Жамбыл облысында 250-ден астам қожалық бас көтерді. Зауытқа 126 мың тонна қант қызылшасын өткізген шаруалар, жарты миллиард теңгеге жуық ақшаларын ала алмай жүр. Алдағы уақытта мәселе біржақты шешілмесе, зауытты қоршауға алатындарын жеткізді. Ай-күннің аманында адал еңбектерінің нәпақасына қол жеткізе алмай жүргендер неге ашулы?
Подробнее...Новости
Bek Air апаты: Екінші пилоттың өліміне не себеп?
https://youtu.be/NtwEtGrHWi0 Алматыда апатқа ұшыраған «Бек Эйр» ұшағының екінші пилоты бақилық болды. Мейіржан Молдақұловтың жағдайы кенеттен нашарлап, «жедел жәрдем» шақыртқан. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Марқұм 21 қаңтарда ғана ауруханадан шығарылған еді. Ал ішкі істер министрлігі оның өліміне не себеп болуы мүмкін екеніне болжам жасады. Ал депутат Азат Перуашев, ұшақ апатына премьер министр мен бас прокурордың назар аударуын …
Подробнее...Коронавирусқа қарсы вакцина әзірленді
Қытайда демалып, елге дене қызуымен оралған көкшетаулық балалардан коронавирус табылмады. Олардан кәдімгі тұмау белгілері анықталыпты. Ал бүгін Қызылордада жергілікті тұрғынның осы инфекцияны жұқтырғаны анықталды деген ақпарат тараған еді. Бұл қаншалықты рас? Көрші елдегі ахуал қалай?
Подробнее...Балабақша ашқан әйел жұртты алдап соқты
Алаяқтың құрығына түсіп кеткен атыраулық бір топ ата-ана арнамыздан көмек сұрады. Балаларын бірі бөбекжайға, өзгесі қосымша білім беру орталығына жіберіп, ақшасын оқу жылының соңына дейін төлеп қойған олар соңында жер сипап қалғандарын айтады. Балабақшаны уақытша жауып, бірақ шығынның барлығын өтеп берем деп жоқ болып кеткен 26 жастағы келіншек ашынған жұртты ертеңімен тойдырып бітті. Шыдамы таусылған ата-аналар бүгін Прокуратораның алдында жиналды.
Подробнее...50 млн теңгенің жобасы жарты жолда қалды
Баянсыз бастама! Түркістан облысында қазынаның қыруар қаржысы жұмсалған жоба аяқсыз қалды. Ордабасы ауданындағы Боралдай ауылына тартылған ауыз су жүйесінің құрылысы жарты жолда тоқтап тұр. Салдарынан 50 млн теңгеге сатып алынған кейбір құрылыс материалдары ұрлана бастаса, енді бірі әлден бүлініп жатыр. Ауылда ауыз су болмағандықтан, тұрғындар елді мекен шетіндегі өзеннен есекпен тасып ішуге мәжбүр.
Подробнее...Зейнетақы қорынан білім алуға қаржы берілмек
Зейнетақы қорындағы қаржыны халық игілігіне пайдаланудың тетігін қарастырып жатқан жұмыс тобында дау шықты. Экономист әрі осы саладағы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов оның құрамынан шыққанын мәлімдеді. Жай кетпей топты басқарған Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов пен экс-министр Тамара Дүйсенованың жұмысын сынады. Оның ойынша, қазіргі схема бойныша қазақстандықтар егде жасқа жеткенде алатын төлемақы жүйесінде оң өзгерістер болмайды. Бұған қарсы тарап не …
Подробнее...Боранда қалған әйел босанды
Ақтүтек апокалипсистің әлегі! Қарағанды облысында қар құрсауында қалған көлік ішінде жүкті әйел босанып қалды. Фельшердің көмегімен дүниеге келген ұл бала да оның анасы да дін аман! Ал осы айда Елордаға жауған қалың қар көлемі соңғы 56 жылда тіркелмепті. Ал мессенджерлерде боранда адасып, қар астында қаза тапқан анасы мен қызының, тағы бір ер адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл …
Подробнее...«Қазақмыс» қызметкерінің жұмбақ өлімі…
Досымыз қасақана өлтірілген. «Қазақмыс» корпорациясының басшысы мен маманын жаралап, өз-өзіне қол салған Тоғызбай Тәжбеновтың достары арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Айтуларынша, қайтыс болған маман өте сабырлы, ешкіммен жанжалдасайтын кісі болған. Жоғары жақтан қысым көрген деп отыр. Істің әділ тергелуін талап еткен жақындары, «Қазақмыс» басшысының қызметінен кетуін талап етуде.
Подробнее...Коронавирус: Қытайдан келген оншақты адам ауруханаға жатқызылды
Қытайдан елге келген 23 адамның қызуы көтеріліп, оның төртеуі ауруханаға жатқызылды. Бүгін еліміздің бас дәрігері осындай мәлімдеме жасады. Науқастардан қан алынып, диагностика жүргізіліп жатыр екен. Оның нақты қорытындысы 3 күннен кейін ғана белгілі болады. Бұлардың барлығы елге эвакуацияланған отандастарымыз. Ал аспан асты еліндегі жағдай тіпті мәз емес көрінеді. Соңғы бір тәуліктің өзінде қауіпті індетті жұқтырғандардың қатары 1771 адамға артқан. Ал, …
Подробнее...Алматылықтарға коронавирус қаупі бар ма?
Қайтадан коронавирус мәселесіне оралсақ. Аспан асты еліне жақын орналасқан мегаполис Алматыға Қытайдан аптасына 20 әуе рейсі келіп қонады екен. Алайда санитар дәрігерлер алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Өйткені, жолаушылар мен экипаж мүшелері жіті тексерілуде. Қалада науқастарды қабылдауға арнайы орындар әзірленіп, емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті. Сондай ақ, дәрігерлер тұрғындарға жаппай маска тағып, дүрлігуге себеп жоқ дейді.
Подробнее...






