Алматыда көппәтерлі үйге көмірмен от жағып, әжетханаға далада барады десе ешкім сенбейді. Алайда ондай үйлер қаланың қақ ортасында тұр. Өткен ғасырдың 50 жылдары салынған үй бүгінде тозығы жетіп, апатты күйге түскен. Алайда қала басшылығы оны апатты деп тапқанымен, бұзуға асығар емес. Жақында өрт шыққаннан кейін тұрғындар мүлдем онда тұруға қорқып қалғандарын айтады.
Подробнее...Новости
Өнертапқыш ерекше көлік құрастырды
Ақтөбелік өнертапқыштар ерекше көлік құрастырып шықты. Техниканы көргендер аузының суы құрып, мақтап та жүр. Ол қандай көлік? Құны қанша? Сатып алуға бола ма? Ел мақтаған автомашинаны біздің тілшілеріміз де алғашқылардың бірі болып көріп қайтқан еді.
Подробнее...Бойжеткенді алып қашып, зорлаған
Түркістанда «алып қашудың» құрбаны болған қыз, өзін ұрлаған жігіттің қорлығын жайып салды. Бойжеткенді мәжбүрлеп жар етпек болған еркек оны бірнеше рет зорлаған. Бірақ қылмыс жасаған жігіт те, оған көмектескен үш досы да қазір бостандықта жайбарақат жүр екен. Полицияға арыз жазса да, жанайқайы ешкімнің құлағына жетпеген нәзік жан журналистерден көмек сұрап отыр.
Подробнее...Елімізде 38 адам коронавирус күдігімен ауруханада
Елімізде коронавирус жұқтырды деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 16-нан аталмыш дерттің белгілері табылмаған, ал қалғандарына диагностика жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі бүгін осындай күтпеген ақпарат таратты. Ал Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген 17 жастағы қыздан қауіпті вирус анықталды! Алайда бұл бүкіл әлемді шулатқан коронавирус емес, Гонконг тұмауы екен. Бірнеше күнде бас қалаға вирустың нағыз ошақтарының бірі Ухань қаласынан студенттер жеткізілмек. Дайындық …
Подробнее...Чехияда Абай үйі ашылды
Дана Абайдың Чехияда да үйі бар. Дәл Прага мэриясының қарсы бетінде тұр. Ұлы ойшылдың мерейтойы аясында Еуропа төрінде мәдени-ақпараттық орталық ашылды. Хәкім Абайға арналған нысан чех ұлттық кітапханасының ішінде орналасқан. Оның ішін безендіру үшін екі ұшақ жүк жеткізілген екен. Кітапханашылар мен елшілердің жұмысы қалай бағаланды?
Подробнее...Әуежайлар маңындағы көп үйлер заңсыз салынған
Еліміздің бірнеше өңіріндегі әуежай маңына үйлер заңсыз салынған. Алматыдағы ұшақ апатынан соң зерттеу жүргізген сарапшылар осылай деп дабыл қағып отыр. Әуежай маңындағы құрылыстар мен ұшып-қону белдеулерінің арасы 100 метрге де жетпейді. Жаман айтпай, жақсы жоқ, оқыс оқиға бола қалған жағдайда, жауапкершілікті кім арқалайды?
Подробнее...Жәрдемақыға смартфон алғандар жазаланады
https://youtu.be/NaTRrHi8mng Елімізде Атаулы әлеуметтік көмек алған кейбір отбасылар жауапқа тартылуы мүмкін. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев осындай күтпеген мәлімдеме жасады. Бұған себеп, жетпістен аса жанұя мемлекеттік көмекті заңсыз алып, балаға арналған төлемақыға қымбат телефондар сатып алған. Шенеуніктің шамына тиген де осы мәселе. Сонымен, заңсыз жәрдемақы алған расымен сот алдында жауап бере ме? Бұл тізімдегілер нені білуі тиіс?
Подробнее...Bek Air басшысы жаназада өрескел қылық көрсетті
Бүгін «Бек эйр» ұшағының екінші пилотының денесі жер қойнына тапсырылды. Қаралы жиында оның қызы, әкесінің өз мамандығын шексіз сүйгенін және жұмысқа оралуға асыққанын айтты. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға оның әріптестері мен туыстары келді. Атышулы әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та қара жамылған отбасыға көңіл айтуға келіп, БАҚ өкілдеріне ләм-мим демей, сұхбат беруден бас тартты.
Подробнее...Маңызды нысанды күзететіндердің наразылығы
Атырауда мемлекеттік маңызы бар нысанды күзететін бір топ жұмысшы наразылық білдірді. Олар, өздерінің орнына таңдалып алынған компанияға ашулы. Себебі, құрылғанына бес ай болған күзет фирмасының жұмысшыларында стратегиялық ғимараттарды күзету үшін арнайы техникасы да, қару-жарағы да жоқ екен. Сол себепті, 2 мың шақырым құбырды жалаң қолмен қарауылдамақ. Ал, осы жерде бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген бұрынғы фирманың тәжірибелі күзетшілері жұмыссыз …
Подробнее...Емші коронавирусқа қарсы ем-дом ойлап тапты
Қазақстандық көріпкел Қытайдан тараған қауіпті дерттің емін тапты. Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны Бейне Қаржаубаева аты жаман аурудың бетін қайтармақшы. Ол жаңа вирусты тылсым күштің әсерімен жоқ қыла алам дейді. Бүкіл әлем короновирусқа қарсы вакцина таба алмай жатқанда, отандасымыз қандай амал тапқан?
Подробнее...






