10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Су жаңа мектеп шатырсыз қалды

Түркістан облысында 400-ден астам бала оқитын мектептің шатырын жел ұшырып әкетті. Дауылдың екпіні қатты болғаны сонша, бірнеше тонналық құрылыс материалдарын бір шақырым жерге дейін лақтырып тастаған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Осылайша, пайдалануға берілгеніне 6 жыл ғана болған мектеп уақытша жабылды. Басқа нысандардың шатыры былқ етпегенде, жаңа мектептің шатыры сапасыз салынған ба? Әкімдік пен мердігерлер не дейді?

Подробнее...

Жасөспірімді 100 мыңға сатпақ болған

Досын 100 мың теңгеге сатпақшы болған оралдық оқушылар іздестірілуде. Хабарлама танымал отандық сайттардың бірінде жарияланыпты. Алайда құзырлы органдарға шағымданып, еш нәтиже көрмеген баланың анасы арнамызға хабарласып көмек сұрады. Оның сөзінше, ұлын сыныптастары ұрып-соғып, төрт қабырғасын сындырған, одан қалды күніге ақшасын бопсалаған. Енді баласы мектепке барудан қалып, жекеменшік орталықтарда оқып жүрген көрінеді.

Подробнее...

Колледжде студенттер пышақтасты

Ақтөбеде студенттер бірін-бірі аудиторияда пышақтап тастады. Сорақысы — тәртіпсіздік жасаған тағы да Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университеті жанындағы колледждің студенттері. Кеше ғана дәл осы оқу орнының 2-курсының студенті жарақат алған еді. Екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар ма? Зардап шеккен жігіттің жағдайы қалай?

Подробнее...

Медициналық маска тапшы

Коронавирус маска саудасын қыздырып тұр. Алысқа бармай-ақ, бас қаланың өзінде шөп арасынан ине іздегеннің кері. Бетперде тапқан күннің өзінде бағасын бірнеше есеге шарықтатып жіберген. Ал кей пысықайлар өзіміздің аузымыздан жырып, Қытайды қарық қып жатқан көрінеді. Енді мұндай пайдакүнемдікке жол берілмейді.

Подробнее...

Мәдениет үйі тозып барады

Алматы облысы Панфилов ауданындағы Мәдениет үйі күннен күнге тозып барады. Архитектуралық жобасы ерекше нысанды кезінде екі мәрте Социалистік Еңбек ері Никита Головацкийдің өзі салдыртқан екен. 30 жылға жуық тарихы бар ғимараттың төбесінен қазір су өтіп, сылағы түсіп жатыр. Күрделі жөндеуден өткізбесе мәдени ошағымыздан айырылып қаламыз дейді тұрғындар.

Подробнее...

Астанада тағы да бұрқасын

Елордада тағы да боран. Қалаға қалың қар түсті. Синоптиктер боранмен қосарлана бүгін жаңбыр жауу мүмкін, дейді. Жауын-шашыннан бөлек, кешке ауа-райы кенет жылуы ықтимал. Термометр бағандары қаншаға дейін көтеріледі?

Подробнее...

Кәсіпкер базадан өз тауарын ала алмауда

https://youtu.be/McJOXYbR6eg Бір жылдан бері жалға алып жұмыс істеп келген кәсіпорын қызметкерлері бір аптадан бері жұмыс орындарына кіре алмай жүр. Ғимаратты жалға берушілер себебін түсіндірместен есіктерін тарс жауып алыпты. Байланысқа тек телефон арқылы ғана шығатын олар жоғары жақта танысымыз бар, қайда барсаңдар, онда берыңдар деп міз бақпауда екен. Өзге амалы қалмаған кәсіпкер полиция арыз жазуға мәжбүр болған.

Подробнее...

Пәтер кілтін ала алмай жүргендер зары

Елордадағы көпқабатты үйдің тұрғындары коммуналдық ақыны заңды тұлға ретінде төлеп келеді. Ақысы да жеке тұлғадан екі үш есе қымбат екен. Пәтер иелері 2-3 айдан бері артық ақша шығарып жүргендеріне наразы. Оның үстіне, пайдалануға берілген бір бөлігінің өзінде тұрмысқа қажетті коммуналдық қызметтер бір күн болса, екінші күні болмайды екен. Ашынғандар, жеделсатылардың да жағдайы мәз емес деп шағымданып отыр.

Подробнее...

Тағы бала зорланды ма?

Екі жыл бойы баласының зорланғанын дәлелдей алмай жүрген ана арнамыздан көмек сұрады. Түркістан облысының тұрғыны 13-тегі ұлының мектепте зәбір көргенін айтып арызданыпты. Жергілікті полицейлер мен құзырлы орган қызметкерлері істі жабуға амал жасаған дейді. Ал мектеп ұжымы «зорлады» деп отырған балаларға шаң жуытар емес.

Подробнее...

«Командамен ауысу» тыйылар емес

Елімізде шенеуніктер арасында «командалық ауысу» үрдісі жойылар емес. Мұндай жағдай түрлі билік деңгейін жайлаған. Тіпті, әкімдер жаңа жұмысқа өткенде 30-ға жуық «жандайшаптыларын» ертіп жүреді. Мұнымен қоймай президентке де қызмет тағайындалғандар туралы өтірік есеп береді екен. Бұл теріс үрдіс несімен қауіпті?

Подробнее...
X