10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Ақтөбеде студентті пышақтап кетті

Ақтөбеде тал-түсте студентті өзі оқитын жоғары оқу орнының маңында пышақтап кетті. Қан жоса болған 19 жастағы жігітті кездейсоқ адамдар жедел жәрдеммен емес, жеңіл автокөлікпен ауруханаға жеткізген. Оған жауыздық жасаған кім? Жағдайы қалай?

Подробнее...

Балаларға арналған орталық көмекке зәру

Семейдегі биологиялық орталықтың айналасындағы шу әлі де басылар емес. Бір күні сілеусінді қасқыр талап өлтіреді. Екінші күні пониды директордың тапсырмасымен бауыздап, етін сатып жібереді. Балаларға арналған орталықта өзі не болып жатыр?

Подробнее...

Ұстаз мәртебесі

Бұдан былай мұғалімдерге дөрекі сөз айтып, интернетке ұстаздар туралы жалған ақпараттар салсаңыз жазаға тартыласыз. 31 желтоқсанда қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңда осындай норма бар. Сондай-ақ, биылдан бастап білім саласының қызметкерлері сенбіліктен, сайлау, санақ жүргізу, жалпы өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан босатылады. Бірақ, бір ғана заңмен мұғалімнің мәртебесін көтере аламыз ба?

Подробнее...

Қара домбыраны қор қылды

Қасиетті қара домбыраны сындырып, ұлттық құндылықты қор қылған жігітті әлдекімдер ұрып соққан көрінеді. Енді өміріне қауіп төніп тұрғанын сезген ол елден кешірім сұрап әлек. Ал біздің заңның осал тұсы осындайда айқын байқалып отыр. Өйткені қасиетті аспапты қиратқан азамат жазасыз қалайын деп тұр. Алайда өзге ұлттың өкілінен не сұраймыз, ұлттық құндылықтарды мазақ еткен қазақ жастарын да көрдік осыған дейін.

Подробнее...

Үйімізде тарақан, егеуқұйрық қаптады!

Тұрғындар шағымына ешкім құлақ асар емес! Елорданың «Жағалау» ауданындағы көпқабатты үйде түрлі зиянкестер қаптап барады. Біз бұл түйткілді осыдан екі ай бұрын эфирден көрсеткен болатынбыз. Содан бері, егеуқұйрықтар саны бірнеше есе артпаса, азаймапты. Бұқараның сөзінше, эпидимиолог мамандар дезинфекция жұмыстарын жүргізгенімен, одан еш қайран жоқ.

Подробнее...

Қаңтардағы апаттар

Австралиядағы өрт, Қытайдағы коронавирус, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстар, Украинадағы ұшақ апаты, табиғат ананың мінез танытқаны тағы бар. Тышқан жылы басталарда одан біраз жақсы жаңалық күткеніміз рас, бірақ амал нешік, оның алғашқы 30 күнінде-ақ «әттегенай» деген тұстары бәленбай болып шықты. Жоғарыдағы мысалдар соның бір парасы ғана. Ал әрі қарай не болады? Мәселе қашан шешіледі? Қазір көптің көкейінде жүрген сұрақтар осы. …

Подробнее...

Аборт жасату үшін рұқсат алу керек пе?

Қазақстандық әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз аборт жасатпауы керек! Магеррам Маггерамовтың осы ұсынысын кейінгі уақытта талқыламаған адам кемде-кем. Бірі бұл әйелдердің құқығын шектеу десе, екіншілері керісінше ойға қонымды бастама деп пікір айтуда. Сонымен, Мәжіліс депутатының бұл бастамасының астарында не жатыр? Жыл сайын жасанды түсік жасататындардың саны артып келе ме?

Подробнее...

Ауыл бюджеті қайда кетіп жатыр?

Соңғы екі жылда ауыл әкімдері бюджеттерін әлеуметтік жағдайды жақсартудан гөрі, өздерінің аппарат қызметіне көптеп жұмсап келеді. Еліміздегі қоғамдық қордың бірі осындай мәлімдеме жасады. Арнайы зерттеу жүргізген ұйым елді мекендер «Төртінші деңгейлі бюджет» жүйесіне өткелі жергілікті биліктің тағы нені қаперден шығарғанын толық тізбектеген. Жалпы, «Төртінші деңгейлі бюджет» деген не? Әкімдер миллиардтаған ақшаны қайда жұмсауда?

Подробнее...

Коронавируспен күреске 3,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін тағы 8 отандасымыз коронавирус ошағынан шығарылды. Олар енді 14 күн бойы Өзбекстан мен Ресей дәрігерлерінің қарауында болады. Ал бүгін Қаржы министрі індетпен күреске үкімет резервінен 3,5 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Қаржы қандай мақсатта жұмсалады? Біздің емханалар коронавируспен күреске қаншалықты дайын?

Подробнее...

Сотталғандарға жұмыс ұсынылды

Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан 500 азамат алдағы уақытта тұрақты жұмыспен қамтылады. Жалақысы да аз емес, орта есеппен 80 мың теңгеден жоғары. Бірақ, мұндай мүмкіндік барлығына бірдей берілмейді. Тек, абайсызда қылмыс жасаған, жаза мерзімі аяқталуға жақын азаматтарға ұсынылмақ. Тіптен, осы санаттағы сотталғандарға арнайы қызметкерлердің бақылауымен қалаға барып жұмыс істеу бақыты бұйырып тұр.

Подробнее...
X