3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Коронавирус: Қытай ауруын жасырғандарды өлім жазасына кеспек

Қытай билігі коронавирус жұқтырғанын қасақана жасырған азаматтарды өлім жазасына кеспек. Ал әлемде осы дертпен ауырып жатқандар саны 70 мыңнан асып кетті. Бізде жағдай қалыпты. Ухань қаласынан эвакуацияланған студенттер 14 күндік карантиннен шығарылды. Бірақ бақылау мұнымен бітпейді. Олар алдағы 10 күн бойы жергілікті медициналық қызметкерлердің қадағалауында болмақ. 2 апта бойы студенттерге қандай ем-шаралар жүргізілді? Олар Қытайға қайтуға ниетті ме?

Подробнее...

Мал жаятын жер таппай отырмыз

Түркістанда шарулар жайылымға жер таппай отыр. Салдарынан қора толы мал мен үйір-үйір жылқыны ауыл іргесінен ұзата алмай әлек. Тіпті, есік алдында жаюға мәжбүрміз дейді. Өрісін кеңейте алмай жүрген кейбір тұрғындар енді амалсыз мал басын азайтып жатқан көрінеді.

Подробнее...

Күніне 15 сағаттан жұмыс істетіп, ақша төлемей отыр!

«Түркістанды абаттандыруға атсалысып, ақшамызды ала алмай жүрміз!» Осылай деп арнамызға бірнеше кәсіпкер арызданды. Олар облыс орталығында қосалқы мердігер ретінде құдық қазу жұмыстарын жүргізген. Алайда, миллиардтармен жұмыс жасайтын еліміздегі алпауыт компания біздің ақымызды алты айдан бері бере алмай отыр дейді.

Подробнее...

Ашынған саудагерлер шу шығарды

https://youtu.be/mgAf3kJ0SY4 Талдықорған әкімдігі көшедегі жабайы саудамен күресеміз деп, саудагерлерді ашындырып алды. Бір ай бойы әбден құрғақ уәдеге тойған әйелдер бүгін облыстық әкімдікке барып, шу шығарды. Өңір басшысы Амандық Баталовпен кездесуді талап етті. Тіпті, жолдарын бөгеген тәртіп сақшыларына бағынбай, ішке басып кірмек болды.

Подробнее...

Алматыдағы «Жібек жолы» базарынан шу шықты

Алматыдағы «Жібек жолы» базарынан тағы да шу шықты. Қызыл сызықта деп танылған 40-тан астам техникалық қызмет көстеу орталығын сот бұзу туралы шешім шығарған. Алайда кәсіпкерлер кәсібін ары қарай жалғастыру үшін басқа жер бермей отырғанына наразы. Салдарынан мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Базар әкімшілігі өздері шағын дүңгіршек жасап соның әрқайсысын 2 миллион теңгеден сатып алуды ұсынған. Оның өзі уақытша жұмыс …

Подробнее...

Ерлан Нұрғалиевті мерт қылғандарды қандай жаза күтіп тұр?

https://youtu.be/RpSw_w6cRG0 «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті мерт қылғандар өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қорықшыны өлтірген үш браконьерге мемлекеттік айыптаушы осындай жаза тағайындауды сұрады. Қарағанды облысында өтіп жатқан сот процесінде өзге тағы төрт браконьерге де қатысты да прокурор жаза сұрады. Ол қандай жаза?

Подробнее...

15 балаға 159 мың теңге төленеді

Сегіз және одан да көп балаға 159 мың теңгеге дейін жәрдемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында белгілі болды. Осыған дейін жәрдемақының максималды мөлшері 75 000 теңге болғанын білесіздер. Енді міне, көпбалалы отбьасылар үшін осындай сүйінші жаңалық, Әлеуметтік салаға қатысты тағы қандай өзгеріс болады.

Подробнее...

Қаржылық пирамидаға 300 мың теңгеден санап берген

Ақтөбеде жүздеген салымшы тағы да жер сипап қалды. Оңай олжаға кенелем деп ойлағандар 300 мың теңгеден қаржылық ұйымдағылардың қолына санап берген. Ақшаны алатын уақыт келгенде кеңсеге барса, уәдені үйіп-төккен басшы да жоқ, не еселеп қайтады деген ақшалары жоқ да. Енді кімнен сұрарларын білмей дал. Салымшылар неге экс-әкімнің орынбасарын үйіне іздеп барды? Шендінің бұған не қатысы бар?

Подробнее...

Жаңа емханаға жарымай отыр

Облыс орталығында тұрса да, жаңа емханаға жарымай отыр. Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылының тұрғындары әлі күнге ескі амбулаторияда ем қабылдап жүр. Жарты ғасыр бұрын салынған ғимарат әбден тозығы жеткен. Оның үстіне заман талабына сай келмейді. Жергілікті әкімдіктің жаңа нысан салып береміз дегеніне де бірнеше жыл бопты. Осылай құрғақ уәдеге тойған тұрғындар қазір емханаға үреймен барып жүргендерін айтады.

Подробнее...

Балалар ойыншықтары қауіп төндіруде

Байқаңыз, балаңыз уланып қалмасын! Елімізге шетелден кірген ойыншықтардың жартысынан көбі ешқандай санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Дені Қытайдан жеткізіледі. Басқа аймақтарды қайдам, бақылауды қатырып жүрміз деп ақталған бас қаланың өзінде жағдай мәз емес. Қара базардағы ойыншық сататын дүкендерге барған әріптесіме бірде-бір кәсіпкер құжат көрсете алмады. Жоқ өйткені. Сонда балаларымыз немен ойнап жүр? Қауіпті тауардардан зардап шеккендер бар ма?

Подробнее...
X