Рекордтық көрсеткішке жетті! Қытайдағы коронавирусты жұқтырғандардың қатары бір тәулікте 3 мыңға артып, 43 мыңға жуықтады. Ал бақилық болғандар саны мыңнан асты. Алайда бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Тексеруден өтпей, дәрігерлерге қаралмай жүргендері әлі қаншама. Ал әлеуметтік желіде қытайлар вирусты әдейі ойлап тапқан деген ақпарат тарауда. Оған қатысты өздері қандай жауап қатты? Біздің елдегі ахуал қандай?
Подробнее...Новости
Әскери билетті сатып алуға бола ма?
Әскери билет сатылады! Ақ билет, яғни жарамсыздықты айқындайтын құжат — 100 мың теңге. Көк, борышын өтеді деген билет — 150 мың теңге. Қазір әлеуметтік желіде осы тектес хабарландырудан көз сүрінеді. Ақшасын төлесең болды, мекен-жайыңа дейін жеткізіп береді-мыс. Бірақ, өтінішіңді орындаушылар клиентпен бетпе-бет кездеспейді. Тек мессенджерлер арқылы тілдесіп, тауарды 3-4 күнде жасап береміз деп уәде береді. Қолдарынан келмейтіні жоқ, әскери билеттен …
Подробнее...Астананы су басуы мүмкін
Елорда су астында қалады. Егер коммуналдық қызметтер дер кезінде қала ішінен қарды шығармаса. Еліміздің бас құтқарушысы Алтай Көлгінов басқаратын әкімдікке осындай ескертпе жасады. Маман басқа өңірлерде де су басу қаупі барын жасырмайды. Нақты бұл қай аймақтар?
Подробнее...Спортшыларды басшылары мезі қылуда
Бір-бірімізден ақша сұрап жүрміз! Ақтөбенің волейболшылары екі айдан бері жалақысыз жүргендерін айтып, шағымданды. Волейболдан жоғары лигада ойнайтын спортшыларға облыстық федерация лицензиясын бермей қойған. Енді спортшылар не басқа клубқа ауыса алмаймыз, не ел чемпионатына қатыса алмаймыз дейді. Екеуара дау неден шықты?
Подробнее...Шымкенттіктерді ашындырған жағдай
Ақшамызды бердік, үйіміз қайда? Шымкентте баспана құрылысына миллиондап ақша құйған үлескерлер пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр. Жарнамасы жер жарған тұрғын үйдің құрылысы мерзімінен кешігіп жатыр. Соның салдарынан үйге телмірген үлескерлер пәтер жалдап, ай сайын қосымша ақша шығындауға мәжбүрміз дейді. Тұрғын үй кешенінің уақытылы берілмеуіне не себеп? Үлескерлерді сан саққа жүгірткендер кім?
Подробнее...Қаржы пирамидасына 5 млн салғандар алданды
Оңай олжаға кенелем деп жүріп, жер сипап қалды. Ақтөбеде қаржылық пирамиданың басшылары қамауға алынды. Ал салымшылардың әрқайсысы 300 мыңнан 5 млн теңгеге дейін апарып берген. Соған қарамастан, кеңсе алдына жиналғандар пирамиданың иелерін босатуды сұрады. Өйткені, ақшасын өз қолдарымен апарып берген ұйымды қаржылық пирамида деп ойламағандарын айтып отыр.
Подробнее...«ҚазАгро» жазылмайтын ауруға айналды
Еліміздің бюджеті шығыннан басқа ештеңе әкелмейтін холдингтерден жапа шегіп отыр екен. Мәжілісмендер бүгін қазынаның миллиардтарын жоқ қылған Қазагроны тағы тілге тиек етіп, «ауру» деп атады. Депутаттар алдында жауап алған Қаржы министрі бұл дерттің дауасы табылғанын айтып, биыл холдинг табыс әкеледі деп сендіріп көрді.
Подробнее...Қордай: Масаншыдағы ахуал қалай?
Жамбыл облысының Қордай ауданында бүгіннен бастап, балабақшалар мен мектептер қайта жұмысын бастады. Жергілікті мұғалымдер жұмысқа шығып, оқу бағдарламасы жалғасуда. Ал Жамбыл облысының әкімі Асқар Мыразахметов жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген, зақым келген мүліктер қалпына келтіріліп, марқұм болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Мәжіліс депутатары зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударса, еліміздің кей өңірлерінне гуманитарлық көмектер жөнелтілуде. Ал, құзырлы органдар 25 қылмыстық …
Подробнее...Масаншы оқиғасы: 14 адамның жағдайы ауыр
Жамбыл облысындағы кикілжіңнен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті. Ал зардап шеккен 14 адамның халі әлі де ауыр. Олардың көбі оқ тиіп, жараланған. Еліміздің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров Масаншы ауылында зардап шеккендер жайын айтып берді. Ал, құзырлы орган өкілдері жаппай төбелестің себебін атады.
Подробнее...«Астана аренаның» төбесі опырылды
Осыдан 11 жыл бұрын 185 миллион АҚШ долларына салынған «Астана аренаның» төбесі опырылып құлады. Стадионның шатыры қардың салмағын көтере алмапты. Оқыс жайт кезінде алаңда жаттығу жасап жүргендер «төбемізге бірнеше тонналық құрылыс материалы құлай жаздады» деп мәлімдеді.
Подробнее...






