10-15 жылда елімізде мыс, қорғасын сынды металлдардың тапшылығы туындауы ықтимал. Оған кеңес заманында ашылған кен орындарының әбден тозуы, геолог мамандардың жаңа барлау жұмыстарын өз деңгейінде жасамауы …

Подробнее...

«Черная касса» ойнап, миллиондаған қарызға батуда

«14 мың теңге жібер де, 114 мыңды ұтып ал. Ештеңе істемейсің, тек артыңнан 2 адамды тіркесең болғаны». Екі күннен бері желіде желдей есіп жүрген мұндай хабарламаны сіз де көрген боларсыз? Тіпті, сеніп қызыққан да шығарсыз. Енді ше? Теңгесін салып, бір сәтте байып жатқандар сағат сайын артып жатса. Бірақ, асықпаңыз, мамандар бұл қаржылық пирамиданың жаңа бір түрі екенін айтып, ескертіп отыр. …

Подробнее...
X