Солтүстік Қазақстандағы Айыртау ауданының тұрғындары жерсіз қалуы мүмкін. Осыған дейін пайларын беріп, егін егіп келген шаруашылық қарызға белшесінен батып, жер мен мүлкі саудаға шығарылған. 5 ауылдың тұрғындары осыған дейін тиісті үлесін там-тұмдап қана алып келген болса, енді мүлдем егін мен жайылымсыз қаламыз ба деп қауіптеніп отыр. Осыған байланысты аудан басшығы мен тиісті мекемелердің шара қолдануын сұрап аудандық әкімдікке жиналды.
Подробнее...Новости
Бекболат Тілеухан: Елдің жүйкесі әбден жұқарды
Бұдан былай әлеуметтік желіде лотерея ойнататын әнші-әртістер, жұлдызсымақтар жауапқа тартылады. Мәдениет министрі бүгін Мәжіліске осындай заң жобасын алып келді. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, халыққа «батпанқұйрықты» үлестіретіндер алдымен лицензия алу керек. Егер тиісті рұқсаты болмаса онда оларға айыппұл салынады.
Подробнее...Апатқа кезекші кінәлі ме?
Шамалған стансасындағы автобус пен пойыз апатына қатысты іс бойынша басты сот отырысы басталды. Тергеу қортындысына қарағанда темір жол өткеліндегі кезекші кінәлі деп танылған. Егер айыбы дәлелденсе 60 жастағы Досбатыр Ахметжанов 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Подробнее...Қытаймен сауда тоқтаған жоқ
Коронавирус төңірегіндегі шудан пайда тапқысы келетіндер жазаланады! Шекара жабылғанын сылтауратып, бағаны шарықтатқан сатушылар туралы хабар беріңіздер, деп сауда министрлігі халықтан көмек сұрауда. Сөздерінше, импорт-экспорт жағынан мәселе жоқ. Бірақ аспан асты еліне турпакеттер сатып қойған фирмалар шығын көріп отыр екен. Демалысы бұзылған отандастарымыз енді қайтпек?
Подробнее...Жұртты жалықтырған жиын
«Қазіргі әкімдер мен министрлердің халыққа есеп беру жиындарына қасаң цифр, көзбояушылық пен формализм көп». Жиналыстардан шаршаған Парламент депутаты Мұрат Бақтиярұлы осындай мәселе көтерді. Күнделікті жұмыстарын тізбелеп беретін шенеуніктердің баяндамасын тыңдау үшін өңірлерден келетіндер қыруар қаржы шығындайды екен. Сонымен, халық алдындағы есептік кездесулердің форматын қалай өзгерту керек?
Подробнее...Азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі!
Елдегі азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі! Өңір басшылары аймақта тауардың бағасы артқанына бас ауыртпайды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметте әкімдерді осылайша сынады. Ведомство басшысы базарларда алыпсатарлардың қаптағанын да мәлімдеді. Тауарды тонналап сатып алып, кейіннен құнын қымбататып сататындарға қарсы да шара қолданылмақ. Қалайша?
Подробнее...Төтенше жағдай жалғасады
Елордада төтенше жағдай режимі әлі біраз уақыт сақталатын түрі бар. Өйткені алдағы климаттық ахуал көңіл көншітпейді. Қалың жауған қардан бөлек, температураның жоғарылауы да төтеншеліктерді алаңдатып отыр. Алда қандай күн райы күтіп тұр? Неге дайын болуымыз керек?
Подробнее...Депо басшысы жұмысшыларын «пышақтаймын» деп қорқытқан!
«Сен менің қанымды іштің, қазір пышақтаймын!». Қарағанды облысындағы локомотив пайдалану депосының басшысы қоластындағы жұмысшыларын осылай деп қорқытқан. Төзімі таусылып, шыдамы шегіне жеткен жаңаарқалық теміржолшылар бүгін журналистерге бар былықты жайып салды. Бес жыл бойы жалақыға жарымай, тозығы жеткен техникамен жұмыс істеп келген жандар басымызға қауіп төніп тұр дейді.
Подробнее...Шенділер жерді туыстарына бөліп берген
Алматы облысының Кеген ауданында ауыл шаруашылық жерлерін шенділер өз туыстарына бөліп берген. Бірі баласына енді бірі әкесіне, тіпті әйеліне учаске алып берген комиссия мүшелері де бар болып шықты. Жабық түрде өткен конкурста жеңімпаз атанғандар арасында тышқақ лағы да жоқтары бар екен. Ұсынылған 238 гектардан қарапайым тұрғындарға ұлтарақтай да жер бұйырмаған. Мал жаюға жайылым таппай қалған шаруалар БАҚ өкілдерінен көмек сұрады.
Подробнее...Түрмеге жасалған экскурсия
Ал, Павлодарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктерді түрмеге апарып, экскурсия жасатты. Олардың мақсаты пара алудың соңы түзеу мекемесімен аяқталатынын түсіндіру екен. Одан өзге қандай іс-шаралар өткізгенін тілшіміз тарқатады.
Подробнее...






