Аралда қалған ауыл! Түркістан облысында мыңнан астам тұрғыны бар елдімекен автобусқа жарымай отыр. Ауылға қоғамдық көлік келмейтін болғандықтан, олар таксимен қалаға қатынауға мәжбүр. Ал, ақшасы жоқ қарапайым тұрғындар көрші ауылға жаяу қатынап, сол жерден автобусқа отырады екен. Жергілікті тұрғындардың бұл проблемасын аудан әкімдігі жақсы білсе де, мәселе неге шешімін таппай келеді?
Подробнее...Новости
Қордай оқиғасы: Арандатқан үш адам анықталды
Қордай ауданындағы жағдайға байланысты ұлт арасына іріткі салып, зорлық-зомбылық жасауға шақырған үш адам ұсталды. Олар әлеуметтік желі арқылы халықты арандатып, заң бұзушылыққа баруға үгіттеген. Осыған орай Бас прокуратура азаматтарды арандатуға түсіп қалмауға шақырады. Сондай-ақ, кикілжің ортасынан келген Үкіметтік комиссия мүшелері де аймақтағы жағдаймен бөлісті.
Подробнее...Волонтерлік енді еңбек өтіліне кіреді
Енді шенеуніктер көшеде қоқыс теріп, жоғалған адамды іздеуге көмектеседі. «Волонтерлар жылын» ресми түрде ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Еріктілер жұмысы енді еңбек өтілі ретінде есептеледі және құжатқа жазылады. Волонтер болып ерекше көзге түскен студенттердің шәкіртақысы көтерілетін болады.
Подробнее...Қыз алып қашуда оңтүстік көш басында
Түркістан облысы – бойжеткендерді ең жиі алып қашатын өңір. Осындай жағымсыз үрдісті аймақ прокуратур өкілдері мәлім етті. Жалпы өткен жылы елімізде қалыңдыққа 210 бойжеткен ұрланған. Араларында келін болуға келіспегенді зорлағандар да бар. «Салтымыз» деген сылтаумен жасалатын теріс үрдісті қалай тоқтатамыз? Мамандар не дейді?
Подробнее...Сот зорланған қыздың ісін кері қайтарған
Ақтөбеде туысқаны екі жыл бойы зорлап келген мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп шарқ ұрды. Ол қылмыскерді қатаң жазалауды сұрап отыр. Бұған дейін сотқа жолданған іс прокурорларға кері қайтарылған. Өйткені, судья зорлау оқиғасы болған күнді нақтылауды талап етіп отыр екен. Ал жәбірленген бойжеткеннің қорғаушысы мен анасы, өзі әрең сөйлейтін, мүгедек, дімкәс қыздан оны анықтау қиындық келтіретінін айтты.
Подробнее...Көлгінов көңілден шықты ма?
Парамен ұсталған қызметкері үшін Алтай Көлгінов жұмысынан кете ме, жоқ па? Бүгін халыққа есеп беру кезінде Нұр-Сұлтанның әкімі осы сұраққа жауап берді. Бірнеше сағатқа созылған жиында елорда басшысына неше түрлі сұрақ қойылды. Дені бұған дейінгі әкімдерге де қойылған, жауыр болған мәселелер.
Подробнее...Қордайдағы қақтығыстан кейін төрт адам қызметінен кетпек
Қордай қақтығысы: Қанша адам ұсталды?
Қордайдағы тәртіпсіздік кезінде 19 полицей жарақат алған. Оның тоғызына қарсы оқ атылған. Бұл туралы Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев мәлім етті. Елордаға келіп соңғы деректермен бөліскен ол, Қырғызстанға үдере қашқандарды қайтару жолында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын да жеткізді. Ішкі істер министрлігінің өкілдері қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтқанымен, қанша адам ұсталғаны туралы тіс жармады.
Подробнее...Қордай қақтығысы: Зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккендер саны ұлғайды. Бұған дейін 170 адам делінген еді, бүгін жаңа дерек жарияланды. Денсаулық сақтау вице- министрі Камалжан Надыровтың айтуынша, нақтыланған деректер бойынша 182 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазіргі таңда олардың 41-і ауруханаларда жатыр екен. Түрлі дене жарақатын алғандардың 29-ы Алматыда, 12-сі Жамбыл облысында ем-дом қабылдауда. Бес адамның жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөлімінде қалып отыр. Олардың екеуінің …
Подробнее...Экс-әкім Асқар Мырзахметов несімен есте қалды?
Қордай ауданындағы оқиғадан кейін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен босатылды. Осы өңірді екі жылдай басқарған шенеунік бұған дейін де Тараздағы келеңсіз жағдай үшін Президенттен ескерту алған болатын. Ол Әулиеата аймағына жетекшілік жасаған кезде несімен есте қалды? Талай жауапты қызметерді атқарған шенеуніктің саяси карьерасы ары қалай қалай болмақ?
Подробнее...






